3. Ауру аяқталуы. Толық және жартылай сауығу. Ремиссиялар, рецидивтер, асқынулар.
Сауығу - науқас адамның бұзылған ағзалары мен тiндерiнiң құрылымы мен әрекеттерiнiң және қоршаган ортанын ықпалдарына сәйкес оның бейімделу мүмкіншіліктерінің қалпына келуi. Ересек адам үшiн сауығудың белгiсi болып, онын еңбекке оралуы есептеледі. Бұл жағынан оны реабилитация (лат. ге - кайтадан, abilitas - жарамдык) - қайтадан еңбекке жарамдық дейді.
Ремиссия - деп науқас адам жагдайының уакытша түзелуiн түсінеді. Бұл кезде аурудың ары қарай дамуы баяулайды немесе тоқтайды, тiптi дерттің клиникалык көрiнiстерi толық жоғалады. Ремиссия организмнің сауығуы емес, ол аурудын қайталануымен ауысады.
Қайталану (рецидив) - аурудың клиникалық көрiнiстерiнiң уакытша жоғалуынан кейiнгi қайталануы. Ол ауруды емдеу кездерiнде дертті туындаткан ыкпалдардың толык аластанбауымен байланысты болады. Осының нәтижесiнде бұл аурудың қайта дамуы мен оның клиникалык көрiнiстерi қайталануы ықтимал.
Асқыну - организмде бар ауру бойынша екiншi үрдіс. Ол негiзгi аурудың ерекшелiктерiмен байланысты немесе өткізілген аңғарымдық және емдік шаралардың күтпеген салдарлары ретiнде пайда болады. Тез қан кету тамыр ішіндегі шашыранды қан ұю синдромымен асқынуы мүмкін. Қантты диабет бүйрек қызметі бұзылуымен, кома дамуымен, артериялык гипертензия мига қан құйылуымен асқынады.
4. Өлім ауру аяқталуының бір түрі ретінде, өлім түрлері. Терминалдық жағдайлар.
Өлім - организмдегi тiршiлiктiң толык тоқтауы. Табиғи және мезгiлсiз немесе патологиялык өлім болады. Табиғи өлім тұлға тіршілігінің заңды аяқталуы болып есептеледi, ол организмнiң әбден қартайып тозуынан дамиды. Патологиялык өлiм әркашан мезгiлсiз, кез-келген жаста болуы мүмкін.
Терминалдық кезең үш сатыдан өтеді:
а)преагоналдық (жанталас алды) сатыда мидың қыртыстық және қыртысасты бөлімдерінің функцияларының бұзылыстары дамиды, алғаш тахипноэ және тахикардия кейіннен брадикардиямен брадипноэ дамиды, АҚ қарқынды төмендеп критикалық деңгейден (80-60 мм. рт.см) төмен түседі, асфиксиядан өлген жағдайда АҚ алғаш жоғары шапшып кейін бірден төмен түседі. Кейде қорғаныштық мезанизмге негізделген ағзаның рефлекторлық қозуы байқалады да, ол энергетикалық дефицитке дейін жалғасады. Бұл кезеңнің биологиялық маңыздылығы ағзаға қауіп тудырып отырған жағдайдан шығуға бағытталғанымен, іс жүзінде егер қауіп доғарылмаса ол тек өлімді тездетеді. Қозу фазасынан кейін естің бұзылуы гипоксиялық комамен қатар жүріп отырады. Преагоналдық кезеңнен кейін 1-4 минутқа созылатын терминалдық пауза орнайды. Ол брадикардия, тыныс тежелуі, асистолия, жарыққа қарашық реакциясы болмауы, қарашық үлкеюімен көрініс береді. Алайда наркоз үстінде жан тапсырған пациентте терминалдық пауза болмайды.
б) Терминалдық пауза аяқталуымен агония (жанталас) дамиды. Агонияның өзіне сай ерекше көрінісі ретінде терминалдық тынысты айтуға болады, ол сирек, қысқа, терең тыныстық қимылдармен сипатталады.
в)Клиникалық өлім кезеңі замануи реанимациялық ем кешендері арқылы қайтымды процесс болып табылады. Клиникалық өлім 5-6 минутқа созылады, ал суық жағдайда 30 минутқа дейін созылады, тыныс алу, жүрек қағу тоқтайды, себебі оттегі жетіспейді. Клиникалық өлімнің ұзақтығы өлім түріне, адам жасына, дене температурасына жәнеде басқа көптеген факторларына байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |