1. Парадигмалар мен принциптер: жеті дағды туралы жалпы түсінігі


Гипотеза: Курстық жұмыста аталған әдістерді тек теория жүзінде емес, іс-жүзінде қолдануының нәтижесін көрсетеді. Мақсаты



бет3/11
Дата07.12.2022
өлшемі72.28 Kb.
#466693
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Курстық жұмыс Кыдырбаев Д.

Гипотеза: Курстық жұмыста аталған әдістерді тек теория жүзінде емес, іс-жүзінде қолдануының нәтижесін көрсетеді.
Мақсаты: Ақпаратты талдау барысында ойды белсендіру әдістерін қарастырып, негізгі бағыттарын көрсету болып табылады.
Зерттеу жұмысын жүргізу міндеттері:

  • Зерттеу тақырыбы бойынша деректер жинау

  • Алынған деректерді өңдеу

  • Жұмыс нәтижелерін қорытындылау.

Зерттеу сұрақтары:


2.Негізгі бөлім.

Жеті дағды әрқайсысы өз алдына жеке-дара психологиялық тәсілдер мен формулалардың жиынтығы емес. Бұл әдістеме дамудың табиғи заңдылықтарымен үйлесе отырып, жеке және тұлғааралық тиімділікті дамытудың сатылы әрі жоғары деңгейде біріккен тәсілі. Ол бізге үздіксіз кемелдену жолымен тәуелділіктен тәуелсіздікке және өзара тәуелділікке жылжуға көмектеседі. Жеті дағды – тиімділік дағдылары. Олардың негізінде белгілі бір принциптер жатқандықтан, ықтимал ұзақмерзімді нәтижелердің ең жақсысына жеткізеді. Олар мінездің іргетасына айналады, солардың көмегімен адам кез келген түйткілді тиімді шешіп үйренеді, өз мүмкіндігін кеңейтеді, оған қоса, өзі ашқан жаңа принциптерді өсім спираліне кірістіре алады. Тиімділікке екі элементтің – ақырғы “нәтиже” мен соны алуға кеткен ресурс пен амал қарастырады. Тиімділік тепе-теңдікті сақтауға келіп тіреледі.


2.1 Бірінші дағды. Проактивті болу.
Қазіргі заманда проактивті термині менеджмент туралы әдебиеттерде кеңінен қолданылғанымен, бұл сөздің мағынасын қарапайым сөздіктен іздеп таппайсыз. Ол жай белсенділіктен әлдеқайда кең мағынаға ие. Бұл «Адам болып туған соң, өз өмірімізге жауаптымыз» дегенді білдіреді. Біздің мінез-құлқымыз қоршаған ортаның әсерінен емес, өз шешімімізден қалыптасады. Сезімімізді өз құндылығымызға бағындыра аламыз. Болып жатқанның бәрі өзімізден басталады, жауапкершілік жүгін де өзіміз арқалаймыз.

Адам баласы өзіңнің ойлау процесіңді сараптау қабілетті. Сол себепті адам баласы – жер-жаһанның иесі, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып дамып келеді. Осы қабілет арқылы біз тек өз тәжірибемізбен шектелмей, өзгенің қателеріне қарап үйрене аламыз. Осы қабілеттің арқасында адамдар қажет дағдыны меңгереді, қажетсізінен бас тартады.

Адам әрқашан таңдау еркіндігіне ие болады және ол өз өмірінде болып жатқан әрбір нәрсеге өзі жауапты болады. Сондай-ақ оның іс-әрекетіне мән-жайлар немесе орта емес, оның өзі ғана әсер етеді.
Көптеген адамдар өмірді өзгерте алатын маңызды оқиғалар өздігінен пайда болады деп санайды. Олар біреу олардың өмірін жақсырақ етуге тырысады деп үміттеніп күтеді. Бірақ елеулі нәтижелерге проблемелер туралы ойлайтындар емес, сол проблемаларды шешетіндер, сылтау іздейтіндер емес, шешім табуға тырысатындар қол жеткізеді. Мұндай адамдар үшін тіпті бір «қолдаймын» деген сөз тоқсан тоғыз «қарсымын» деген сөзден әлдеқайда маңызды. Проактив адамдарға да сыртқы факторлар әсер етеді: физикалық, әлеуметтік немесе психологиялық. Бірақ олардың стимулдарға реакциясы, мейлі ол саналы не бейсаналы болса да, жеке құндылықтарына негізделген таңдау болмақ.
Элеонора Рузвельт бірде былай депті: «Өзіңіз келіспейінше, ешкім сізге қиянат жасай алмайды». 

Проактивтілік принципі «іштен сыртқа қарай» болатын өзгерістерге әкеледі. Бір нәрсені сырттан табу мен оны өзгертудің ешқандай мағынасы жоқ. Егер сіз жағдайға шынымен әсер етуді қаласаңыз, тек өзіңізге берілген билікпен жұмыс істеуіңіз керексіз – бұл өзіңізсіз. Проактивтілік көбінесе оқиғаларды бақылауға алу үшін жағдайларға белсенді реакция ретінде түсіндіріледі. Адамның өз мақсаттары мен этикалық қағидаларына сәйкес әрекет етуі түбегейлі маңызды, яғни ол өз іс-әрекетінің түпкі мақсатын нақты біледі. Проактивтілік демек, адамдар жұмыста ғана емес, сонымен қатар әр адамның жеке өмірінде әр түрлі жағдайларды жеңуге деген көзқарасты білдіреді десек қателеспейміз. Өйткені, мақсаты әрқашан жақсырақ болуы тиіс. Яғни, әрбір жеке тұлға жағдаятқа қатысатын жағымды және белсенді қатынас бақылауды өз қолына алып, айналада болып жатқан оқиғалар мен олар үшін жауап беретін нәрселерді жақсарту үшін идеялар мен әдіснамалар жасауды бастау үшін өте маңызды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет