2. Жалпы нозология түсініктері: денсаулық, норма, ауру алды, ауру анықтамалары. Дерттік үрдіс, дерттік серпіліс, дерттік жағдай туралы түсініктер. Нозология (гректiн nosos - ауру, дерт, logos iлiм) ауру туралы жалпы ілім. Бұл медицина ғылымынын ен бiр көне күрделі мәселесі.
Денсаулык деп организмнiн сырткы орта ыкпалдарына бейімделіп, өзінің iшкi турақтылығын қалыпты денгейде сактап калатын жагдайын айтады.
Ауру-деп тұтас организмнiң қоршаган ортаның ыкпалдарына қорганып-бейiмделу мүмкіншіліктерінің шектелуiмен көрiнетiн, дерт туындататын сыртқы немесе iшкi ыкпалдардан дамитын, оның биологиялык және әлеуметтiк муктаждыктарын аткара алмайтын және сапалы жағдайын айтады. Ауру түсінігі дерттік серпіліс (патологиялык реакция), дерттік үрдіс (патологиялык процесс), дерттiк жагдай (патологиялык жагдай) деген түсiнiктерге жакын турады.
Ауруалды жағдай- қоршаған ортаның жағдайларына организмнің икемделіп-бейімделу мүмкіншіліктерінің шектелуімен көрінетін,сәйкес сауықтыру шаралары болмауынан ауруға ауысатын адамның жағдайын айтады.Бұл кезең жасырын және аурудың басталу сатыларынан тұрады.
Жасырын саты ауру туындататын ықпал әсер еткеннен аурудың алғашқы көріністеріне дейінгі уақыт.Жұқпалы аурулар кезінде бұл саты инкубациялық кезең деп аталады.Химиялық заттармен улану кезінде жасырын немесе латенттік,өспелер дамуында-өспе алды немесе обыралды кезең деп аталады.
Артынан аурудың алғашқы хабаршы белгілері көріне бастайды:әлсіздік.көңіл-күйдің бұзылуы,ұйқының бұзылуы,тәбеттің болмау,бас ауруы.Бұл аурудың продромалық сатысы.
Дерттік серпіліс - организмнiң немесе оның кейбiр жүйелерінің әдеттегі немесе ауру туындататын қоздыргыштардың әсерлерiне биологиялык мәнсiз және сәйкессiз жауап қайтаруы.Мәселен, көпшiлiк адамдар елей бермейтiн, шан, есiмдiк тозандарына т.б. заттарға кейбiр адамдар түшкіріп, көзiнен жас ағып жауап кайтарады. Кейбiр адамдарда дәрiлердiн әсерiнен анафилаксиялык сілейме (шок) дамиды.
Дерттік үрдіс- деп ауру туындататын ыкпалдың бүлiндiргiш әсерiне, заңды түрде пайда болатын, тіндер мен ағзалардағы әрi зақымдану, әрi қоргану-бейімделу серпiлiстерiнiң жиынтыгын айтады.
Мәселен, тез дамитын кейбiр тiндердiн кабынуы. Бұл кезде кейбiр агзалар мен тiндердiн кұрылымы мен кызметiнiн бузылыстары жалпы организмнiң ауруына әкелмейдi. Мысалы, терiскен, сыздауык, пульпит (тіс улпасынын кабынуы), шикан. Дерттік үрдістер көптеген аурулардын даму негiзiнде жа- тады.
Дерттiк жағдай-деп организм үшiн керi биологиялык мәнi бар қалыптан тыс тұрақты ауытқуды айтады. Ол өте сылбыр дамитын дерттік үрдіс немесе онын салдары.
Мәселен, терi мен шелмай өзектерінің қабынуы дерттік үрдіс болады. Осы қабынудың нәтижесінде организмде көптеген жыл сақталатын тыртық жиi дамиды. Тыртық тiнiнде баска тiндердегідей зат алмасуы өтедi. Тыртык сылбыр ететiн патологиялык үрдіс, баскаша айтканда дерттік жағдай және ол мида, жүректе, бауырда т.б. iшкi агзаларда қалыптасуы мүмкiн.