№ 13 практикалық сабақ Тақырыбы: Қоршаған орта объектілерінің экомониторингінің өзекті мәселелері
Сабақтың мақсаты: "Экологиялық мониторинг" тақырыбы бойынша негізгі мәселелерді зерттеу.
Әдістемелік нұсқау:
Тарауды алдын-ала оқулықтан, дәріс жазбалары, әдістемелік нұсқаулардан оқып, біліп алыңыздар. Білімді бақылау таңдалған тақырып бойынша эссе дайындау және қорғау арқылы жүзеге асырылады.
Бақылау сұрақтары:
1. Экомониторингтің түсінігі, түрлері, объектілері, сипатталатын көрсеткіштері, мақсаттары мен міндеттері.
2. Мониторинг сатылары (экожүйелердің жай-күйін бақылау, қазіргі сәтте жай-күйін бағалау, перспективаға арналған ахуалды болжау).
3. Қоршаған орта объектілерінің ластану деңгейін бағалау және бақылау әдістері. Қоршаған орта объектілеріндегі ластаушы заттарды бақылау ережелері мен бақылау әдістері: спектрлік, электрохимиялық және хроматографиялық. Экологиядағы математикалық модельдеу. Биосфералық қорықтардың экологиялық мониторингтегі рөлі .
4. Қоршаған ортаның сапасын бақылау саласындағы халықаралық ынтымақтастық. Қоршаған ортаны қорғау туралы заңнамалық актілер. Қоршаған ортаны қорғау туралы ҚР Конституциясы.
1-тапсырма: Эссе тақырыптары.
1. Мониторинг саласын анықтауға әртүрлі тәсілдерді талдау және экологиялық мониторинг неге әртүрлі профильдегі мамандарды қажет ететінін түсіндіріңіз.
2. Сіздің болашақ мамандығыңыздың қоршаған орта жағдайын бақылаумен байланысы.
Әдебиеттер:
1. Чибисова Н.В., Долгань Е.К. Экологическая химия: Учебное пособие / Калинингр. ун-т. - Калининград, 1998. - 113 с.
Достарыңызбен бөлісу: |