1. Парадигмалар мен принциптер: жеті дағды туралы жалпы түсінігі


Үшінші дағды. Басты іске мән беріп, өз-өзіңді басқару принциптері



бет5/11
Дата07.12.2022
өлшемі72.28 Kb.
#466693
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Курстық жұмыс Кыдырбаев Д.

2.3 Үшінші дағды. Басты іске мән беріп, өз-өзіңді басқару принциптері.
Өзін-өзі басқару дегеніміз тәртіптілікті, орындаушылықты, белгіленген тәртіпті ұстануды білдіреді. Ең алдымен қазіргі уақытта аса маңызды болып табылатын өзекті мәселелерді шешу қажет. Сіз басымдықтарды белгілеп, егер қажет болса, мәнді емес мәселелердің бәрін екінші жоспарға шегеруіңіз керек.
Көптеген адамдар шұғыл істерді орындауды бастаған кезде қателесуге жол береді – ең маңыздысын орындау әлдеқайда тиімді, ал одан кейін өз қаражаты мен ресурстарының дамуы мен нәтижеліліктің өсуі арасындағы тепе-теңдікті сақтап қалу керек деп ойлайды. Тиімді адамдар проблемаларды емес, мүмкіндіктерді ойлайды.
Үшінші дағды – бірінші мен екінші дағдының іске асуының жемісі, жеке жетістік. Бұл дағды – мінезінің түпнегізінде айнымас принциптер жатқан адам болу мақсатында тәуелсіз жігерді жаттықтыруға ұмтылыс, осы ниетті үнемі минут сайын, күн сайын жүзеге асыруға бағытталған дағды болып табылады. Бірінші және екінші дағды – үшінші дағдыны дамытудың міндетті алғышарты. Әуелі жеке проактивтілігіңізді дамытпай, өз парадигмаларыңызды анықтап алмай және оларды қалай өзгертуге, сондай-ақ қағидаларға қалай сәйкестендіруге болатынын толық түйсініп алмай, принциптерге бағдарланған тұлға болу мүмкін емес. Бірақ оған негіз болса, сіз минут сайын, күн сайын принциптерге сүйенген адам ретінле қалыптасып, үшінші дағдыны пайдалануға, яғни өз-өзіңізді тиімді басқаруға төселесіз.
Үшінші дағдыны сөз еткенде, біз өмірді және уақытты игеруге (тайм-менеджмент) байланысты сұрақтары негізге аламыз. «Әрекетіңізді өмірлік басымдықтарыңызға қарай жоспарлаңыз» бұл үшінші дағдының ұраны десек қателеспейміз. Ең бастысы — режимге үйренуіңіз қажет.
80/20 ережесін орындаңыз
Бұл ереже Парето заңы деп аталады. Бұл ережені итальяндық экономист Вильфредо Парето ойлап тапты. Егер сіз осы ережені уақытты басқаруға қолдансаңыз, онда сіз 20% әрекет етуіңіздің арқасында 80% істің нәтижесін көресіз.
2.4 Төртінші дағды. “Ұттым/ ұттым” күйінде ойлану.
«Ұттым/Ұттым»
«Ұттым/Ұттым» – адамдардың бір-бірімен өзара әрекеттесу жағдайында пайда табуға бағытталған жүрек пен ақылдың ерекше күйі. «Ұттым/Ұттым» екі жаққа тиімді, екі жақты да қанағаттандыратын барлық уағдаластықтар мен шешімдерді білдіреді. «Ұттым/Ұттым» типті шешім қабылдағанда екі жақ та риза, іс-әрекет жоспарын жақтаушы болады. Өмір «Ұттым/Ұттым» нұсқауындағы адамдарға бәсеке емес, ынтымақтастық алаңы ретінде көрінеді. Көбінесе, біз: күшті – әлсіз, бірбеткей – жігерсіз, жеңіс – жеңіліс деген секілді қарама-қарсы бағалауға бейім келеміз. Бірақ бұлай ойлау теріс. Ол принциптерге емес, билікке және атқарып жүрген лауазымға негізделген. «Ұттым/Ұттым» нұсқауының өзі барлығына да жетеді, ал бір адамның жетістігі басқалар есебінен қол жеткізілмеуі керек және басқаны табыстан айыруға болмайды деген парадигмаға негізделген. «Ұттым/Ұттым» нұсқауы – бұл үшінші баламаның бар екендігіне деген сенім. Бұл – менің де, сенің де шешімің емес, одан да жоғары деңгейдегі ең жақсы шешім. Кейде өзара тиімді шешімдерді табу өте қиын болғанымен, бұл қажеттілік болып табылады, өтпеген жағдайда болашақта екі тарап та ұтылатын болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет