1. Пәннің мақсаты мен міндеттері, оның оқу процесіндегі ролі



бет5/9
Дата13.06.2016
өлшемі1.18 Mb.
#133725
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9

6. Папуляция өзінің саны мен өзгермелі орта жағдайына бейімделуін қандай жолдармен реттейді.

А) Өсу және тұрақтану

В) Тұрақты және орын басу

С) Жаңару және орын басу

Д) Шектеу және жаңару

Е) Қысқару және тұрақтану

7. Популяцияда бiр айда, жылда немесе он жылда туылған даралардың санын қалай атайды?

А) Туылу.

В) Көшiп келу (имеграция)

С) Өлiм.


Д) Көшiп кету (эмиграция).

Е) Миграция.

8. Популяцияның тығыздығы дегенiмiз не?

А) Тiршiлiк кеңiстiгiнiң аудан бiрлiгiне келетiн даралар саны.

В) Берiлген кеңiстiктердегi даралардың белгiлi бiр саны.

С) Жалпы саны.

Д) Кiшкене жердегi әртүрлi даралардың саны.

Е) Барлық аталғандар.

9. Папуляциялардың құрылымы мен санының динамикасының жалпы заңдылықтарын зерттейтін экология.

А. Дем экология..

В. Аут экология

С.Син экология.

Д.Гео экология.

Е.Ноо экология.

10. Әр түрлі түрлерге жататын папуляциялар жиынтығын біртұтас организмдер

деңгейінде зерттейтін экология.

А. Син экология.

В.Дем экология.

С. Аут экология.

Д.Гео экология.

Е.Ноо экология.

6-АПТА


ОБСӨЖ №11

Тақырып: Экожүйедегі энергия ағымы және химиялық элементтер айналымы.


ОБСӨЖ жоспары:

  1. Термодинамикалық заңның экожүйеде орындалуы.

  2. Көмірсутек, азот, оттегі жөне басқа химиялық элементтердің айналымы.

  3. Биоценоздың трофикалық құрылымы (продуценттер, консументтер, редуценттер).


ОБСӨЖ мәтіні:

Экожүйедегі энергия. Жоғарыда келтірілгендей биоценоздағы организмдер арасында тұрақты қоректік байланыстар қалыптасқан. Мұндай қатынастар белгілі бір организмдердің тобын біріктіріп отырады. Осы қоректік тізбектер құрамдас үш бөлімнен тұрады.

Біріншісі - продуценттер немесе өндірушілер. Мұнда автотрофты жасыл өсімдіктер органикалық заттар түзіп, алғашқы биологиялық өнімділікті түзеді және күн энергиясын жұмсайды (сіңіреді).

Екіншісі - консументтер, бұған жануарлар жатады.

Үшіншісі -редуценттер немесе қайта қалпына келтірушілер. Оларға микроорганизмдер жатады. Олардың ролі ерекше, яғни, заттарды ыдыратып, қайта қалпына келтіріп зат айналымын жалғастырып отырады.

Әрбір қоректіктізбектің қатарында белгілі бір трофикалық (қоректік) деңгей қалыптасады. Ол өзінен өтетін зат және энергия ағымының белсенділігімен сипатталады.

Мәселен, жасыл өсімдіктер - бірінші трофикалық деңгейді түзсе;

фитофагтар – екінші;

ал жануарлар тектес қоректілер – үшінші: т.с.с. деңгейлерді түзіп жалғаса береді.

Барлық қоректік тізбектер бір-бірімен байланысты және тәуелді болып отырады. Әрбір деңгейден екінші, үшіншіге өткен сайын зат немесе энергия беру жүзеге асады. Осының бәрі биоценоздағы қоректік тізбектің күрделілігін және біртұтас жүйе ретінде әрекет ететіндігін көрсетеді.

Экологиялық пирамида. Биоценоздағы қоректік тізбектегі қоректің (азық) барлығы бірдей организмнің өсуіне немесе биомассаның жинақталуына жұмсалмайды. Оның біразы организмнің энергия қуатына: тыныс алу, қозғалу, көбею, дене температурасын ұстап тұруға жүмсалады. Сон-дықтан бір тізбектің биомассасы екіншісіне дейін толық өңделмейді. Егер ондай болған жағдайда табиғатта қор ресурсы таусылған болар еді. Осыған байланысты әрбір келесі қоректік тізбекке өткен сайын азықтың биомассасы азайып отырады. Нәтижесінде, бір трофикалық деңгейден екіншісіне өткен сайын биомасса, сандық құрамы және энергия қоры азайып отыратыны анықталған. Бүл заңдылықты кезінде эколог Ч. Элтон зерттеп өзінің есімімен "Элтон пирамидасы" деп атаған. Экологиялық пирамиданың негізгі 3 типі бар:


  1. Сандық пирамида - организмдердің жеке сандық көрсеткішін айқындайды.

  2. Биомасса пирамидасы - жалпы құрғақ салмақты, немесе "өнімділікті" анықтайды.

  3. Энергия пирамидасы - энергия ағымының қуатын немесе жылу энергиясын анықтайды.

Сандық пирамида трофикалық (қоректік) деңгей бойынша организмдердің санын көрсетеді. Особьтардың саны продуценттерден консументтердің әр деңгейіне өткен сайын азая береді. Мысалы, 1 га шалғындықта I деңгейде 9 млн-ға жақын өсімдіктер өседі; II деңгейде - 700 мың өсімдіктермен қоректенетін насекомдар; III деңгейде - 350 мың жыр-тқыш насекомдар мен өрмекшілер; IV деңгейде:

Консументтер III

Консументтер II

Консументтер I

Продуценттер

Биомасса пирамидасы трофикалық деңгейлері бойынша экожүйедегі барлық организмдердің биомассасының ара салмағын көрсетеді. Жер беті экожүйелерінде I деңгейдегі консументтерге қарағанда продуценттер салмағы көп, ал II деңгейдегі консументтерге қарағанда I деңгейдегі консументтердің салмағы артық және т.с.с. Су экожүйелерінде пирамида төңкерілген түрде болады. Өйткені трофикалық деңгейлердің өсуімен қорлардың биомассасы да артады. Су экожүйелерінің негізгі продуценттері - фитопланктондар. Мұның негізін қүрайтын бір клеткалы балдырлар бірнеше күннен бірнеше аптаға дейін өмір сүреді. Екінші деңгейдегі организмдермен келесі трофикалық деңгейдегі организмдер ұзағырақ өмір сүреді де, биомассаны да көбірек жинақтайды. Мұндай теріс аударылған пирамида жылдың барлық маусымдарында бола бермейді. Көктемде, планктонның жаппай көбеюі кезінде олардың биомассасы екінші және үшінші трофикалық деңгейдегі организмдердің биомассасынан көп болады.

Энергия пирамидасы - экожүйенің әрбір трофикалық деңгейіндегі немесе осы деңгейлер арқылы ететін энергия мелшерін көрсететін биомасса пирамидасының бір түрі. Алайда энергия пирамидасы ешқашан "төңкерілген" пирамида күйінде болмайды. Өйткені, келесі трофикалық деңгей езі арқылы алдыңғы деңгейдің сіңірген энергиясының тек бір бөлігін ғана еткізуі мүмкін.

Зат және энергия ағымы. В. И. Вернадскийдің биосферадағы тіршіліктің тұрақты дамуы ондағы тірі затардың (биогенді) табиғаттағы үздіксіз айналымы жемісінің нәтижесі екенін айтқан болатын. Өйткені, тірі заттардың элементтері қоршаған табиғи ортаға түсіп, одан соң тірі организмдер арқылы қайтадан айналымға ауысатыны белгілі. Осылайша әрбір элемент тірі организмдерді әлденеше рет пайдаланып отырады. Соның нәтижесінде жер бетінде тіршіліктің дамуы үнемі даму үстінде жүзеге асып, биоценоздағы биогенді айналымды жүзеге асырады. Бірақ та, заттардың биогенді айналымын абсолютті тұрғыда деп түсінбеу керек. Себебі, айналымдағы заттар бір трофикалық деңгейден екіншісіне еткен кезде әлсін-әлсін зат айналымына түсіп үздіксіз қайталанып отырады. Нәтижесінде жер шарында органикалық заттардың қоры (торф, кемір, мұнай, газ, жаңғыш сланц) жинақталады. Бүл қорлар да ез кезегінде жүмсалып, қайтадан айналымға түсіп, зат айналымының үздіксіз (шексіз) процесін жалғастырып жатады.

Күн – энергиялық іс жүзінде сарқылмайтын көзі болып табылады. Оны тікелей немесе жанама, яғни фотосинтездің өнімдері, судың айналымы, ауа массаларының қозғалысы және т.б. арқылы пайдалануға болады. Қазіргі кездің өзінде көптеген елдерде (АҚШ, Израиль, т.б.) жылумен, ыстық сумен қамтамасыз етуде күн энергиясын пайдаланады. Парникте қарапайым құрылғылардың көмегімен күн энергиясын жинауға болады. Тәуліктің жарық кезеңінде жылуды жинау үшін беттік ауданы мен жылу сыйымдылығы жоғары материалды орналастырады. Олар: тастар, су, металл, құм және т.б. күндіз олар жылуды жинайды, ал түнде бөліп шығарады. Мұндай құрылғылар Ресейдің, Қазақстанның, Орта Азияның оңтүстігінде теплицаларда кеңінен қолданылады.

Жел. Жүздеген жылдардан бері жел механикалық энергия көзі ретінде қолданылып келді (диірмендер, ағаш кесу құрылғылары)

Теңіз мұхит суларының энергетикалық ресурстарын пайдалану

Термоядролық энергия Қазір атом энергетикасында энергия көзі және ыдырау өнімі ретінде радиоактивті элементтер қолданылады.

Жоғарыда айтылғандардың барлығы қазіргі кездегі білімнің даму деңгейі, жасалып жатқан технологтялар адамзатқа энергетикалық ресурстардың сарқылуына байланысты және энергетиканың экологиялық мәселелерді туғызуы жөнінен тұйыққа тірелу қаупінің болмайтынын көрсетеді.

Энергия – материяның барлық түрлерінің өзара әсері мен қозғалысының жалпы сандық өлшемі. Ол табиғат құбылыстарын біріктіреді.

Термодинамиканың бірінші заңы – энергияның сақталу заңы табиғаттағы энергия жоқтан пайда болмайды, жоғалып кетпейді. Ол тек бір түрден екінші түрге айналады.

Термодинамиканың екінші заңы бойынша энергияның өзгерісімен байланысты процестер тек энергия концентрленген түрден таралған күйге өткенде ғана өздігінен жүре алады (ыстық заттың жылуы суық ортаға өздігінен тарайды).
6-АПТА

ОБСӨЖ №12

(4 балл)

ОБСӨЖ тақырып: Қауымдастық экологиясы – синэкология.


ОБСӨЖ жоспары:

1. Экожүйедегі энергия ағымы және химиялықі элементтер айналымы.

2. Түр аралық бәсекелестік қауымдастықтың түр құрылымын сақтаудың негізгі бір механизмі ретінде.
Студенттердің орындайтын тапсырмалары:

Реферат тақырыптары



  1. Экологиялық пирамида

  2. Биоценоздардың тіршілігіне факторлардың әсері.

  3. Тірі затқа тән қасиеттер.

  4. Биосфераның энергетикасы

  5. Биосферадағы биохимиялық циклдер және зат айналымы.

  6. Экожүйедегі энергия


Бақылау сұрақтары:

1. Азық түлік мәселесі?

2. Ауыл шаруашылығындағы минералды тыңайтқыш азық – түліктегі нитраттарын анықтау?

3. Биоценоздар?

4. Биогеоценоздар?
ГЛОССАРИЙ

1.Синэкология

2. Дэмэкология

3. Аутекология

4. Биоценоз

5. Биогеоценоз

6. Зооценоз
Тақырып бойынша тест тапсырмасы:

1. Табиғатта әр түрге жататын популяциялар бірігіп не түзейді.

А) Биоценоз

Б) Фитоценоз


В) Микоценоз
С) Микробиоценоз
Д) Зооценоз

2. Ортаның микробиогендік биотикалық факторларына мыналар жатады.

А. Жасыл өсімдіктер

В. Жан-жануарлар

С. Адамзат

Д. Миробтар мен вирустар+

Е. Қоршаған орта

3. Биоценоздардағы организмдердің тұрмыс жағдайларын, қоршаған ортамен қарым-қатынастарын зерттейтін экологияның түрін былай деп атаймыз:

А. Синэкология

В. Ғылыми экология

С. Биоэкология

Д. Демэкология

Е. Аутэкология

4. Бейорганикалық заттарды органикалық затқа айналдыра алатын автотрофты организмдер:

А. продуценттер

В. консументтер

С. Редуценттер

Д. Сапрофиттер

Е. капрофиттер

5. Биологиялық жүйелердің өзгерістерге қарсы тұруы және қасиеттердің тұрақтылығын сақтау қаблеті:

А. Гомеостаз

В. Сукцессия

С. Адгезия

Д. Агротенк

Е. Адаптация

6. Дайын органикалық заттармен қоректенетін организмдер:

А. Сапрофагтар және гетеротрофтар

В. Гетеротрофтар және автотрофтар

С. Биофагтар және автотрофтар

Д. Автотрофтар және гетеротрофтар

Е. Биофагтар және сапрофагтар

7. Саңырауқұлақтар жиынтығы деген

А) Микоценоз

Б) Фитоценоз


В) Биоценоз
С) Микробиоценоз
Д) Зооценоз

8. Өсімдіктер жиынтығы

А) Фитоценоз
Б) Біоценоз

В) Микоценоз


С) Микробиоценоз
Д) Зооценоз

7-АПТА


ОБСӨЖ №13

ОБСӨЖ тақырыбы: Экологиялық пирамидалар (сандар, биомасса, энергия).


ОБСӨЖ жоспар:

  1. Энергияның кейбір дәстүрлі емес көздерін пайдалану

  2. Биоценоздардың өнімділігі

  3. Организмдердің арасындағы қарым – қатынастардың типтері.

Күн – энергиялық іс жүзінде сарқылмайтын көзі болып табылады. Оны тікелей немесе жанама, яғни фотосинтездің өнімдері, судың айналымы, ауа массаларының қозғалысы және т.б. арқылы пайдалануға болады. Қазіргі кездің өзінде көптеген елдерде (АҚШ, Израиль, т.б.) жылумен, ыстық сумен қамтамасыз етуде күн энергиясын пайдаланады. Парникте қарапайым құрылғылардың көмегімен күн энергиясын жинауға болады. Тәуліктің жарық кезеңінде жылуды жинау үшін беттік ауданы мен жылу сыйымдылығы жоғары материалды орналастырады. Олар: тастар, су, металл, құм және т.б. күндіз олар жылуды жинайды, ал түнде бөліп шығарады. Мұндай құрылғылар Ресейдің, Қазақстанның, Орта Азияның оңтүстігінде теплицаларда кеңінен қолданылады.



Жел. Жүздеген жылдардан бері жел механикалық энергия көзі ретінде қолданылып келді (диірмендер, ағаш кесу құрылғылары)

Теңіз мұхит суларының энергетикалық ресурстарын пайдалану

Термоядролық энергия Қазір атом энергетикасында энергия көзі және ыдырау өнімі ретінде радиоактивті элементтер қолданылады.

Жоғарыда айтылғандардың барлығы қазіргі кездегі білімнің даму деңгейі, жасалып жатқан технологтялар адамзатқа энергетикалық ресурстардың сарқылуына байланысты және энергетиканың экологиялық мәселелерді туғызуы жөнінен тұйыққа тірелу қаупінің болмайтынын көрсетеді.

Энергия – материяның барлық түрлерінің өзара әсері мен қозғалысының жалпы сандық өлшемі. Ол табиғат құбылыстарын біріктіреді.

Термодинамиканың бірінші заңы – энергияның сақталу заңы табиғаттағы энергия жоқтан пайда болмайды, жоғалып кетпейді. Ол тек бір түрден екінші түрге айналады.

Термодинамиканың екінші заңы бойынша энергияның өзгерісімен байланысты процестер тек энергия концентрленген түрден таралған күйге өткенде ғана өздігінен жүре алады (ыстық заттың жылуы суық ортаға өздігінен тарайды).

7-АПТА


ОБСӨЖ №14

(4 балл)



ОБСӨЖ тақырып: Экожүйенің тұтастығы және тұрақтылығы.
ОБСӨЖ жоспары:

  1. Экожүйенің гомеостазы, кері байланыс механизмі.

  2. Экологиялық сукцессия (алғашқы, ехшші).

  3. Табиғи сукцессия процесінде және антропогендік әрекетінен биологиялық әртүрлілігінің өзгеруі.

Студенттердің орындайтын тапсырмалары:

Коллоквиум сұрақтары


  1. Экожүйе дегеніміз не?

  2. Экожүйе және экожүйелер типтері?

  3. Экологияда "биогеоценоз" ұғымы?

  4. "Экожүйе" ұғымын енгізген ғалым?

  5. Биогеоценоз шекарасы?

  6. Экожүйелердің жіктелінуі?

  7. Функцияналдық жіктелу?

  8. Экожүйелердің құрылымдық жіктелуі?

  1. Экожүйелердің өнімділігінің заңдары?

  2. Экожүйелердегі органикалық заттың жасалу жылдамдығы?

  3. Биологиялық өнімділік?

  4. Бірінщі реттік өнімділік?

  5. Екінші реттік өнімділік?

  6. Биоценоздар құрылымы және экожүйедегі энергия?

  7. Биоценоздың түрлік құрылымы?

  8. Биоценоздың кеңістік құрылымы?

  9. Биоценоздың экологиялық құрылымы?

Тест тапсырмалары



  1. Экожүйе дегеніміз не?

А. Зат, энергия және ақпарат алмасу

В.Дем экология.

С.Син экология.

Д. Аут экология

Е.Ноо экология.

2. Экологиялық жүйелерді биосфералық деңгейде қарастыратын экология.

А. Гео экология..

В.Дем экология.

С.Син экология.

Д. Аут экология

Е.Ноо экология.

3. Ағзаның табиғаттағы орнына және оның бүкіл тіршілік ету жағдайларына, қоректену түріне, уақыты мен әдісіне, көбейетін орнына, баспанасына т.б қатынасының жиынтығын қалай атайды?

А. экологиялық қойма (ниша)

В. зоохария

С. биотикалық фактор

Д. Энергия ағымы

Е. паразитизм



  1. Экожүйенiң аталған компоненттерiнiң қайсысы редуцент болып табылады?

A) Шыбын.

B) Жауын құрты.

C) Кесiртке.

D) Шегертке.

E) Барлық аталғандар.

5. Аталған ғылымдардың қайсысы экожүйе терминін тұжырымдаған?

A) А. Тенсли..

B) Ю. Лебийх

C) В. Вердардский.

D) Г. Гаузе.

E) Ч. Дарвин.



6. Мөлшері әртүрлі табиғи (мұхит, тундра, орман, құмырсқа илеуі және т.б.) және жасанды (аквариум, ферма территориясы, қала) кешендерге қатысты қолданатын кең ұғым.

A) Экожүйе

B) Жауын құрты.

C) Кесiртке.

D) Шегертке.

E) Барлық аталғандар.

7. Экожүйелердің жіктелінуінің түрлерін ата?

A) Функцианалды және құрылымдық

B) Экожүйе

C) Кесiртке.

D) Шегертке.

E) Барлық аталғандар.

Екінші аралық бақылау




Тақырыбы

Апта реті

Ұпай саны

Бақылау түрі

15

Биосферадағы заттар айналымы

1. Әлемдік биогеохимиялық циклдар. В.И.Вернадскийдің негізгі биогеохимиялық заңдары.

2. Өндірістің даму қарқыны және қоршаған ортаға түсетін салмақ.











16

Биосфера туралы ілім және В.И.Вернадскийдің биосферлі-ноосфералық концепциясы.

1. Биосфера туралы концепцияның қалыптасуы.

2. Тірі заттың өлемдік ролін анықтау.


8 апта

3 б

Бақылау сұрақтары

Тест

17

Табиғи қорлар және табиғатты тиімді пайдалану.

1.Жердің табиғи қорларының сипаттамасы: литосфера, гидросфера және атмосфера.

2.Адамзатты табиғи қорлармен қамтамасыз ету проблемасы.











18

Су ресурстары және оны қорғау.

1.Су ресурстары және оны қорғау. Жер бетіндегі су ресурстары.

2.Суды қамтамасыз ету және суды пайдалану, жүйелеу, түрлері.


9 апта

5 б

Тест

19

Атмосфералық ауа және оны қорғау жолдары.

1.Атмосфералық ауа және оны қорғау жолдары. Атмосфераның газдық құрамы.

2.Атмосфералық ауаның ластануының себептері мен салдары.

3.Атмосферадағы ластаушы заттардың шектеулі рұқсат мөлшері (ШРМ).












20

Өндірістік экологияның келешегі.

1. Қала экологиясы.

2. Соңғы кездегі табиғаттың өзгеруі.

3.Ағынды суларды тазалау әдістері: механикалық, химиялық және биологиялық.



10 апта

5 б

Глоссарий

Бақылау сұрақтары

Тест

21

Атмосфералық ауаны қорғаудың құқықтық негіздері.

1.Атмосфералық ауа және оны қорғау жолдары.

2.Атмосфераның ластануының зиянды әсерлері.

3.Атмосфераның ластануының ғаламдық салдары












22

Топырақтар және оларды тиімді пайдалану

1.Топырақтар және оларды тиімді пайдалану.

2.Жер қорларының ластануы және құнарсыздануының көздері, себептері.

3.Шөлдену проблемасы. Жерді қорғау шаралары.



11 апта


4 б

Реферат

Тест

23

Ауылшаруашылық, өндірістің даму нәтижесінде пайда болған экологиялық мәселелер.

1. Пестицидтерді пайдаланудың экологиялық салдары.

2. Ауылшаруашылыққа зиян тигізетін, улы химикаттарға тұрақты түрлердің пайда болуы.

3. Қоршаған ортаның ластануының тірі организмдерге өсері.












24

Табиғатты қорғау.

1. Қазіргі кезеңнің әлемдік экологиялық мәселелері.

2. Қазіргі кезеңнің әемдік экологиялық мәелелері: климаттық өгерістер, озон қабатының азаюы, қышқыл жаңбырлар, шөдену, биологиялық әртүрліліктің азаюы


12 апта


3 б

Бақылау сұрақтары

Тест

25

Қазіргі кезеңнің әлеуметтік – экологиялық мәселелері.

1.Әлеуметтік-экологиялық мәселелер

2.Соғыстар: экологиялық себептері мен салдары.











26

Қазақстанның экологиялық проблемалары.

1.ҚР табиғи ортасының бұзылу процесі оның себеп-салдары.

2.Арал өңірінің әлеуметтік-экологиялық проблемалары.

3.Қоршаған ортаның жағдайын бағалаудың өдістері мен критерийлері.



13 апта

5 б

Тест



27

Қоршаған ортаға қатысты заңды және құқықтық қатынастар.

1.Адамның экологиялық білім алуында этикалық проблемалар

2.Эстетикалық проблемалар.











28

Тұрақты даму концепциясы.

1.Экологиялық құқық.

2.Энергияның кейбір дәстүрлі емес көздерін пайдалану


14 апта

5 б

Коллоквиум

Тест

29

Қоршаған орта және адам қоғамының тұрақты дамуы.

1.Әлеуметті-экологиялық дағдарыс және тұрақты даму.

2.Тұрақты қоғам моделі, оның іске асу қасиеттері мен принциптері.


15 апта

-

-

30

Қоршаған ортаны бақылауды және мониторингті ұйымдастыру принциптері.

1. Қоршаған ортаның жағдайын бағалау әдістері мен көрсеткіштері.

2. Мониторингтің барлық түрлерін ұйымдастырудың негізгі жолдары және принциптері.


15 апта

-

-




Барлығы:

30 балл







Жалпы 1,2 аралық бақылау

60 балл





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет