1 Қоршаған ортада химиялық процестерді зерттейтін біп қатар ғылыми пәндер кешені қазіргі заманда қалыптасқан. Оларды «Қоршаған орта химиясы» жалпы тақырыбымен біріктіреді. ҚО



бет44/57
Дата19.01.2022
өлшемі269.24 Kb.
#454685
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   57
ЭКОЛ.ХИМИЯ КАЗ УМК

Дәрістің мақсаты -Экологиялық мониторинг ұғымы мен мәні. Мониторингтің сыныптамасы және деңгейлері туралы студенттерге түсіндіру.

 «Мониторинг» сөзі латын тілінде «монитор» - «бақылаушы», «сақтандырушы» деген мағынаны береді. Желкенді кеменің басқа кемелермен, қайраңдармен, су астынан көтеріліп тұратын жар тастардан (риф) соқтығысып қалудан сақтандырып тұратын матросты «монитор» деп атаған (Е.Н. Вилесов, 1999). Қазіргі кезде мониторингтің көптеген түрлері бар. Қоршаған табиғи орта мониторингі дегеніміз – адамдардың денсаулығына, тірі ағзалардың тіршілігіне, олардың қауымдастығына, табиғат кешендеріне зиянды және қауіпті жағдайлардың алдын алу, табиғатты қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану шараларын жасау мақсатында қоршаған ортаның жағдайын бағалау және болжау. Бірінші кезекте табиғаттағы антропогендік өзгерістерге басты назар аударылады. Бақылау әдістері бойынша мониторинг: биосфералық (ғаламдық), экологиялық, биологиялық (индикаторлар көмегімен), санитарлық-токсикологиялық, халықаралық, аймақтық, ұлттық, жергілікті, ғарыштық және т.б. болып жіктеледі.

Ықпал ету көлемі бойынша мониторинг кеңістіктік және уақыттық болып жіктеледі. Ақпаратты талдау сипатына қарай базалықәлемдікаймақтық және ерекше қауіпті аймақтардың (импактылы) мониторинг болып бөлінеді. Базалық мониторингі – адамның тікелей немесе жанама түрде әсер етуі арқылы өзгеріске ұшырайтын табиғи процестер мен құбылыстарды бақылау, қадағалау.

Ғаламдық мониторинг – биосферадағы планетарлық үдерістер мен құбылыстарды табиғатқа антропогендік әсерлермен қоса бақылау. Ғаламдық мониторинг құрамында табиғи үдерістердің жағдайын, әлемдік мұхиттардың жағдайын, газдардың ауысуын бақылау және болжау, жердің жылу және энергетикалық балансын, радиация деңгейін, тропосферадағы және бірен-саран гидросферадағы оттегі мен көмір қышқыл газ деңгейінанықтау, атмосфераның ластану деңгейін бақылау. Ғаламдық мониторинг аймақтың және тұтастай биосферадағы табиғи процестер туралы білуде, қоршаған ортаны қорғау барысында ғаламдық мәселелерді шешуде маңызды рөл атқарады.

Қазіргі таңда адамның шаруашылық іс-әрекеттерінің әсерінен климаттың өзгеруі тірі ағзаларға кері ықпалын тигізуде. Азот және көміртегі тотығының атмосферада шамадан артық жиналуы салдарынан озон қабатының бұзылуы; әлемдік мұхиттардың мұнай және мұнай өнімдерімен ластануы мәселелерін, атмосфера (тропосфера) және гидросфера, өсімдіктер мен жануарлар әлемі, жердің топырақ жамылғысын әлемдік деңгейде бақылауға бағытталған.

Осы деңгейлес ғарыштық мониторингтің міндеттерін сипаттап көрсету қажет. Ғарыштық мониторинг дегеніміз ғарышта ұшатын аппараттармен қашықтан мониторинг жүргізудің түрі.Табиғат ресурстарын есептеу және жағдайын бағалау үшін ғарыштық техникаларды пайдаланып, Жерді қашықтан бақылаудың бір түрі. Соның нәтижесінде табиғат ресурстарының ғаламдық және аймақтық таралуы және оларды пайдалану барысындағы өзгерістері туралы ауқымды мәліметтерді өте қысқа мерзімде алуға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет