1 Өңештің бөліктері және функциясы



бет7/22
Дата02.09.2022
өлшемі57.88 Kb.
#460146
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22
Рубежка

7. БАУЫР

Бауыр- ең үлкен ас қорыту безі. Омыртқасыз жануарларда бауыр ас қорыту және қоректі сіңіру процестеріне қатынасады, сондай-ақ, онда май, көмірсу жиналады. Омыртқасыздардың бауырын кейде бауыр-ұйқы безі деп те атайды, себебі ол омыртқалы жануарлар мен адамның ұйқы безі бөлінетін затқа ұқсас зат (бездердің бөліп шығаратын заты) шығарады. Омыртқалы жануарлар мен адамда бауыр – күрделі орган, ол организмдегі зат алмасу процесіне қатысады әрі онда ас қорыту сөлдерінің бірі – өт түзіледі. Оның ересек адамдардағы орташа салмағы 1,5 – 2 кг. Бауыр іш қуысының оң жақ жоғарғы бөлігіне орналасқан. Бауырдың көк етке жанасып жататын жоғарғы дөңес, төменгі ішкі (висцеральдық) беттері бар. Бұлар бауырды оң(үлкен) және сол(кіші) бөліктерге бөледі. Бауырдың бетінің ортасында бауыр қақпасы деп аталатын көлденең ойық болады. Ол арқылы бауырға артерия, қақпалық вена тамырлары, жүйке талшықтары өтеді де, одан лимфа тамырлары мен өт түтігі шығады. Бауыр қақпасының алдыңғы жағында өт қуығы жатады. Бауыр қорғаныш қызметін де атқарады, яғни тамақ құрамында болып, ішекте сіңірілген зиянды заттар мен белок алмасуының нәтижесінде түзілетін қанның құрамындағы улы өнімдер бауырда залалсыздандырылады. Бауырдың лимфа түзілудегі, қан ұюын реттеудегі және қанның тұрақты құрамын сақтаудағы маңызы өте зор. Бауырда қанмен келген амин қышқылдарынан белоктар, глюкоза, фруктоза, глицерин, май қышқылы түзіледі, сондай-ақ, қандағы көмірсулар бауырда гликогенге айналады. Бауырдағы зат алмасу процестері әр түрлі ферменттердің қатысуымен жүреді, оны жүйке жүйесі мен түрлі гормондар реттеп отырады.

8.Өттің асқорытудағы маңызы:

  1. Өт ұйқы безі сөліндегі липаза ферментінің әсерін күшейтеді.

  2. Өт қышқылдары майды эмульсияға айналдырады.

  3. Май қышқылдары мен глицериннің мицеллалар түрінде сіңірілуіне ықпал етеді

  4. Тұз қышқылын бейтараптап, пепсиннің әсерін жояды.

  5. Ішек қимылын күшейтеді.

  6. 12елі ішек бөліп шығарған просекретин гормонын секретинге айналдырып, ұйқы безінің сөл шығаруын тездетеді.

  7. Нәжістің қалыптасуына қатысады

  8. Майда еритін витаминдердің, холестриннің, кальций тұздарының сіңуін жеңілдетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет