1. Парадигмалар мен принциптер: жеті дағды туралы жалпы түсінігі


Бесінші дағды.Әуелі түсінуге, содан кейін түсінікті болуға ұмтылу



бет7/11
Дата07.12.2022
өлшемі72.28 Kb.
#466693
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Курстық жұмыс Кыдырбаев Д.

2.5 Бесінші дағды.Әуелі түсінуге, содан кейін түсінікті болуға ұмтылу.
Таңқаларлық жәйт, жақсы сөйлейтін адам емес, керісінше мұқият тыңдай білетін адам өз идеяларын анық және сенімді жеткізе алады. Сіз өз позицияңызды дәлелдеу немесе онымен бөлісу емес, түсіну ниеті бар тыңдау қабілетін – эмпатикалық тыңдау дағдыларын меңгеруіңіз керексіз. Мұның мәні біреумен жай ғана келісу емес, басқа адамды мүмкіндігінше жақсы түсіну болып табылады.
Мәселені көтерер алдында, жағдайды бағалау және қорытындыны тұжырымдау алдында, өз ойларыңызды баяндаудан бұрын позицияға басқа ракурстан қарауға тырысыңыз. Сіз сенім мен ашықтыққа көңіл аударуыңыз керексіз.

2.6 Алтыншы дағды. Синергияға жету.
Синергия – принциптерге сүйенген көшбасшылық. Түсіне білген жанға, синергия – қалған дағдылардың бәрінің мүмкіндігі толық ашылатын, әрі нағыз сынға түсетін, ең жоғары тәртіптегі әрекет. Синергия адамдардың бойындағы алапат күш-қуатты өршітіп, бір арнаға тоғыстырып, еркіне жібереді. Жоғарыда сипатталған дағдылардың барлығы бізді синергияның ғаламат күйіне бір қадам жақындата түседі. Қарапайым тілмен айтқанда, бүтін мен оның бөлшектерінің қосындысынан да асып түседі дегенді білдіреді. Яғни олардың арасындағы байланыстың өзі осы бүтіннің бір бөлігі болып, оның үстіне басқаларына қарағанда, айрықша ынталандырушы, біріктіруші және таңғажайып қалыпта көрінеді.
Шын мәнінде тиімді тұлға өзін мұқият бағалайды,өз қабылдауының шектеулігін мойындайды және басқа адамдармен өзара іс-қимылда сарқылмайтын мүмкіндіктердің көзін көре алады. Мұндай тұлға адамдар арасындағы айырмашылықтарды лайықты бағалайды, өйткені олар оның қоршаған әлем туралы білімін толықтырады.
Стивен Ковидің пікіріне сәйкес синергия дегеніміз команданы қалыптастыру, командалық ойын, ұйымшылдық, басқа адамдармен шығармашылық қарым-қатынас болып табылады. Егер адамдардың қарым-қатынасы туралы айтатын болсақ, онда тұтас зат жеке бөліктердің сомасынан артық болуы мүмкін. Егер синергияға қол жеткізілсе, шын мәнінде тамаша шешімдер табу мүмкіндігі пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет