Оқытудың саналылығы, көрнекілігі, принциптері
Оқытудың принциптер түсінігі. Оқытудың принциптер жүйесі (шолу). Математиканы оқыту принциптерін жүзеге асыру.
Математиканы оқытудың дәстүрлі және дәстүрлі емес әдістері
дәстүрлі емес түрлері көбінесе оның жеке әдістеріне негізделіп құрылуда. Ондағы мақсат - әрбір сабақтың оқу-тәрбиелік мүмкіндіктерінің мол екенін көрсете отыра, оны жаңа сапалық сатыға көтеру. Олардың қатарына дәріс, конференция, пікірталас, компьютерлік сабақтарды жатқызуға болады. Бірақ, жоғарыда аталған сабақтың дәстүрлі емес түрлері – оның жаңа немесе жеке түрлеріне жатпайды. Себебі, ондай сабақтардың дидактикалық құрылымы анықталмаған, ешбір дидактикалық қағидаларға негізделмеген. Сабақта қолданатын дәстүрлі емес жеке тәсіл-амалдарға жататын: жарыс, сайыс, бәйге, аукцион, көкпар, ойын, саяхат – сабақтың құраушылары деп қарау керек. Әрине, дәстүрлі емес сабақтар қатаң құрылымы және қалыптасқан жұмыс кестесі бар күнделікті оқу жұмыстарына қарағанда әдеттегідей емес ой, ұйымдастыру, өткізу тәсілдері оқушыларға өте ұнайды. Дегенмен де ол мұғалімдерге оқыту жұмысында осындай тәсілдерді көптеп сабақтар жүйесінде пайдалануға кеңес береді. Дәстүрлі емес сабақтар – қалыптан тыс, күнделікті сабақтан өзгеше сабақтың жаңартылған түрлері. Дәстүрлі емес сабақтарды өтілу нұсқасы мен мақсат-міндеттеріне қарай 3 топқа бөлуге болады: ой қорыту сабағы, ойын сабағы, жарыс сабақтары. Ой қорыту сабақтары оқушылардан нақты тұжырым, қорытындыларды, ой-түйіндерді талап ететін дәстүрлі емес сабақтардың түрлері. Ой қорыту сабақтарына: дәріс, семинар, сынақ сабақтар, ХХI ғасыр көшбасшысы сабағы, қосар сабақ, модульдік сабақтарды жатқызуға болады. Семинар сабағы – Семинар сабақтары көбінесе оқылған дәріс тақырыбына байланысты негізгі өзекті мәселелерді талқылау, оқушылардың танымдық ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік шығармашылық белсенділіктерін шыңдау мақсатын көздейді.Аукцион сабақ. Аукцион сабақ дәстүрлі емес сабақтардың негізгі түрлерінің бірі. Аукцион сабақтары көбінесе қайталау-пысықтау сабақтарында пайдалану қолайлы. Аукцион сабағының негізіне-бәсеке жүргізу жатады. Аукцион сабағында әртүрлі заттар көрмеге қойылады, оқушылардың ол заттарды сатып алу үшін, ол заттардың қасиеттерін айтып, артындағы тапсырмаларды орындаулары керек. Аукцион сабақ бір нәрсені сату арқылы өткізіледі. Сабақтың құрылымы: өткен сабақты тексеру, аукцион төртібін түсіндіру, зат сату, финал, қорытынды. Сабақ кезінде сатылатын бірнеше заттар тұрады. Затты ол туралы көп білетін оқушы сатып алады. Мысалы: киіз үй, қолөнер бұйымдары. Саяхат сабағы - дәстүрлі емес сабақтың бір түрі. Саяхат сабағы бақылауға алынған объектіні жан-жақты зерттеуді жүзеге асыратын білім беруді ұйымдастыратын сабақ түрі. Саяхат сабақ ерекшелігі - бұл сыныпта емес табиғат құбылыстарын қоршаған ортаның тылсым сырын ұғуға бағытталған, оқушының табиғат аясында өткізілетін сабақ. Саяхат сабақ балалар үшін тәрбиелік мәні бар.Табиғат сұлулығын түсіну одан үндестік табу оқушылардың эстетикалық сезімін, эмоциясын, мейірімділігін, қоршаған ортаға деген қамқорлығын оятады. Сонымен қатар оқушылардың өзара дұрыс қарым – қатынас жасауына ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |