1. Қола дәуірінде далалық малшылар мәдениетін құрушылар


Жоңғар басқыншылығы кезінде Қарақұм құрылтайында қабылданған шешім



бет8/9
Дата01.03.2024
өлшемі0.51 Mb.
#493893
1   2   3   4   5   6   7   8   9
УБТ2023-24 тест алуға

3.Жоңғар басқыншылығы кезінде Қарақұм құрылтайында қабылданған шешім


A)Шекаралық сауданы дамыту
B)Өзара тұтқындар алмасу
C)Сыртқы жаумен келісу
D)Бүкілқазақтық жауынгерлік жасақ құру

4. XX ғасырдың басында Троицк қаласында жарыққа шығып тұрған қазақ журналы


A)«Жұлдыз»
B)«Балапан»
C)«Абай»
D)«Айқап»

5. 1947 жылдары алғашқы өнімін берген түсті металлургия кәсіпорны


A)Павлодар алюминий зауыты
B)Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты
C)Өскемен титан-магний зауыты
D)Павлодар электролиз зауыты
6. Қазақ қоғамында ағаштан киіз үйдің негізін жасайтын шебер
A)ерші
B)зергер
C)ұста
D)үйші
7. Kөшпелі өркениеттің әлемдік тарихқа тигізген әсері
A)Географиялық ашуларға жол ашты
B)Ұлы қоныс аударудың басталудың негізін қалады
C)Отырықшы мәдениетті дамытты
D)Мыс өндірудің бастамасын қалады
8. ХVІ ғасырдың соңында Тәуекел хан қарақалпақ руларының өтініші бойынша оларға берген жері
A)Балқаш маңайынан
B)Ертіс жағалауынан
C)Арал бойынан
D)Жайық алабынан
9. Pесей мен Қытай арасындағы Санкт-Петербург бейбіт келісімі жасалды
A)XX ғасырдың 80-жылдарында
B)XIX ғасырдың 50-жылдарында
C)XIX ғасырдың 80-жылдарында
D)XVIII ғасырдың 80-жылдарында
10. Tарихшы, географ Л.Н.Гумилев тұтқында болған лагерь
A)СТЕПЛАГ
B)ЖЕЗЛАГ
C)КАРЛАГ
D)АЛЖИР

11.


Ұжымдастыру жылдарында қазақ елінің басшылығында болды
A)Ф.Голощекин
B)С.Меңдешев
C)Ж.Шаяхметов
D)Л.Мирзоян
12. Тарихи білімдерді және мәнмәтінді пайдаланып, күштеп ұжымдастыру жылдарындағы жаппай ашаршылық болған жылдарды анықтаңыз
A)1931-1932/1933 жж.
B)1933-1934/1936 жж.
C)1934-1935/1936 жж.
D)1937-1938/1939 жж.
13. Tарихи білімдеріңізді пайдаланып Қазақстандағы ұжымдастырудың зардаптарын сәйкестендіріңіз
1.Ұжымдастыруға тартылған шаруашылық саласы 1931 жылдың көктемі мен күзінің аралығында 15% өсті;
2. Соғысқа дейінгі жүргізілген санақ бойынша халық саны 36,7% құлдырады;
3. Ұжымдастыруға қарсы бас көртеген шаруалар ГУЛАГ жазалауына тартылды.
A.Ашаршылық; В.Шаруалар көтерілісі; С.Жеке шаруашылықты жою.
A)1-В, 2-С, 3-А
B)1-А, 2-С, 3-В
C)1-С, 2-А, 3-В
D)1-В, 2-А, 3-С
14. Ұжымдастыру қарсаңындағы Қазақстандағы мал саны
A)60 млн. астам
B)4 млн. астам
C)40 млн. астам
D)10 млн. астам
15. Mәнмәтінді пайдаланып дұрыс дәйектерді анықтаңыз
1. 1928 жылы ұжымдастыруға барлық шаруашылықтың 2 %-ы қамтылды
2. 1925 жылы Оңтүстігіндегі Созақ ауданында шаруалар толқуы орын алды
3. 1926 жылғы халық санағының қорытындысы бойынша 3 млн 628 мың адамды құрады
4. Ұжымдастыру қарсаңында Қазақстанда мал саны 4,5 млн болды
A)2, 3
B)1, 3
C)1, 4
D)3, 4
16. «Этнос» гректiң «ethnos» – «халық» сөзiнен шыққан. «Этногенез» ұғымы халықтың құрылу үдерісiн бiлдiредi. Қазақ халқы шығу тегiнiң тарихы (этногенезi) өте күрделi.
Қазақстан аумағындағы халықтың құрылу үрдісін үндiеуропалық және түркiлiк кезеңдерге бөлуге болады.
Бiрiншi кезең қола және ерте темiр дәуiрлерiн қамтиды. Бұл кезеңде Қазақстанның ғана емес, Еуразияның бiраз бөлiгiнiң тұрғындары үндiеуропалық тiл тобына кiрдi. Тайпалардың сыртқы келбетiнен еуропалық белгiлер айқын бiлiндi.
Aлайда ерте темiр дәуірі кезеңiнде Қазақстанның ежелгi тайпаларының келбетiне монғол өңдес белгiлер ене бастады. Бұл Қазақстан аумағына ғұндардың қоныс аударуымен байланысты едi.
Қазақстандағы этникалық үдерістердiң екiншi кезеңi түркiлердiң б.з.-дың бірінші мыңжылдығы ортасынан бастап жаппай қоныстануымен байланысты.
Этностың қалыптасу үдерісi монғол шапқыншылығына байланысты тежелдi. Тұрғындардың бiраз бөлiгi жойылды немесе Қазақстан аумағынан тыс жерлерге ығыстырылды. Түркi тайпаларының қалған бөлiгi Жошы, Шағатай, Үгедей ұлыстары сияқты жаңа мемлекеттік құрылымдар аумағында бір-бірінен ажырап қалды.
Қазақстан аумағындағы тайпалар мен халықтардың одан әрі бірігу үдерісi монғол кезеңiнен кейiнгi Ақ Орда, Әбiлқайыр хандығы, Ноғай Ордасы және Моғолстан мемлекеттерiнiң тарихымен байланысты.
Tарихи білімдеріңізді пайдаланып монғол типтес белгiлердің пайда болуына себепші болған тайпаны анықтаңыз
A)юэчжилер
B)арийлер
C)сарматтар
D)ғұндар
17. Tарихи білімдеріңізді пайдаланып халықтың құрылу үдерісiн бiлдiретін ұғымды анықтаңыз
A)депортация
B)элита
C)этнография
D)этногенез
18. Tарихи білімдеріңізді пайдаланып қазақ халқының этникалық қалыптасуын кезеңдерімен сәйкестендіріңіз
1. Қазақстан аумағындағы халықтарға монғол өңдес белгiлердің енуіне себеп болған тайпа;
2. Қазақстан аумағындағы халықтардың қалыптасуының екінші кезеңінің пайда болуына әсер еткен тайпа;
3. Қазақстандағы этностың қалыптасу үдерісiн тежеген тайпа.
A. Түркі; B.Монғол; C.Ғұн.
A)1-В, 2-С, 3-А
B)1-А, 2-В, 3-С
C)1-С, 2-А, 3-В
D)1-A, 2-C, 3-B
19. Tарихи біліміңізді пайдаланып қола мен темір дәуіріне тән тіл тобын анықтаңыз
A)фин-угорлық
B)үндіеуропалық
C)скандинавиялық
D)түркілік

20. Tарихи білімдеріңізді пайдаланып, дұрыс дәйектерді анықтаңыз


1. Қазақстан аумағындағы халықтың құрылу үрдісін фин-угорлық және скандинавиялық кезеңдерге бөлуге болады
2. Ерте темiр дәуірі кезеңiнде қазақ жеріндегі ежелгi тайпаларының келбетiне монғол өңдес белгiлері бар ғұндардың қоныс аударуы себепші болды
3. Б.з. І мыңжылдығының ортасынан бастап Қазақстан аумағына түркілер қоныстана бастады
4. Қазақ этносының қалыптасу үдерісiн қытайлардың шапқыншылығы тежедi.
A)2, 3
B)1, 4
C)1, 2
D)2, 4




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет