Алтайдың таулы ормандары. Алтай – кең байтақ таулы жүйе. Ол Ресей, Қазақстан, Монғолия және Қытайдың жартысына жуық аймақты алып жатыр. Шығыс Қазақстан облысында ол жоталардан және олардың сілемдерінен тұрады. Кенді Алтай – облыстың солтүстік және солтүстік-батысында, Оңтүстік Алтай – облыстың оңтүстік-шығысын алып жатыр. Таулы жоталардың еңісі мен шатқалдарында орналасқан ормандар таулы орманға жатады, олар суды қорғау функциясын орындайды.
Кенді Алтайда негізінен тайганың қылқан жапырақты ормандары орын алған (май қарағай, шырша, самырсын). Оңтүстік Алтайды – бал қарағай, самырсын, шырша ормандары құрайды.
1966 жылдан бастап қылқан жапырақты ормандар облыста 730,1 мың га-дан 661,1 мың га немесе 9,5 % (69,9 мың га) кеміді. Бірақ бұталардың көлемі (81,4 мың га) едәуір өсті, шоқ талдар (7,4 мың га), басқа да ағаш тәріздес тұқымдар (9,8 мың га) өсті.
Кенді Алтайға – Үбі, Қалба, Ивановск, Үлбі және басқа жоталар жатады. Бұл жоталар кенге өте бай (Риддер, Зырян, Тишин) олар: мыс, сирек кездесетін металдар, алтын және т.б. Кенді Алтай ормандары соңғы 200 жыл бойы, жер асты суларының табиғи қорлары ашылғалы бері пайдаланып келеді. Шаруашылықта ағашты қолдану үшін ең бағалы деген талдар кесілген, бірақ түп тамырларын қалдырып отырған. Орман өрттерінің жиілігінен таулы ормандардың көптеген үлкен аймақтары жалаңаштанған, әсіресе, игерілген пайдалы қазбалардың кен орындары.
Таулы май қарағайлы және шыршалы ормандар. Май қарағай ормандары Кенді Алтайдың таулы еңістерімен Ертістің оңтүстік сағаларын – Үбі мен Үлбіні алып жатыр. Алтай өңірінің шекарасымен Ивановск мен Үлбі жоталарының жоғары бөліктерінде май қарағайдан басқа да самырсын мен бал қарағай араласқан ормандар орналасқан. Сібірдің бал қарағайымен сібірдің самырсыны араласқан ормандары Оңтүстік Алтай мен Бұқтырманың (Ақ, Қара, Берель, Колмачиха) сағаларын және Ертістің сол жағалауын Марқакөлге дейін алып жатыр.
Кенді Алтай тауларында өсімдіктер жамылғысы белдеулер бойынша тараған, төменгі белдеуде шөлді өсімдіктер, ортаңғы белдеуде – орман өсімдіктері, ал ең жоғарғы белдеуде субальпілі өсімдіктер орын алған. Таулы жоталарда географиялық жағдайға байланысты орманның шекарасы 300-400 м биіктікте, ал жоғарылаған сайын 1700-2000 м биіктікте орналасқан.
Орман белдеуінде ең негізгі көбірек кездесетін – сібір май қарағайы, ол 377,0 мың га жер көлемін алып жатыр. Қарағай, самырсын мен шырша, бал қарағай сиректеу өседі. Иілгіш қайыңдар жиірек, жұмсақ қайың, ырғай, терек, тал сирегірек кездеседі.
1750-1900 м биіктікте май қарағай ормандары бал қарағай мен самырсынмен араласа, олар субальпілі шалғындармен аяқталады.
Шыршалы ормандар. Шыршалы ормандар Алтайда онша кең тарамаған. Өзен жағалауларында, таулы-қыраттарда қайыңмен бірге кездеседі. Сонымен бірге май қарағай, самырсын және қайың да бар.
Кенді Алтайдың шыршалы ну ормандарында (1100-1600 м биіктікте) торфты-балшықты, таулы-орманда қышқыл, толық дамымаған топырақтарда сібірлік шырша, май қарағай, самырсын, қайыңдар, тайганың піспеген және жас қылқан жапырақты ормандары өседі.
Қазіргі уақытта май қарағай мен шыршалы ормандарға антропогендік жағдайлар әсер етуде. Себебі, олар негізгі ағаш қорын құрайды.
Оңтүстік Алтай мен Сауырдың сағыз қарағайлы ормандары. Бал қарағай, сағыз қарағай ормандары Оңтүстік Алтай мен Сауырдың жоталарында жиі кездеседі.
Оңтүстік Алтайдың Қатон, Нарым, Күршім жоталарында қарағай осы белдеуде 2100 м-ге дейінгі биіктікте орын алған. Бұл жерде шыршаның әртүрлі топтары кездеседі.
Таудың солтүстік орташа құзды, төменгі және орта бөліктерінде, 1750-1800 м биіктікте дәнді шыршалар өседі. Таулы тік қыраттың солтүстік жақтарында 1550-1700 м биіктікте таулы-орманды қара-сұр топырақтарда қарағайлар кездеседі. Өте тік солтүстік қыраттарда 1900-2100 және 1750-1950 м биіктіктегі белдеуде мүкті май қарағай мүкті бал қарағаймен араласа өседі.
Сауырда өсетін сағыз қарағай 1600-ден 2400 м биіктіктегі белдеуде өседі. Өсіп тұрған жеріне байланысты олардың мынадай түрлері бар, қара топырақта, таулы жерде 1600-1900 м биіктікте өсетін ылғалды бұтақшалардан құралған қарағайлар; жас жасылжапырақты бұтақтан тұратын қарағай – 1900-2000 м биіктікте; құрғақ мүкті қарағай, 2200-2350 м биіктіктегі белдеуде орналасқан, құрғақ арша тектес қарағай, жоталардың ең басында 2300-2400 м биіктікте өседі.
Сауыр қарағайы, жақсы жерде өскендіктен сақтау қорының жасы 200 жылды құрайды. Бұл қарағайдың ең піскен уақыты – 110-130 жыл ішінде, ал Оңтүстік Алтай қарағайлары – 19 жыл ішінде.
Бұл ормандарда орындалған орман шаруашылығы қызметінің даму деңгейі төмен, сібір қарағайын қайта отырғызу жұмыстары қанағаттанарлықсыз, себебі, тұқымдандыру өз деңгейінде жүргізілмейді. Орманды қалпына келтіру оны алдын ала жаңарту жұмыстарына байланысты. Сол себепті кесудің алдында 3-4 жыл бұрын орманның өз бетінше қайталанып, жаңарып өсуіне жағдай жасау керек.
Кесу жұмыстары кезінде орманның жаңаруы өте қиын мәселе болуда, әсіресе, тік құз жерлерде. Бұл мәселені орманды нәтижелі пайдалану үшін басқа күрделі мәселелермен кешенді түрде шешу қажет.
Самырсын ормандары. Бұл ормандар көбіне аралас, құрамына – сібір, корей, еуропа самырсынды қарағайлары кіреді.
Қазақстанда бал қарағай орманы немесе Сібір бал қарағайының оңтүстік ареалының батыс және оңтүстік-шығыс шекарсын құрайтын орман тек қана Шығыс Қазақстан облысында кездеседі. Бал қарағайдың 90 % облыстың оңтүстік бөлігінде Оңтүстік Алтай тауларының бөліктерінде кездеседі. Сібір бал қарағайы Марқакөл көліне таяу аудандарда өседі. Бал қарағайдың басқа түрі облыстың солтүстік бөлігінде Кенді Алтай аумағының ауқымды бөлігінде орналасқан.
Самырсын орманының көлемі – 44,7 мың га. Бұл қылқан жапырақты орманда әдетте май қарағай сібір шыршаларымен араласа өседі. Бұл орманда сонымен қатар, Сібір қарағайлары мен кейде иілгіш қайыңдар кездеседі.
Қазақстанда жеке тұрған самырсын 30-40 жыл аралығында жеміс бере бастайды, ал көшеттері – 50-120 жылда. Ол ағаштың қалыңдығына және өскен жерінің абсолютті биіктігіне байланысты. Қалыпты самырсынның жеміс беруінің ұзақтығы 200-250 жыл. Бұл ағаштардың жасы 200-250 жылға жеткен кезде, қай топқа жатқанына қарамастан кесуге жіберіледі. Ресейде жаңғақ беретін самырсын ормандарының кесуге жететін жасы 241-280 жыл, тек қана пайдаға жарайтын екінші, үшінші топтың ормандарының кесу жасы 201-240 жылға төмендетілген.
Шығыс-Қазақстан облысында өсетін самырсын жергілікті жердің табиғи жағдайына байланысты жақсы өседі. Ол көктемде, күзде болатын суықтарға шыдамды, бойының өсуі көктем айында тоқтайды.
Алтайдағы самырсынды орман суды қорғау қызметін атқарады, орманда пайдалы құстар және бағалы аңдар мекендейді, дәрі-дәрмек, техникалық, тамақ қорларының қайнар көзі. 1 га жерде өсетін самырсын орманынан 150-300 кг дейін жаңғақ жинауға болады. Ең жаңғақты көбірек беретін көшеттер 1500 биіктікте, ал Оңтүстік Алтайда теңіз деңгейінен 1700 м, жоғары биіктікте өседі.
Оңтүстік Қазақстанның таулы ормандары. Қылқан жапырақты ормандар. Тянь-Шаньнің сирек ормандары жергілікті жердің формациясы. Олар эндемикті Шренка шыршасы және Семеновтың май қарағай түрлерін құрайды. Алтайға қарағанда бұл жердің климаты жайлы, жылы келеді, жылына 230-730 мм көлемінде жауын-шашын жауады. Қылқан жапырақты орман 10 % көлеміндей жерді алып жатыр. Көбіне солтүстік еңістер мен шатқалдарда бұталар мен шалғынды өсімдіктер аралас өседі. Сібір май қарағайы Шренка шыршаларымен бірге, Жоңғар Алатауының кейбір жерлерінде орын алған. Орманның күйіне көбірек әсер ететін жағдай – орман өрттері мен ормандарды кесу.
Тянь-Шань орманының формациясы Солтүстік Тянь-Шань тау жүйелерінде, Іле мен Күнгей, Кетмен, Нарынқол жоталарының солтүстік еңісінде және теңіз деңгейінен жоғары 800-2800 м биіктікте Жоңғар Алатауында орналасқан. Алматы, облысының қылқан жапырақты орман қорының ағаштары 1966-1993 жж. аралығында 206,6-дан 144,7 мың га, яғни 30 %-ға төмендеді.
Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарына жататын Батыс Тянь-Шань тауларында 01.01.1983 жылдың мәліметі бойынша 7,6 мың га, ал 01.01.1988 ж. – 6,5 мың га орман қорын құрады.
Сотүстік Тянь-Шань тауларында Шренка шыршасы мен май қарағай өз бетімен табиғи өсуі нашар. Тянь-Шань және Жоңғар Алатауының қылқан жапырақты ормандарында өз бетімен жаңару таулардың оңтүстік және жоғарғы белдеулерінде қанағаттанарлықсыз, оған әсер ететін шөптердің биік өсуі, мүктердің жиі өсуі. Ал орталық белдеуде жаңару 20-40 жыл уақытқа созылады.
Сотүстік Тянь-Шань тауларының әр бөліктерінде қылқан жапырақты ормандар әртүрлі биіктіктерде орналасады. Күнгей Алатауында шырша 1800-2800 м белдеулерде өседі.
Өзен аңғарларында, тау өзен террасаларында қара топырақты шырша көшеттері өседі. Орманшаларда ырғай, итмұрын, қарақат, иіліп өсетін боз тал, таңқурай өседі.
Тянь-Шань тауларының шыңдарында қисық Шренка шыршалары, ал орманның жоғары шекараларында стланикті бұтақшалар, сонымен қатар арша бұтақшалардың арасында казак аршасы, жарты-шарлы арша, түркістан аршалары өседі.
Тянь-Шань ормандарындағы қылқан жапырақты шыршалар мен аршалардың көлемінің азаюы, қысқаруы, жағдайының нашарлауы орманды кесудің технологиясын бұзу, ережерін сақтамау, өрт, мал жайылымдарының көбеюіне байланысты болып отыр. Орманның өз бетінше өсіп жаңаруының нашарлығы тауда орман шаруашылығын өз деңгейінде жүргізбеуден. Сол себепті өте бағалы ормандарды алдын ала сақтап қалу жөніндегі жүргізілетін жұмыстар – оларды жиі кесуден сақтап қалу, өрттен қорғау, іс-шараларды талапқа сай орындау, қазіргі уақыттың ең бір келелі мәселелерінің бірі болып отыр.
Бал қарағай ормандары. Тянь-Шаньнің таулы бал қарағай ормандары, сирек тоғайлары, бұтақшалары Тянь-Шаньнің ағаш, бұтақша өсімдіктер формациясын құрайды. Олар 1100-1500 м абсолюттік биіктікте өседі.
Бұл ормандарда жеміс беретін тұқымдар жиі өседі. Олар шағын орман мен демалыс алаңдарына арналған ағаштар құрайды. Жеміс беретін ағаштармен бірге ырғай, қайың, Семеновтың үйеңкісі өседі. Үлкен алаңдарда бірнеше бұтақшалардың түрі орын алады, олар итмұрын, ырғай, долана, итжүзім, (спирей), тянь-шань шиесі, куриль шайы, афлатуния. Таудың төменгі белдеуінде бадам, қылша, курчавки кездеседі.
Өзен арналарының жағалауында, жайылма терресаларда тал-терек және қайың ормандары мен сирек тоғайлар орын алады. Тау етегінің абсолютті биіктігінде 300-500 м олар тоғай ормандарына айналады. Өзен арналарының орман өсімдіктері 2000 м-ге дейін және одан да биікке көтеріледі. Тянь-Шаньнің таулы-арша ормандарында лавр жапырақты, жиі жапырақты, қытай, талас, берқара, иіліп өсетін күміс тал, теректер кездеседі. Бұтақшалардан қара қарақат, іле барбарисі, долана, мойыл, бүрген кездеседі.
Алматы облысының Солтүстік Тянь-Шань тауларының орман қоры 01.01.1993 ж. – 35,6 мың га, ал бұтақшалар – 122 мың га жерді алып жатыр.
Бұл облыстардың ормандары Солтүстік Тянь-Шань тау жүйелерінде, арнайы орман шаруашылық аудандарын құрайды: Солтүстік Жоңғардағы жеміс беретін шырша орманы, Орталық Іле жеміс беретін шырша орманы, Солтүстік Тянь-Шань шыршалы орманы. Бұл ауданның орман қорының көлемі 1259,1 мың га, Л.Ф. Серовтың мәліметі бойынша, орман көлемі 37,3 % орман жамылғысы – 28,8 %.
Батыс Тянь-Шань ормандары өз бетінше орман шаруашылық ауданы болып, Оңтүстік Қазақстанда жеміс беретін арша ормандарынан ерекшеленеді. Бұл ауданның аймақтары Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облысында 205,6 мың га жер көлемін құрап, оның ішінде орман 26,7 %, орман жамылғысы – 15,1 %, бұлар көбіне Қаратау тауларының баурайында орналасқан. Бұл облыстарға қарастысы мемлекеттік орман қоры 1,2 мың га, жер көлемі 11,5 мың га – басқа ағаш түрлері, жеміс беретін 52,8 мың га жер көлемін алады.
Жеміс беретін ормандарға мына орман-бақшалары жатады: қырғыз, Сиверс, Недзвецкий алмасы, кәдімгі өрік, алша, Регель алмұрты, тянь-шань шегені, жоңғарлық, түркістандық, алматылық доланасы. Бұл өсімдіктер кішкене шағын ормандарды немесе демалыс алаңдарында, бұтақшалар мен шалғынды өсімдітерін құрайды.
Жергілікті жердің жер бедеріне байланысты жеміс беретін ормандар су жағаларын, әртүрлі баурай бөліктерін, жайылым терасаларын және қазіргі суағар жайылымды, таулы, шалғынды-қара, шіріген топырақтарда өседі.
Қазақстанның сирек және эндемикалық ағаш түрлері мен бұтақтары
Қазақстан аумағында сирек және эндемикалық ағаш түрлері мен бұтақ тұқымдары кездеседі. Олардың үлкен бөлігі ормандарды күнделікті өмірде пайдалануда, мал жайылымдары үшін халықтардың қоныстануына байланысты қысқаруда. Сирек өсімдіктердің көбісі, әсіресе, эндемикалық өсімдіктер Тянь-Шань сияқты таулы аудандарда орналасқан. Тауларды игеру ормандардың жағдайына, тұрақтылығына, санына кері әсерін тигізеді.
Республика территориясында эндемикалық ағаштар мен бұталардың еш жерде өспейтін 115 түрі кездеседі. Мысалы жүзгіннің 28 түрі, қырғыз қайыңы, Лингев алма ағашы, Вавилов алмұрты және басқалары. Өткен дәуірлерден қалған (реликті) түрі Тянь-Шань шыршасы, ылғал сүйгіш шетен, Семенов үйеңкісі т.б.
Ағашты және бұтақты өсімдіктердің көп түрі сирек, жоғалып бара жатқан және эндемикалық түрлері СССР-дің Қызыл кітабына [101] және Қазақ ССР-нің Қызыл кітабына [102] енген. Қазақ ССР-нің Қызыл кітабына тек Қазастандағы сирек және жойылып бара жатқан өсімдіктер түрі енген (олар басқа мемлекеттерде болса да). Дәл осындай Батыс Европада кең тараған, бірақ Қазақстанда сирек кездесетін өсімдіктерге қандыағаш – Қосмұрын көлінің, Ерментау және Баян-Қарқаралы аласатауында кездеседі. Орал өзені жайылмасының орта ағысында, Елек өзені жайылмасының төменгі ағысында кәдімгі еменнің көшеттері кездеседі. Жоңғар және Іле Алатауы тауларында, сонымен қатар Қырғыз Алатауында, Қаратау Батыс Тянь-Шаньда кавказдық каркастар өседі. Қаратау жотасының еңісінде, Талас және Қырғыз Алатауында нағыз фисташка кездеседі, ал Қаратаудың оңтүстік бөлігінде және Талас Алатауында – зеравшандық арша өседі.
Орал өзені жағалауында кішігірім үлескіде шыққан тегі толық анықталмаған кәдімгі лещина тарайды. Көксу өзені шатқалында, Жоңғар Алатауында шегіршін жапырақты афлатуния – сирек, реликті түрі дараланып өседі.
Іле, Теріскей және Күнгей Алатауының субальпілі белдеуінде сирек кездесетін өсімдік ретінде тіркелген Шренка шыршасының стланикті түрі кездеседі.
Арал маңы Мойынқұмда бұтақты өсімдіктердің сирек эндемикалық түрінен жүзген, Іле өзенінің жайылмасында – ілелік барбарис, Оңтүстік Қазақстанда – қарқаралы барбарисі, Кетментау жотасының еңісінде, Іле және Теріскей Алатауында Янчевский қарақатының сирек кездесетін түрі және Тянь-Шаньдық сибирканың эндемикалық түрі кездеседі. Қаратау жотасының орталық және оңтүстік бөлігінде қаратаулық кизильниктің эндемикалық түрі орналасқан. Маңғыстауда, Ақтау және Қаратау тауларында долана бар. Алтайда, шамамен Қалба жотасында және Тарбағатайдың оңүстік еңісінде Ледобуров миндалі – эндемикалық түрі, ал Тарбағатай мен Шыңғыстауда – Хавена май қарағайы. Іле өзенінің орта ағысы алабында іле қылшықты ырғайы, ал Берқара шатқалында (Қаратау жотасы) – қаратаулық қылшықты ырғай өседі. Ырғайдың екі түрі де эндемикалық.
Қазақ ССР Қызыл кітабына енген, жойылып бара жатқан ағаш өсімдігінің сирек түрі – кәдімгі абрикос (өрік ағашы), Солтүстік және Батыс Тянь-Шань тауларында, Іле Алатауында, Үлкен және Кіші Алматы, Ақсай, Талғар, Қотыр-Бұлақ өзендерінің шатқалдарында, Кетмен жотасының еңісінде және Жоңғар Алатауында, Харгос, Көктал және Өсек өзендерінің шатқалында кездеседі.
Шарын және Темірлік өзендерінің орта ағысында (Іле өзені алабы), Қаратаудың ортаңғы бөлігі (Боралдай өзені алабы) және солтүстік батыс Талас Алатау сілемдерінде (Даубаба және Акиз өзендерінің арасы) шарын шетенінің реликті түрі кездеседі. Тарбағатай, Жоңғар, Іле, Қырғыз, Талас Алатауында және Қаратауда саны өте азайып бара жатқан Сиверс алмасы өседі. Қаратауда (Берқара шатқалы) және Талас Алатауы сілемдерінде (Даубаба және Машат) біртіндеп жоғалып бара жатқан, эндемикті – Недзвецкий алмасы кездеседі.
Теріскей Алатауда, Көпбел, Текес, Баянкөл, Нарынқол өзендерінің жайылмаларында Ярмоленко қайыңының эндемикалық түрі тараған. Ақсу-Жабағылы қорығының аумағында және Талас Алатауы шатқалында талас қайыңының эндемикалық түрі кездеседі. Қостанай облысының оңтүстігінде Аман-Қарағай және Наурызым жалдарында орманқұрушы жапырақты тұқымды қырғыз қайыңы – солтүстік-қазақстандық эндемикалық түрі өседі. Сырдария өзенінің төменгі жағалауынан Іле өзеніне дейін теректің (ауалистный) сирек түрі тараған.
Қызыл кітапқа бұлардан басқа жоғалып кетудің аз-ақ алдында тұрған бұтақтардың ондаған түрі және шөптесін өсімдіктер кірген. Мұндай жағдайда мемлекеттік қолдау негізіндегі іс-шаралар қажет. Сонымен қатар биологиялық ғылыми ұжымдар да маңызды рөл атқарады.
1995 ж. ҚР ҰҒА-ның президиумында республиканың орман өсімдіктері ресурсының әртүрлілігін көбейту, өсімдіктердің шығу тегін (генофонд) көбейту, сақтау және тиімді пайдалану, күзету мәселесі қаралды.
Қазақстанның экологиялық жүйесінің негізін құрушы, тірі өсімдіктер – табиғат процесінің бірден-бір табиғи стабилизаторы (көзі) екені айтылды. Республиканың 6,5 мың болатын өсімдіктері қатал эволюциялық даму мен жоғары дәрежелі жергілікті жерсіндіруді басынан өткерді.
Бірақта, өндірістік масштабтағы өсімдіктер ресурсын тегін пайдалану сияқты, Қазақстанның аумағының үлкен бөлігін асығыс (экстенвисті) шаруашылықтық игеру биологиялық ресурстардың көптеген түрінің азаюына, әсіресе, олардың ареалдарының және санының азаюына, өсімдіктер әлемінің табиғи генетикалық сапасының нашарлауына және олардың табиғат қорғау функциясының нашарлауына әкеліп соқты. Нәтижесінде республиканың барлық аймақтарында қауіпті экологиялық жағдай туындады: негізгі тіршілік факторларының сапасының нашарлауы (су, ауа, тамақ құрамының және т.б.) халықтар денсаулығына кері әсер етті, ауқымды аумақтың шөлденуіне әкеліп соқты.
Әдебиет көздері деректері бойынша бүгінде республиканың шөлденген жерлері 179,9 млн. га немесе республика аумағының 60 % құрайды.
Көптеген өсімдіктердің автохонды түрлерінің алғашқы генетикалық отаны Қазақстан, сонымен қатар айрықша аборигенді және реликті, эндемикалық өсімдіктер жойылып кетудің алдында тұр. Нәтижесінде халықаралық шамада – мемлекет өсімдіктердің сақталуына, өз аумағында биологиялық түрлілігінің қайтақалпына келуіне және тұрғындар орналасқан табиғи ортаның генетикалық ресурстарын тиімді пайдалану жауапкершілігін өз мойнына алады деген сөз.
Бағалы техникалық бұтақтар мен дәрілік өсімдіктердің жағдайы ерекше дабыл туғызып отыр. Фармацевтикалық өнеркәсіптер бұрынғыша табиғаттағы дәрілік шикізаттарды дайындауда.
Республикамызда ормандардың рөлі табиғат экожүйесі ретінде – экологиялық тепе-теңдікте негізгі фактор ретінде бағаланбай келеді. Көптеген он жылдар бойы орман қоры іс жүзінде орман ведомоствасында тіркеліп келді. Практикада орманшаруашылық өнеркәсіптері өз қызметінің мемлекеттік орман қоры жерінің бары-жоғы 44,4 %-на толық құқылы. Олардың үлкен бөлігі (55,6 %) орман шаруашылығына жайылым ретінде ұзақ мерзімге пайдалануға берілген. Осындай орман қорын екі жақты басқару республика аумағының жағдайы төмен орман жерлерінің кең көлемде дамуын тотқатып қана қоймай, орман көшеттерін (егістерін) деградацияға ұшырауына да зиянын тигізеді. Мысалы, ұзақ мерзімге пайдалануға берілген ормандарда, өрт және орман кесу жағдайлары орман Комитетінің бақылауындағы ормандардан 1,7 және 9,0 есе көп.
Республикада күзеттегі табиғат нысандары өте аз. Қорықтар осы аумақтың бары-жоғы 0,5 %-н ғана алады. Осы уақытқа дейін Бурабай, Қарқаралы және Алматы маңындағы ұлттық парктер құрылған жоқ.
Негізгі көгалдандыру (зеленая строительства) жұмыстары бойынша атқарылып жатқан істер: орман қорында орманды қайтақалпына келтіру және ормандамыту, автомобиль және темір жол жиектерінде орман жолақтарын отырғызу, қалалар мен басқа елді-мекендерді көгалдандыру, әсіресе, өндіріс өнеркәсіптері қарқынды дамып келе жатқан шөлді және далалы аудандара.
Қорытындыда шығатын нәтиже, республиканың көптеген аумақтарында аграрлық және өнеркәсіп қызметтері қарқынды дамып келе жатқандықтан, көліктің дамуы мен қала коммуникацияларын, табиғат ресурстарын ғылыми пайдалану және соңғы жылдардағы нарықтық қатынастарға көшуге байланысты биологиялық өнімге қауіп төнген экологиялық ситуацияны мемлекеттік басқару ұжымдарының назарына ұсыну.
Бұдан басқа, Қазақстанның Қызыл кітабына енген қайда өсетініне қарамастан, барлық өсімдіктерден өнім алуға толық тыйым салу қажет.
3. Шығыс Қазақстан облысының орман ресурстарына сипаттама
3.1 Шығыс Қазақстан облысы орман ресурстарын экономикалық-географиялық тұрғыдан бағалау
Қазақстан Республикасы статистика жөніндегі Агенттігінің 01.01.2005 ж. мәліметтері бойынша Шығыс Қазақстан облысының аумағы 283,3 мың км2, халқы – 1485,5 мың адам. Облыс бойынша халқының орташа тығыздығы 5,2 адамды (1 км2 ауданға) құрайды.
Облыс орманы Қалба жотасының қарағайлы, Кенді Алтайдың қылқан жапырақты ағаштарынан, оңтүстік Алтай мен Саурдың сағыз қарағайынан, Тарбағатайдың жапырақты ағаштарынан және интрозоналды жайылмалы ормандарынан құралған тұтас табиғи кешен болып табылады. Олардың барлығы топырақ және егіс қорғау, климат қалыптастырушы, су қорғаушы, санитарлы-гигиеналық, рекреациялық және басқа да әлеуметтік-қорғаушы қызметтер атқарады.
Облыстағы орман шаруашылығы кәсіпорындары шикізаттың барлық түрін толық қолдану нәтижесінде тауарлы өнімдерді шығаруды үнемі ұлғайтып отырады. Осыған байланысты орман ресрустарын кешенді пайдалану өнімділігі мен тиімділігін өсіру. Бірама жан-жақты өзекті мәселе болып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |