1 орман орман ресурстарын экономикалық-географиялық тұрғыдан бағалаудың теориялық және әдістемелік мәселелері


Орман өсімдіктері зонасы және климаты



бет6/12
Дата17.06.2016
өлшемі0.93 Mb.
#142331
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Орман өсімдіктері зонасы және климаты


Қазақстан аумағын кешенді физикалық-географиялық аудандастыру сұлбасында (Чупахин, 1970) сәйкес облыс аумағы құрғақ бетегелі-бозды дала мен шөлейт зоналарының оңтүстік зонашаларында орналасқан. Бүкіл аумақ таулы ландшафтта орналасқан. Ол бірнеше таулы аймақтарға бөлінеді: Кенді және Оңтүстік Алтай, Қалба жотасы және Сауыр-Тарбағатай.

Орман шаруашылығы облыстың солтүстік-батыс бөлігінде құрғақ дала зонашасында жатыр, ал қалған бөлігі Қазақстандық Алтайға кіреді.

Тау жүйесінің күрделі орографиялық құрылымы биіктік белдеу зонасы бойынша топырақ және өсімдіктердің дифференциалды заңдылықтарына байланысты климаттың аумақтық өзгергіштігін анықтайды. Климат топырақ пен өсімдік жамылғысының биіктік табиғи зона бойынша заңдылықты әртүрлі болуына себепші болады.

Биік таулы нивальды зона – Саур, Кенді және Оңтүстік Алтай тауларын біршама биік бөліктеріндегі (2800-3200) мәңгі қар және мұздықтар. Бұл зона өзен ағындарын қоректендіреді және ретке келтіреді.

Биік таулы тундралы-шалғынды зона жазғы уақыттарда қар жамылғысы болмайтын абсолюттік биіктігі 1800-2000 м-ден 2800-3200 м-ге дейінгі биіктікте Алтай, Сауыр және Тарбағатай тауларының басты суайрықтарында орналасқан. Зонада мүкті-бұталы өсімдік және аласа шөпті альпі шалғыны – жазғы жайылым – жайлау тараған. Топырақ жамылғысы таулы-тундралы және таулы-шалғынды шымды топырақтардан құралған.

Таулы орманды (таулы-тайгалы) зона тундралы-шалғынды зонадан төмен теңіз деңгейінен 1400-2100 м биіктікке дейін орналасқан. Мұнда қою және ашық қылқан жапырақты ормандар, ал төменгі белдеуде жапырақты және аралас ормандар тараған. Топырағы – қышқыл, шымды, шымтезекті. Ормансыз оңтүстік және батыс тау баурайларында жақсы жаздық жайылым мен жоғары өнімді шабындық болатын шымды топырақтар қалыптасқан. Ондай жерлерде жазғы жайылымдар мен жоғары өнімді шабындықтар тараған.

Шаруашылықтағы негізгі бағыты орман және тау-кен өнеркәсібі әртүрлі орман ресурстары өнеркәсібі болып табылады. Ара өсіру зор маңызға ие. Бұғы және марал шаруашылығына да тиімді жағдайлар жасалған.



Таулы орманды дала зонасы таулы орманды және дала зоналарының арасындағы өтпелі зона болып табылады және оған аласа және орташа тауларды, сондай-ақ биік тауалды толқынды жазықтар мен тау аралық ойпаңдар кіреді. Ол оңтүстік Алтай, тауларына тән. Кенді Алтайда орман мен даланың алмасуы анық байқалмайды. Екі зонашаға бөлінеді: Кенді Алтайдың ылғалды, шалғынды-орманы және Оңтүстік Алтай, Қалба және Сауырдың қоңыржай ылғалды орманды даласы.

Бұл зонада таулы орманды қара топырақ тәрізді сұр, таулы, қышқыл, таулы қара топырақтар тараған.

Ормандармен қатар жоғары өнімді шабындықтар мен жайылымдар кездеседі. Олар етті-сүтті мал шаруашылығының дамуына себепші болады. Сонымен қатар егістікке жарамды жерлерде көптеп кездеседі және егіншілікке жақсы жағдай жасалған.

Дала зонасы (теңіз деңгейінен 400-1200 м биіктікте) аласа таулар мен тауалды қыраттарда кездеседі және өсімдік жамылғысында дала шөптері мен бұталардың басым болуымен ерекшеленеді. Зона мынадай белдеулерге бөлінеді: шалғынды әртүрлі шөптесінді – дәнді және жусанды – әртүрлі шөптесінді далалы (таулы шалғынды-далалы) және жусанды-бетегелі қоңыржай далалы (тауалды далалы). Екі белдеуде де бұталы далалар тараған.

Егістік жерлерде сілтісізденген, кәдімгі және оңтүстік қара топырақтар тараған. Ұзақ уақыт қолданылғандықтан бұл топырақтар өзінің өнімділігін жоғалтып, құрамын өзгерткен, олардың көпшілігі су эрозиясына ұшыраған.

Бұл зонада дәнді, майлы және азықтық дақылдар мол өнім береді.

Шөлді-далалы және шөлді зона жусанды бетегелі, жусанды. Тұзды солтүстік шөлдерден қалыптасқан және Зайсан ойпатында және Шілікті аңғарында орналасқан. Топырақ жамылғысы ашық-күлгін, шөлдің сұр және шалғынды тұзданған топырақ болып келеді. Сондай-ақ сор және сортаңдар кездеседі. Зона аумағы негізінен жайылымды, шабындықты, және суармалы болып келеді.

Шығыс Қазақстан облысының климаттық ерекшеліктері. Облыс климаты тұтасымен шұғыл континенталды, климаттың әртүрлілігі ландшафттың орографиялық құрылымының күрделілігіне байланысты. Климаттық жағдайға сипаттама гидрометеорологиялық бекеттердің көпжылдық орташа мәліметтері негізінде жасалады.
Орман қорына қысқаша сипаттама. Облыстың негізгі ағаш тұқымдастары: самырсын, бал қарағай, қайың және көк терек – мемлекеттік орман қорының басты орман құраушы тұқымдары болып саналады.

Семей орманы” мемлекеттік табиғи орман қоры

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 1997 жылы қазан айындағы “Елдің жақсы болу болашағын – бүгіннен бастау керек” атты жиындағы баяндамасында, біздің елдің белгісі шөл емес, орман мен бау-бақша болуы керек деп атап көрсетті. Орман массивтерін жылдан-жылға қажырлы көркейтуде, біз тек қана өзіміз үшін ғана емес, болашақ ұрпақтарымыздың жарқын өмір сүруіне, экологияны жақсартуға бар күшімізді салуымыз керек.


“2030 стратегиясы” бойынша орман ресурстарын тұрақты дамытуда келесі приоритеттер қаралды:

  • орманды қорғауға, пайдалануға мемлекеттік бақылау;

  • орман ресурстарын басқару;

  • орманды қорғау және күзету;

  • орманды қайта қалпына келтіру және орманды қорғау шараларын көбейту.

Қазақстан орман шаруашылығының негізгі экологиялық саясаты, ол орман қорларын пайдалану мүмкіншілігі мен оның экологиялық жағдайын жақсарту үшін оны басқарудағы реттеу жұмыстарын жүргізу, орман қорларын нәтижелі пайдалану, оны күзету және қорғау мен қайта өндіру. Орман биосфераның ең маңызды компоненті, экологиялық, әлеуметтік және экономикалық жағынан алғанда маңызды, жер бетіндегі тіршілікке үлкен әсерін тигізетін шаруашылықтың бірі болып табылады.

Семей өңірінің орманы айрықша орман жалдарын құрайтын, қайыңды-ырғайлы ормандар және Қазақтың ұсақшоқыларының оңтүстік-шығысында алма ағашынан тұратын өзінше бір ерекше табиғи кешен. Бұл табиғи кешен рекреациялық, санитарлы-гигиеналық, суды қорғау, ауа райын реттеуші және топырақты, даланы қорғау, әлеуметтік қорғау функцияларын орындайды.

Семей аймағы (1997 ж. Семей облысы Шығыс Қазақстан облысының құрамына кірді) облыстың батыс бөлігінде орналасқан, солтүстігінде Ресеймен, оңтүстік-шығысында Қытаймен, оңтүстігінде Алматы облысымен, батысында Қарағанды, солтүстік-батысында Павлодар облысымен шектеседі. Оңтүстіктен солтүстікке қарай 500 км, ал батыстан шығысқа қарай 400 км-ден аса ұзындыққа созылып жатыр.

Аймақтың мемлекеттік орман қоры 1947 ж. ҚазССР Орман шаруашылығы Министрлігінің негізінде құрылды.

“Облыстық орындаушы комитетіндегі халық депутаттар Советінің орманды басқару және Қазақстандағы орман шаруашылығының Министрлігінде жергілікті басқарма ұйымдарын енгізу туралы” ҚазССР-нің Жоғарғы Кеңес Президиумының 21.02.47 ж. Жарлығы бойынша Семей облысында, ҚазССР ОШМ басқармасы құрылды.

Орман, балық және аң шаруашылығы Комитетінің 29.03.99 ж. (№63 функция) Жарлығы бойынша Семей орман, балық және аң шаруашылығы басқармасы Шығыс Қазақстан облысының орман, балық және аң шаруашылығы басқармасына берілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы № 931 Жарлығы бойынша орман және аң шаруашылығы Комитеті құрылды.

“2030 жылға дейін Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын дамыту және орнықтыру концепциясы туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 қарашадағы № 1692 қаулысында Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының орманды жалдарының негізінде екі ұлттық паркті қорғау ұсынылды, одан кейін “Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігіне қарасты орман және аң шаруашылығы Комитеті жеке мемлекеттік мекемелерін ұйымдастыру туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 75 қаулысында Семей аймағының жануарлар әлемі мен орманды қорғау мемлекеттік мекемесі, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің орман және аң шаруашылығы Комитетінің негізінде “Мемлекеттік табиғи орман қоры” – (“Семей орманы” МТОҚ) болып қайта құрылды.

Жануарлар әлемі мен орманды қорғау мемлекетік мекемелерінің ауданы, филиалдары мен олардың орналасқан жерлері 1-кестеде берілген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет