Клубтық іс-әрекет барлық жастағы оқушыларды белсенді шығармашылық іс-әрекетке тартуға, пәндік білім мен білікті дамытуға, мәдени құндылықтарды игеруге бағытталған. Клубтың негізгі қызметі, әдетте, жетекшінің кәсіби, ғылыми немесе жеке бас қызығушылықтарымен байланысты әр түрлі жобалар бойынша жұмысты ұйымдастыруға бағытталады. Мысалы, компьютерлік клуб баспалық немесе электрондық түрдегі сынып (мектеп) газетін шығарумен, интернеттегі мектеп сайтына қызмет көрсетумен, информатика бойынша желілік жобаларға, сайыстар мен олимпиадаларға қатысумен айналыса алады.
Іскерлік ойындар – оқушылардың бойында шешім қабылдаушы адамның ролінде нақты іс -әрекетті мүмкіндігінше толық сезінуді туындату үшін нақты зерттеліп отырған нысанның немесе жағдайға ұқсас нұсқасын пайдаланатын белсенді оқыту тәсілі. Олар құрал-жабдықтық есептерді шешуге бағытталған: нақты іс-әркет тұрғызу, нақты мақсаттарға жету, қатысушылардың іскерлік қарым-қатынастар жүйесін қалыптастыру. Балалармен өтетін іскерлік ойындар әдетте қарапайым сюжетті болады, оларды ұйымдастыру семинары түрінде өткізуге де болады.
Информатика пәні бойынша диспут – бұл сыныптар арасында сұрақтар мен жауаптар алмасатын өзіндік ойын. Диспут барысында алдымен қиын сұрақтар қойылады. Диспуттың материалы туралы сұрақтың маңызы зор. Бұл сұрақ диспуттың мақсаттарына байланысты шешіледі. Осындай мақсаттардың ең маңыздысы – бұл өткен оқу жылдарындағы оқу материалын қайталау. Бұл жағдайда оқушылардың алдына белгілі бір уақыт аралағындағы материалды, анықтамаларды, қасиеттерді, ережелерді білетіндей, есептерді шығарып, осы материал бойынша белгілі бір іс-әрекеттерді орындай алатындай қайталау міндеті қойылады. Әрбір диспутқа қойылатын ең төменгі талап оқушылардың оқулықтағы материалды дәл, жақсы және толық білуі, тұжырымдамаларды білуі мен түсінуі болып табылады. Тек осыдан кейін ғана және осының негізінде оқушылардың оқу материалымен шығармашылық жұмысын ұйымдастырып жүргізуге болады.
3 ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Оқытуда Блум таксономиясын қолдану.
Қазіргі кездегі білім беру сапасы оқушылардың түрлі қызметтер саласындағы негізгі құзыреттілік түріндегі білім беру нәтижелерінің жетістіктерімен түсіндіріліп отыр. Оқу әрекетін ұйымдастыруда жеке тұлғаның өзін-өзі таныту тетіктерін, ғылыми ойлау әдістерін, зерттеу мәдениетінің негіздерін игеруді, кәсіби мақсаттарын қалыптастыруды қамтамасыз ету қажеттілігі туындап отыр. Бүгінгі таңда педагогтің міндеті оқушыларды білім мөлшерімен жабдықтау емес, білімді өз бетімен алу үшін жағдай жасау болып табылады. Осыған орай, әдебиет пәнінің оқытылу сапасын жақсарту, оқыту әдістемесін ғылыми зерттеу нысанына ала отырып, соны ізденістер жасау, оны тікелей іс-тәжірибе арқылы дәлелдеуге қол жеткізу кезек күттірмейтін маңызды мәселеге айналуда. Әдебиеттен білім беру көркем әдеби мәтінді ой көзімен түсіне оқып, жан-жақты талдау жасаумен ерекшеленеді. Осыған орай, тілдік қатынастың дамуына алғышарт тудырудың басты факторы оқушыға тілдік орта жасау болса, сол тілдік орта оқу мәтіндерінің коммуникативтік, ой дамытушылық, шығармашылық, зерттеушілік сипаттарымен айқындалуы оқу тапсырмаларында жан-жақты қарастырылуы қажет. Тұлғаның рухани-адамгершілік тәрбиеленуі бүгінгі таңда өзекті мәселе болып отыр. Оқушының адамзаттық құндылықтарды игеруі ана тілі және туған әдебиетіміздің рухани байлықтарын түйсінуі арқылы бойына сіңірілмек. Ол үшін сабақта әр оқушының өзінің интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерінің шыңына жету мүмкіндігін қамтамасыз ететін, құзыреттілігін қалыптастыратын оқу тапсырмаларын әзірлеу қажеттігі туындайды. Осыған орай, заманауи талаптарға сай Еуропалық біліктілік жүйесіндегі «Ана тілінде сөйлесе алу» құзыреттілігіне негізделген оқу тапсырмаларын әзірлеудің әдіс-амалдарын қарастыру көзделеді. Әдебиетті оқытуда көркем әдеби мәтінді ой көзімен түсіне оқып, жан-жақты талдау жасаумен ерекшеленеді [ 2, б.5].
Бүгінде көркем мәтінді табиғатына сай талдаудың тиімді жолдарын қарастыра отырып, Блум таксономиясына негізделіп құрылған тұлғаның құзыреттілігін қалыптастыратын оқу тапсырмаларын дайындаудың теориялық амал-тәсілдері мен практикалық бөлімдегі оқу тапсырмалары арқылы оқыту әдістемесіне білім сапасын арттыратын инновациялық өнімді әдістер енгізу өзекті болуда.
Оқушының өздік жұмысын тиімді ұйымдастыруда ұсынылатын Блум таксономиясына негізделген тапсырмалар жүйесінің алдына қоятын мақсаты да жоғарыдағы мәселелерге байланысты құрылған. Құзыреттілік педагогикаға негізделген Б. Блумның мақсат қою технологиясын тиімді пайдаланған оқушының «Мен шығармашыл тұлғамын» деген өзіне-өзі сыни көзбен қарауға көзқарасы қалыптасқан, алған білімін өмірде пайдалана алатын әлеуметтенген құзыретті тұлға даярланады. Деңгейлік тапсырмалар негізінде тұлғаның өз ісіне мақсат қоя отырып, оны іске асыру үшін әр түрлі жағдайлардағы проблемаларды анықтап, жауапты шешім қабылдап, өз шешімінің нәтижесін бағалай алу біліктілігі және эвристикалық, ізденушілік әдістерге негізделген шығармашылық зерттеу мәселелерін шеше алу қабілеттілігі дамиды, тұлғаралық әлеуметтенуі негізінде коммуникативтік құзыреттілігі артады.
|
Төмен
|
Орташа
|
Жоғары - талдау
|
|
Жоғары - жинақтау
|
Білім
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |