1. Патологиялык физиологияның зерттеу объектісі және әдістері. Патофизиология және клиникалық медицинаның дамуы үшін тәжірибе әдісінің маңызы. Тәжірибелік емдеу ауруларды зерттеудің және емдеудің жаңа әдістерін әзірлеуінің маңызды әдісі


Организмнің қорғаныстық, теңгерулік және қалпына келтірулік әсерленістері, сауығу механизмдері



бет9/11
Дата25.12.2022
өлшемі44.3 Kb.
#467895
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
патфиз емтиханға эталон

10. Организмнің қорғаныстық, теңгерулік және қалпына келтірулік әсерленістері, сауығу механизмдері.
Орын толтырып бейімдену-бұл организмнің бүлініске икемделу жауабының маңызды бөлімі. Орнын толтыру клиникалық сауығудың негізгі факторларының бірі болып табылады.
Аурудың басында қорғаныстық-орын толтыру үдерістері молекулярлық және жасушалық деңгейлерде дамиды.Бүлініске қарсы жауап ретінде икемделуді қамтамасыз ету үшін функционалдық қорды жұмылдыру процесі жүреді және ол ағзаішілік,жүйеішілік,жүйеаралық деңгейде келесі түрде іске асады:
• Ауру ағзаның резервтік қоры қосылады.
• Викарлық гиперфункция дамиды.Жұп ағзаның бірінің бүлінісі кезінде дамиды.Жалғыз ғана қызмет етіп тұрған ағзаның барлық функционалдық резервтік қорын жұмылдыру ағзаның қызметін толық қамтамасыз ете алмайды,алайда кейіннен ағза жасушаларының саны ұлғаюына байланысты,ағза өзінің қызметін қалыпты жағдайға дейін қалыптастырады.
• Қызметі жағынан бүлінген ағза мен тінге жақын ағзалар мен жүйелердің жұмыс қарқыны артады,бұл қандай да бір мөлшерде бұзылған гомеостазды қалпына келтіреді және организмнің өмір сүруін ұзартады.
Келесі құрылымдық орын толтыруларды ажыратады:
Гипертрофия-ағзаны құрайтын функционалдық бірлік көлемінің артуынан ағзаның салмағының артуы.Мыс,жүректің,қаңқа бұлшықеттерінің гипертрофиясы.
Гиперплазия-ағзаны құрайтын функционалдық бірлік санының артуынан ағзаның үлкеюі.Бейім ағзалар:лимфоидты тін,шырышты қабықтардың тіні.
Регенерация-бүліністен кейінгі ағза немесе тіннің қалпына келу үдерісі.

  • Реституциялар-бүлінген тіннің паренхиматоздық жасушаларының бөлінуі арқылы ақауды толтыру.

  • Субституциялар-бүліністің қалпына келуі дәнекер тін жасушалар есебінен болады.

Орын толтыру деформациясы-ом.бағанасының кеуде бөлімінің айқын сколиозында немесе кифозында кеуде қуысы ағзалары орналасуының өзгерістері,сонымен қатар ахалазия кезінде тарылу аймағының жоғары бөлігінде өңештің кеңеюі.
Коллатералдердің дамуы.Ағзаны қоректендіретін негізгі қантамырларында қан ағысының бұзылысы кезінде.

Сауығу-ауру организмнің бұзылған қызметтерінің қалпына келуі.Оның қоршаған орта жағдайларында өмір сүруге бейімделуі және қызметтік іс-әрекетке қайтып келуі.


Сауығу механизмдері.Саногенездің 3 негізгі түрін ажыратады:
1.Жедел қорғаныстық – орын толтырушылық серпілістер,әсер еткеннен кейін бірінші секундтар мен минуттарда пайда болатын,негізінен,қорғаныстық рефлекстер болып табылады. Олардың көмегімен организм аз уақыт ішінде зиянды заттардан босатылады.(құсу,жөтел,түшкіру)Бұл серпілістердің түріне стресс-реакциялар кезіндегі адреналин мен глюкокортикоидтық гормондардың шығарылуын да жатқыза аламыз.
2.Салыстырмалы тұрақты қорғаныстық-орын толтырғыштық механизмдер:
Оларға жатады:
• Бүлінген және сау ағзалардың резервтік мүмкіндіктерінің немесе қордағы күштерінің қосылуы.
• Реттеуші жүйелердің көптеген көптеген аппаратарының қосылуы,мыс жылу реттелуінің жоғары деңгейге ауысуы, эритроциттер санының артуы.
• Уларды бейтараптау үдерістері
Жараның жазылу механизмдерінде,қабынуда,иммундық және аллергиялық серпілістерде маңызды рөл атқаратын белсенді дәнекер тіннің серпілістері
3. Тұрақты қорғаныстық-орын толтырғыштық серпілістер: иммунитет,теңгерулік гипертрофия,репаративті регенерация және басқа құрылымдық теңгерулер бастан кешкен аурудан соң көптеген айлар және жылдар бойы сақталады.

11. Ауруларды алдын алу және емдеуінің этиотроптық және патогенездік негіздері


Этиотропты терапия (грекше «себеп» + басқа грекше «бұрылу; өзгерту») — аурудың себебін жоюға бағытталған ем.
Мыс,жұқпалы ауруларды антибиотиктермен емдеу. Антибактериалды препараттар бактериялық инфекцияны емдеу үшін этиотропты болып саналады (яғни, олар себепке әсер етеді - бактериялар).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет