Қазақстанның ұлан-ғайыр территориясында ғылымға да, адамға да, өндіріс үшін де қажетті орман массивтері бар. Олар өзіне тән қасиеттерімен, құндылықтарымен, қалыптасуымен, рекреациялық және басқа қызметтерімен ерекшеленеді. Кейбір орман түрлері мен аңдар (эндемикалық) табиғи қалыптасқан жерлерде ғана өсіп өнеді. Табиғаттың інжу-маржандарының ішінде Нурызым, Аман-Қарағай, Бурабай, Қарқаралы, Баянауыл, Марқакөл, Шарын шетені, Жабағылы т.б. ерекше сұлулығымен белгілі.
Қазақстан жерінде әртүрлі топырақ жамылғысына, жер бедеріне т.б. ерекшеліктеріне қарай ағаштың 68 түрі, бұтаның 266 түрі, шөптің 2598 түрі өседі екен. Ағаштың негізгі түрлері: қылқан жапырақты – қарағай, шырша, самырсын, балқарағай; жұмсақ жапырақты – қайың, терек, тал, көк терек; бұталар - арша, итмұрын, тобылғы және құмды жерде өсетін жүзгін, сексеуіл т.б. Барлық бұта тәріздес өсімдіктер құм-топырақ ұстайтын, техникалық және дәрілік қасиеттерімен ерекшеленеді.
Жалпы орман жамылғысының ішінде пайызға шаққанда қарағай – 9,4; самырсын – 5,7; бал қарағай – 2,3; шырша – 1,8; сексеуіл – 52,2; қайың - 8,7; терек – 3,4; бұталар – 12,2; қалғандары арша және басқа жеміс ағаштары. Сонымен орман жамылғысының екіден үш бөлігін сексеуіл мен бұталар алып жатыр. Ал ағаш қоры жағынан қылқан жапырақтылар 70 % құрайды.
Жазық жердегі ормандар
Қайыңды және көк теректі ормандар. Қайыңды және көк теректі ормандар Қазақстанның орманды дала және дала зонасына тән. Олар Көкшетау-Моншақты ұсақшоқысында немесе Көкшетау қыратында, Батыс Сібір ойпатының оңтүстігінде кең тараған. Қайыңды және көк теректі ормандар Баян-Қарқаралы аласа тауларында, сонымен қатар Торғай ойпатының әртүрлі аудандарында және Объ-Ертіс өзенаралығы орман жалдарының төменгі жағында бар. Қайың және көк терек орман алқаптарын Орталық және Солтүстік Қазақстанның әр жерінде орналасқан көлдер маңынан, үлкен және кіші өзен аңғарларынан кездестіруге болады.
Қазақстанда табиғи-климат жағдайларына байланысты және антропогендік факторлардың әсеріне байланысты қайыңды ормандар әртүрлі орналасқан. Қайыңды ормандар Солтүстік Қазақстанның негізгі жергілікті орман түрі болып саналатын осы аумақтың едәуір көлемін алып жатыр. Қайыңдар үш топқа – иілгіш қайыңдар, жұмсақ (мамық) қайыңдар және ұсақ жапырақты қайыңдар болып бөлінеді.
Қайыңдар өздеріне тән қасиеттеріне байланысты әртүрлі топырақта және әртүрлі климат жағдайларында кең ауқымда өсе береді. Жұмсақ қайыңдар солтүстік шекараларда батпақты және шымтезекті (торфты) көлдердің жағалауларында иілгіш қайыңдармен араласа кездеседі. Иілгіш қайыңдар күй таңдамайды, көп жерлерде тараған.
Ақмола облысы Көкшетау өңірінің, Солтүстік Қазақстан облысындағы қайыңдардың орташа жасы 45 жыл, ал Қостанай облысы қайыңдарының орташа жасы 35 жыл. Айта кететін жағдай осы айтылған аймақтардағы қайыңдар едәуір мөлшерде ескіруде (қартаюда). Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Көкшетауда қайыңдардың жасы соңғы жылдары 6 жылға өсті. Қайыңдардың ең көп тараған облыстары – Қостанай және Солтүстік Қазақстан, ал аз тарағаны – Көкшетау, Ақмола, Павлодар және Шығыс Қазақстан облысының Семей өңірі.
Қайыңды және көк теректі ормандар ауданы Қазақстанда үнемі бірқалыпты өсуде. Қазақстанда қайыңды ормандар 01.01.1956 ж. 611,3 мың га жерді қамтыса, ал 1993 ж. 208,3 мың га өсті. Солтүстік және Орталық Қазақстанда қайыңдар 01.01.1993 ж. 684,1 мың га жерді қамтыды немесе республика бойынша қайыңды ормандардың 77,2 %-ы, ал 2003 ж. 921,6 мың га өскен. Көк теректі ормандар 322,3 мың га немесе 40,7 %.
Орман қорын есептеу мәліметтері бойынша (01.01.1983 ж.) піскен және пісіп тұрып қалған қайыңдар 13,5 % құрады. Қостанай және Павлодар облыстарында 5 %-ға кем, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында 15 % кем болады. Тек қана Көкшетауда піскен және пісіп тұрып қалған қайыңдар алқабы 22 % құрады.
Осы есеп бойынша піскен және пісіп тұрып қалған көк теректер бары-жоғы 15,2 мың га немесе 12,6 %-ы құрады. Олардың 20 %-дан астамы тек қана Ақмола облысы Көкшетау өңіріне және Қарағанды облыстарына тиесілі болды.
1993 ж. алты облыс бойынша қайыңның көлемі 20,4 мың га өссе, піскен алқаптардың саны 2 есеге кеміді. Керісінше, көк теректің көлемі 11,2 мың га кеміді. Соның есебінен піскен және пісіп тұрып қалған орман алқаптары 23,3 % құрады.
Кесте 4 – Солтүстік және Орталық Қазақстанның әкімшілік облыстары бойынша қайыңды және көк теректер орман аудандарының бөлінуі (жердің орман жамылғысы, мың га)
Облыстар
| Қайыңдар | Көк теректер |
Қайыңдар мен Көк теректер
|
Бар-лығы
|
Оның ішінде піскендері және пісіп тұрып қалғандары
|
Бар-лығы
|
Оның ішінде піскендері және пісіп тұрып қалғандары
|
Бар-лығы
|
Оның ішінде піскендері және пісіп тұрып қалғандары
|
Қарағанды
|
13,9
|
0,6
|
9,8
|
2,8
|
23,7
|
3,4
|
Ақмола
|
218,8
|
15,8
|
41,1
|
10,8
|
259,9
|
26,6
|
Қостанай
|
104,3
|
10,0
|
21,9
|
3,3
|
126,2
|
13,3
|
Павлодар
|
37,7
|
1,5
|
9,6
|
4,0
|
47,3
|
5,5
|
Солтүстік Қазақстан
|
329,6
|
23,4
|
27,0
|
4,6
|
356,6
|
28,0
|
Барлығы
|
704,3
|
51,3
|
109,4
|
25,5
|
813,7
|
76,8
|
%
|
100
|
7,3
|
100
|
23,3
|
100
|
9,4
|
Жалпы қайыңды және көк теректер ормандар, әсіресе ауылшаруашылығы мақсатындағы ормандар – орманды қорғау және күзету шараларын қажет етіп-ақ тұр.
Қарағайлы орман. Еуразияның әртүрлі климаттық және топырақ жағдайларында қарағайлар – орман түзуші бірден-бір тұқым (порода) ретінде маңызды рөл атқарады.
Торғай және Ертісмаңы орман жалдарындағы Наурызым қорығындағы орман түрлерінің топтары ылғалды, өте құрғақ, құрғақ және жас қарағайлы жалды болуымен ерекшеленеді. Өте құрғақ қарағайлар биік дөңдердің шыңдарында орын алған. Топырағы құмды. Қарағайлы ормандар Қазақстанның орман қорында (2003 ж.) 831,8 мың га құрады. Олардың 62 % жоғарысы Объ-Ертіс өзенаралық орман жалдарында, 30 %-ға жуығы Орталық Қазақстанның ұсақ шоқыларында, 8 %-ға жуығы Қостанай облысының орман жалдарында кездеседі. Ақтөбе, Алматы, Қарағанды Сотүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында 1966-1993 жж. отырғызылған қарағай егіндері бар. Республикада қарағайдың көлемі орман өсіру іс-шараларының арқасында 327,8 мың га өсті.
Қарағайлы орман қорының өсу құрылымы да әртүрлі (12 кесте). Мысалы, Орталық Қазақстан (Ақмола, Қарағанды облыстары) ұсақшоқысының қарағайлары 223,4 мың га аумақты алып жатса, оның – 35 %-ы жас ағаштар, 40,5 %-ы – орта жастағы қарағайлар, 18 %-ы – пісіп кеткендері, тек қана 6,5 %-ы ғана – піскен және пісіп тұрып қалғандары. Көкшетауда піскен қарағайлардың 4,0 % ғана қалды, ал Ақмолада бұл көрсеткіш сәл ғана жоғары – 6,1 %. Соңғы жылдары жаппай құрғап, кеуіп жатқан Торғай жалдарының (Қостанай облысы) жасанды жолмен пайда болған жас қарағайлары 77 %-ды құраса, піскен ағаш егістері 7,6 %. Павлодар, Шығыс Қазақстан облысы Семей өңірінің қарағайлы орман жалдары 508,1 мың га, оның 70 %-ы жас және орта жастағы ағаштар, оның 12 %-ы піскен және пісіп тұрып қалған ағаш егістері.
Кесте 5 – Қарағай егістерінің өсу тобына қарай таралуы (орман жамылғысы жерлері)
Облыстар
|
Ауданы, мың га
|
Қоры, млн/м3
|
Жастары
|
Орта жаста-
ғылары
|
Пісіп кеткен-дері
|
Піскен және пісіп тұрып қалған-дары
|
Жиын-тығы
|
Бар-лығы
|
Оның ішінде пісіп тұрып қалғандары
|
Ақмола
|
77,9
|
75,5
|
31,1
|
9,8
|
169,3
|
26,85
|
1,68
|
Қарағанды
|
1,1
|
13,5
|
7,7
|
4,8
|
5,6
|
3,12
|
0,40
|
Қостанай
|
56,3
|
6,1
|
4,8
|
5,5
|
72,7
|
6,87
|
1,11
|
Павлодар
|
72,0
|
83,5
|
26,6
|
14,3
|
196,4
|
21,75
|
2,00
|
Шығыс Қазақстан
|
148,9
|
121,2
|
83,4
|
59,4
|
412,9
|
41,36
|
6,83
|
Барлығы
|
356,2
|
299,8
|
155,6
|
93,6
|
905,4
|
99,95
|
12,02
|
%
|
39,3
|
33,1
|
17,2
|
10,4
|
100
|
100
|
12,0
|
Айта кету керек, Солтүстік Қазақстан, Орталық Қазақстан және Ертіс маңының пайдалануға жарамды қарағайлар қоры 745,5 мың га, піскен және пісіп тұрып қалған ағаш егіндер үлесі 4,7 %, белгіленген мөлшерден 3 есе төмен. Жалпы республикада жас ағаштардың жоғарғы үлесі – 39 % және орта жастағы ағаш өскіндері –34 %, керісінше, піскен қарағай ағаштарының мөлшері 10 %.
Жайылмалы ормандар. Жайылмалы ормандар орманды қайта қалпына келтіру іс-шараларын өткізгенде және өңдегенде күрделі нысан болып табылады. Бұл жағдай өзен жайылмаларындағы тасыған су тасқындарының, судың химиялық құрамына, топырақтың тұздануына әсер етуіне байланысты.
Орман шаруашылығын аудандастыру бойынша Қазақстан аумағында жайылмалы ормандар үш ауданға бөлінеді: Орал өзені және оның салаларындағы (Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының солтүстік бөлігі) далалы және шөлейт зоналарындағы жайылмалы ормандар Орал және Ахтуба дельтасының (Батыс Қазақстан облысының оңтүстік бөлігі және Атырау облысы) шөлді зоналарындағы жайылымды ормандар, Ертіс өзені (Павлодар облысы және Шығыс Қазақстан облысының Семей өңірі) жайылымды ормандарын қосқанда.
Республиканың жайылымды ормандарының жартысынан көбі Орал аңғарында созылып жатыр. Мұнда өсімдіктер Қазақстанның басқа өзендерінің өсімдіктерінен ерекшеленіп тұрады. Ағаш тектес өсімдіктер мен бұталар өзен арналарының орталық бөлігінде, ал төменгі бөлігінде талдардың әр түрі –орыс, ақ және т.б. өседі.
Орал жайылмалары мен арналарының маңы едәуір орманды. Елек өзенінің ортаңғы ағысы мен Орал қаласына дейін өсімдіктердің алуан түрі кездеседі. Мұнда терек (ақ, қара және сұр), 2 мың га аса емен егіндері, тегіс шегіршін бар. Жеке дара бөліктерінде ырғай, жөке ағашы, қандыағаштар, мойыл, қызыл долана, әлсіз және сынғыш ит жүзім, қоңыр және тегіс жапырақты итмұрын, қара қарақат, жидек және т.б. кең тараған.
Орал өзенінің төменгі ағысы, Оралдан бастап және төменірек Каспий маңы ойпаты мен Каспий теңізіне қарай ағаштектес және бұталы өсімдіктер біртіндеп азайып, кедейлене бастайды. Мұнда емендер тегіс шегіршіндерге ауысады. Өзен ағысының төменгі жағында алдымен қара терек, сосын арна жайылмасының жіңішке бөлігін боз талдар қамтиды. Қопаларда тамарикс, жидектер өседі.
Орал жайылмасында негізгі орман құрушы және үлкен шаруашылықтық маңызға ие, ол – ақ терек пен қара терек.
Қазақстанда боз талдарды, ақ және қара теректерді кесу 41-50 жылда, Батыс Қазақстан облысының эрозияға қарсы ормандарында және жасыл орман зонасында – 51-60 жылда, боз талдар Атырау облыстарында – 31-40 жылда жүріп тұрады.
Ертіс жайылмалы орманы Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының далалы және жартылай шөлді зоналарында солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа созылып жатыр.
Ертіс маңы жайылмалы ормандарының жалпы ауданы 71 мың га-ға жуық, оның орман жамылғысы – 37 %. Өзен арнасы жайылмаларының ормандарында – ақ тал, ақ, қара терек және лавр жапырағы, иілгіш қайыңдар өседі. Орман жамылғысының қалған дала зоналарында тал бұтақтарының әр түрі және бұтақшалар кездеседі.
Сексеуіл ормандары. Сексеуіл ормандары (сексеуілдер) – ағаштар мен бұталардан тұратын солтүстік жарты шардың аридті облыстарындағы сирек ағаш егіндері (шөлді-ағашты, тоғай немесе қопа).
Бұл ормандардың негізгі түрлеріне – ақ сексеуіл, қара сексеуіл және Зайсан өзені маңының – зайсандық сексеуілдері жатады.
Қазақстанда сексеуіл ормандары Солтүстік Арал маңынан республиканың оңтүстік шекарасына дейін және батыста Каспий теңізінен шығыста Алтай тауларына дейін тараған. Атап айтқанда, Балқаш маңы құмдары, Мойынқұм, Қызылқұм, Арал маңы, Қарақұм, Үлкен және Кіші Борсық, Тауқұм және Жетісу тау алды құмдары кіреді.
Қазақстанда сексеуіл ормандарының көлемі мемлекеттік орман қорын есепке алу мәліметтері бойынша (01.01.1993 ж.) 4,995 млн. га немесе республикадағы барлық орман жамылғысы жерінің 46 %-ы. Сексеуіл ормандары облыстар бойынша Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының шөлді зоналарында барлық орман жамылғысы жерлерінің 48,2 %-н құрайды. Осы ормандардың тек 16,2 мың га ғана Арал маңы шөлінде (Маңғыстау) орналасқан.
Орман қорын есепке алу мәліметтері сексеуілді ормандардың көлемі жылдан жылға өсіп келе жатқандығын көрсетеді, мысалы, 1966 ж. – 4,17 млн га болса, бұл көрсеткіш 1993 ж. – 4,99 млн га өскен, ал 2002 ж. 15,14 млн га болды. Оның ішінде қара сексеуілдер – 67 %, ал ақ сексеуілдер 33 %.
В.Н. Бирюков, В.П. Бобровниктің орманөсіру аудандары бойынша жер бедерінің жағдайына қарай сексеуілдер түрін 12 топқа бөледі, оның ішінде 8 топ – қара сексеуілдер түрі, 3 топ – ақ сексеуілдер және 1-і аралас сексеуілдер (зайсандық сексеуілдер бөлінбейді).
Қара сексеуілдер негізінен сазды жазықтағы жайылмалы террасаларда, тақыр тәріздес топырақтардағы құмды жазықтарда, аласа дөңді құмдарда және құм жоталарында кездеседі. Қара сексеуілдердің кейбір топтары Балқаш маңында және Сарыесік-атырудың құмды жазықтарында кездеседі.
Қара сексеуілдер Мойынқұм құмдарының құмды еңісті дөңдерінің шыңдарында және толық кескінделмеген қоңыр топырақты жазықтарында кездеседі. Аралас сексеуілдер негізінен құмды еңісті дөңдердің төменгі бөліктерінде кездеседі. Жусанды ақ сексеуілдер – құмды дөңдердің жоғарғы шыңдарында, жүзгүнді ақ сексеуілдер – тау тізбектерінің жоғарғы және төменгі бөліктерінде, шыңдарда, дөңдерде, барқандарда, шөптесінді ақ сексеуілдер тау тізбектерінің және дөңдердің төменгі бөлігінде, сор және сотаңданған топырақтарда, құмды шөлдерде кездеседі.
Сексеуілдер әдетте жүзгүн, жыңғыл, теріскен, кейде шеңгел, астрогалдармен бірге кездеседі. Үстіртте және Солтүстік Арал маңының солтүстік шекарасындағы қара сексеуілдер кез-келген экологиялық жағдайларға, терең қабаттағы (20 м тереңдікте) грунт суларында да, қыстағы өте қатты аяздарға да (-37оС) шыдайды.
Сексеуілдердің өсу қарқыны немесе көбеюі топырақтың әртүрлілігіне және климат жағдайларына байланысты. Бастапқы (алғашқы) қалың отырғызылған ағаш екпелеріне қарамастан жастарына қарай кесілген сексуілдер 1 га жерде 500-700 түп ағаштан аспайды. Барлық жағдайда орман алқаптарындағы ағаш егіндерінің жағдайлары нашарлағанда биік болып өсуі 26-28 жылда тоқтайды.
Тоғайлы ормандар. Тоғайлы ормандар немесе тоғай деп Орталық және Орта Азия, сонымен қатар Қазақстанның шөлді аудандарының өзен жайылмаларындағы орман өсімдіктерін айтады.
Қазақстанда тоғайлы ормандар республиканың оңтүстік бөлігіндегі Сырдария, Іле, Шу, Қаратал, Ақсу және Лепсі өзендері жайылмаларында кездеседі. Бұл өзен жайылмаларындағы өсімдіктерді адамдар ерте кезден-ақ жайылым сияқты егін шаруашылығында пайдаланған.
Бұрынғы тоғайлар шаруашылықта онша қажет емес, ну, қопалар болды. Ал қазір олар мал жайылымдарынан кейін және кесіліп тасталғандықтан өте қатты өзгерген. Өзен ағындарын реттеу салдарынан су жүйелері де кедейленген (Іле, Сырдария).
Сырдария өзені жайылмасында туранга, жиде; шардара ауданында – тал; қазалы ауданында – тал, жидек және т.б. өседі. Іле өзені жағалауын туранга, шетен, жиде, тал; бақанас – жиде және тал; балқаш маңы – тал және жиде, сирек туранга. Қазақстанның барлық тоғай ормандарының ішінде жағдайы нашары Сырдария өзені тоғайлары.
Сонымен Қазақстанның жазық жердегі ормандарының қысқаша талдауы, республиканың әкімшілік облыстарының барлық табиғат зоналары үшін, оның ішінде орманды дала, шөлейт және шөл зоналарындағы негізгі проблема орман дамыту және көшеттерінің өнімділігін арттыру екендігін көрсетеді. Негізінен бұл адам әрекетінің орманға қамқорлықпен қарауына, оның шаруашылық және тұрмыстық қажеттілігіне байланысты. Орман жағдайларына ұзақ уақыттық атмосфералық-топырақтық құрғақшылық сияқты табиғи факторлар, зиянды насекомдар және “ыстық желден” пайда болған орман өрттері де әсер етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |