ББҚ таңбалауға қойылатын талаптар мемлекеттік стандарттарда,
техникалық
регламенттерінде көрсетілген Сатуға шығарылатын өнімнің тұтынушылық қаптамасы
мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:
•
тауардың атауы;
•
құрамы. Диеталық қоспаға енгізілген барлық ингредиенттер көрсетіледі.
Өнімнің
жалпы массасындағы жекелеген элементтердің пайызы туралы ақпарат міндетті түрде
көрсетіледі;
•
орау күні;
•
жарамдылық мерзімі;
•
сақтау шарттары. Оларды толық сақтаған жағдайда ғана өндіруші өнімнің
қасиеттерін белгіленген жарамдылық мерзімінде сақтауға кепілдік бере алады;
•
тағамдық құндылығы;
•
өнім өндірушінің атауы және орналасқан жері.
Осыған ұқсас деректер
тұтынушылардан шағымдарды қабылдауға уәкілетті субъект бойынша да көрсетіледі;
•
пайдалану бойынша ұсыныстар.
Бұл қолдану жиілігі, пайдалану уақыты,
басқа
мәліметтер болуы мүмкін;
•
Көрсеткіш бір таблеткаға, капсулаға немесе диеталық
қоспалар пакетіне қатысты
көрсетіледі;
•
өнім өндірісі жүзеге асырылатын нормативтік-техникалық құжаттама туралы
деректер;
•
сауда белгісі (ол тіркелген жағдайда);
•
ерікті сертификаттау жүйесінің белгілері (өнім және өндіріс).
Достарыңызбен бөлісу: