1. Патологиялык физиологияның зерттеу объектісі және әдістері. Патофизиология және клиникалық медицинаның дамуы үшін тәжірибе әдісінің маңызы. Тәжірибелік емдеу ауруларды зерттеудің және емдеудің жаңа әдістерін әзірлеуінің маңызды әдісі


Патогенездегі себеп-салдарлық қатынастар, алғашқы және кейінгі зақымданулар. Патогенездің басты буындары, «кері айналып соғу шеңбері»



бет8/11
Дата25.12.2022
өлшемі44.3 Kb.
#467895
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
патфиз емтиханға эталон

9. Патогенездегі себеп-салдарлық қатынастар, алғашқы және кейінгі зақымданулар. Патогенездің басты буындары, «кері айналып соғу шеңбері».
Патогенез-аурудың даму жолдарының жалпы зандылықтарын,оның өтуі мен салдарларын,ауру дамуының механизмін зерттейтін патологиялық физиологияның бір бөлімі.
Патогенездің негізгі және ең жалпы заңдылығы- өзін-өзі дамыту,өзін-өзі реттеу.Демек,дерт бір кезде пайда болып,содан ары қарай тізбектеліп өтеді.Мыс,басталған сыздауық барлық сатыларынан өтпей аяқталмайды.
Ауру ұдайы дамып,өзгеріп,құбылып тұратын динамикалық құбылыс.Сондықтан аурудың әрбір даму сатыларына сәйкес себеп салдарлық арақатынастар пайда болады.Мыс,дененің жарақаттануы бүлінген тіндердің сезімтал рецепторларын қоздырып,ауыру сезімін туғызады.Ауыру сезімі орталық жүйке жүйесінде қантамырларының қимылдық орталығын әлсіретеді,содан артериялық қан қысымы төмендейді.Артериялық қан қысымының төмендеуі гипоксияға әкеледі.Ары қарай гипоксия зат алмасу үрдістерінің бұзылысына,ph-тың метаболизмдік ацидоз жағына ығысуына әкеледі.Бірінші себеп,белгілі бір салдарға әкеліп,екінші реттегі себептің пайда болуына,екінші себеп үшінші реттік себептің дамуына әкеліп,дерт ары қарай тізбектеліп өтеді.Аурудың дамуындағы осындай арақатынастарды себеп-салдарлық арақатынастар дейді.
Кері айналып соғу шеңбері-деп аурудың себеп-салдарлық арақатнастарындағы бір салдардың,кері айналып келіп,бастапқы бір себепті одан сайын күшейтуін айтады.Мәселен,жарақаттық сілейме даму жолдарында артериялық қысым төмендеуінен дамитын гипоксия жүрек етінде заттардың алмасуын бұзып,оның атқаратын қызметін өзгертеді.Содан артериялық қысымның төмендеуі және майда қан айналымның бұзылыстары одан сайын күшейеді.Осындай жағдай мидың гипоксиясынан қан тамырларының қимылдық орталығының тежелуі күшейіп,артериялық қысымның деңгейін одан сайын төмендетеді.Ол өз алдына гипоксия дамуын ары қарай күшейтеді.
Кері айналып соғу шеңберлерін жасуша деңгейінде де байқауға болады.Оған мысал ретінде жасуша мембранасының насостық қызметі бұзылуын келтіруге болады.Содан жасуша ішінде кальций иондарының жиналып қалуынан,бұл артық иондарды митохондрийлер сорып алады.Сол себепті митохондрийларда тотығулық фосфорлану бұзылып,фосфорлық қосындылардың (АТФ,креатинфосфат) түзілуі азаяды,энергия тапшылықты жағдай дамиды.Бұл өз алдына,кері айналып соғып,жасуша мембраналарының насостық қызметін бұзылуын одан сайын күшейтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет