1 Өндірістік процестерді басқару жүйесі туралы теориялық негіздеме 3


"Қазақмыс" корпорациясы " ЖШС кадр қызметін талдау



бет5/9
Дата12.11.2023
өлшемі190.39 Kb.
#483059
1   2   3   4   5   6   7   8   9
ондирис

2.2 "Қазақмыс" корпорациясы " ЖШС кадр қызметін талдау


Бүгінгі таңда "Қазақмыс" тобы қызметкерлерінің жалпы саны 38 мыңнан астам адамды құрайды. Олардың 24 мыңға жуығы "Қазақмыс корпорациясында" еңбек етеді. Әрине, ұжымның басым бөлігін өндіріс қызметкерлері құрайды - "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС жұмыс істейтін 23 920 адамның ішінде 19 349 адам өндірісте жұмыс істейді, тағы 4571 адам – кеңсе қызметкерлері. "Қазақмыс" компаниялар тобында сандардың арақатынасы тым ерекшеленбейді – 38 154 адамның ішінде еңбек құрамының барлығы 31 965 адам өндірісте және 6189 адам кеңседе жұмыс істейді.


Қазақмыс кен өндіруден бастап, соңғы өнім шығаруға дейінгі әлемдегі толығымен біріктірілген мыс өндірушілердің бірі болып табылады. Компанияның негізгі қызметі кенді өндіру және байыту, мысты балқыту және тазарту, өз қажеттіліктері үшін жылу және электр энергиясын өндіру,қосалқы қызметтер және коммерциялық электр энергиясын өндіру болып табылады.
"Қазақмыс"корпорациясының кадр саясатының негізгі мақсаттары:

  • корпорацияның тактикалық және стратегиялық міндеттерін тиімді шешуге, оның қызметінің барлық бағыттары бойынша инновациялық дамуды қамтамасыз етуге қабілетті жоғары білікті, тұрақты білім алушы, өзін-өзі жетілдіруші және ұйымшыл қызметкерлер ұжымын қалыптастыру;

  • өндірісті жаңарту мен ішкі және сыртқы өзгерістерге тез бейімделуге қабілетті персоналдың сапалық-сандық құрамын сақтау арасындағы оңтайлы теңгерімге қол жеткізу және қолдау;

  • жоғары өнімді еңбекке қол жеткізу, корпорацияның экономикалық тұрақтылығын және тұрақты дамуын қамтамасыз ету, оның қызметкерлерінің әл — ауқатын арттыру үшін кадрлар әлеуетін тиімді пайдалану.

Кадр резерві қалыптастыру кезінде, персоналдың кәсіби және басқарушылық құзыретін дамытуға бағдарланған пәрменді жүйені құру, корпорацияның басқару органдары мен құрылымдық бөлімшелерінің білікті мамандар мен басшыларға қажеттілігін толық және уақтылы қамтамасыз ету қажет. Әрбір құрылымдық бөлімшені басқаруда сабақтастық қағидатын сақтау, оларды басқару сапасын арттыру үшін [10]. Өндірістің барлық учаскелеріне перспективалы жастарды тарту тетігін, жаңадан қабылданған және тағайындалған қызметкерлерді бейімдеу рәсімдерін жетілдіреді. Корпорацияның бағыттары бойынша оқу орындарын бітірген жас мамандардың мансаптық өсуіне мониторинг өтеді сурет -2.



Сурет – 2 Ұйымның білім деңгейі бойынша персоналдың құрылымы

Диаграмманы талдауы көрсеткендей, компания жетілген жұмысшыларды артық көреді, өйткені олар өз саласында ең тәжірибелі және жұмыс орнын өзгертуге бейім емес. Бұл кәсіпорынның кадрлардың тұрақтамауы туралы айтады. Осылайша, ұйымдағы персонал санын талдай келе, Теміртау қаласындағы "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС филиалында кадрлық жұмыс оң және тиімді ілгерілеп келе жатқанын атап өткен жөн....




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет