1. Пәннің мақсаты мен міндеттері, оның оқу процесіндегі ролі


Атмосфераны ластайтын заттектерді топтастыру



бет7/9
Дата13.06.2016
өлшемі1.18 Mb.
#133725
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Атмосфераны ластайтын заттектерді топтастыру.

Қоршаған ортаға енген немесе шектен тыс мөлшерде гіайда болған және ортаны ластайтын кез-келген физикалық агенттерді, химиялық заттектерді және биологиялық микроорганизмдерді ластағыштар деп атайды.

Ластағыш заттектердің қоршаған ортаға әсері физикалық, химиялық қасиеттеріне, олардың ыдырауы арқылы пайда болған өнімдердің қасиеттеріне және қоршаған ортаға тасталған әр түрлі өндіріс шығарындыларының мөлшеріне байланысты. Ластағыштардың атмосферада таралуын анықтайтын ең негізгі параметрге олардың атмосферада болатын уақыты жатады. Осыған байланысты ластауиіы заттектердің өзі немесе шығарындылар үш түрге бөлінеді:


  • әлемдік көлемде ластайтындар - қай жерде шығарылса да қоршаған ортада әлемдік аумақта тарайтын қабілеті барлар, атмосферада көп уақыт бойы (бірнеше жыл немесе айлар) сақталатын шығарынды (тастанды) заттектер (көмір қышқыл газы, фреондар, жартылай ыдырау мерзімі бір айдан жоғары радионуклидтер);

  • аймақтық (региондық) көлемде ластайтындар (бірнеше мемлекеттердің территориясы немесе бір елдің едәуір әкімшіліктік бөлігі кіруі мүмкін) - үлкен аймақты ластайтын, бірақ-та оның мөлшері осы жердің шекарасынан асқасын тез томендегеніне қарамай ластанудың іздік мөлшерде жан-жаққа таралып, шектеулі уақыт (әдетте бірнеше төулік) бойы атмосферада сақталатын шығарынды заттектер (күкірт пен азот өксидтсрі, пестицидтер, ауыр металдар);

жергілікті көлемде ластайтындар (бір жердің шеңберінен аспайтын) — атмосс})ерада аз уақыт қана сақталатын шығарынды заттектер (ірі дисперсиялық аэрозольдар, күкіртті сутск және басқа заттектср, сонымен қатар жоғарыда келтірілген түрлердің өкілдері, мысалы, аласа көздерден шығатын күкірттің, азоттың, т. б. оксидтері).

Атмосфералық ауаны ластаушы көздер мен ластағыштардың құрамы

Атмосфера табиғи жолмен және адамның іс-әрекеті нәтижесінде ластанады. Атмосфераның табиғи жолмен ластануы жанартаудың атқылауына (жерде бірнеше мың жанартау бар, олардың 500-ден астамы активті түрде), тау жыныстарының үгітілуіне, шанды дауылдардың тұруына, орман өрттеріне (найзағай түскенде), теңіз тұздарының желмен аспанға көтерілуі мен ауадағы сулы ерітінді тамшыларының құрғауына, тірі организмдердің іріп-шіру процестеріне байланысты.

Атмосфераны табиғи жолмен ластайтындарға аэропланктондар, яғни өртүрлі аурулар коздыратын бактериялар, саңыраукүлак споралары, кейбір өсімдіктердің тозаңдары жатады. Сонымен қатар атмосфераны ластайтындар қатарына космос шаң-тозаңын жатқызуға да болады. Космос шаңы атмосферада жанған метеориттер қалдыктарынан пайда болады. Секундына атмосфера арқылы орасан жылдамдыкпен (11-ден 64 км/с дейін) 200 млн-ға жуық метеориттер ауа қабатынан етіп отырады, 60-70 км биіктікте көбісі жанып үлгереді. Ғалымдардың болжамына сәйкес тәулігіне жер бетіне 1018 кішігірім метеорит түседі. Жерді атмосфера үлкен космостык жарқыншақтардан да сактайды. Жыл сайын жерге 2-5 млн. т космостық шаң түсіп отырады. Табиғи шаң да Жермен жанаскан атмосфераның құрамдык бөлігіне жатады. Ол ауада қалқып жүретін радиустары 10"6-10"5 м шамасындағы бөлшектерден түрады.

Табиғи шаң бөлшектерінің тегі органикалық жөне анорганикалық, олар келесі процестер нәтижесінде түзіледі:

■тау-кен жыныстарының және топырактың бұзылуы мен желмен мүжілуі;

■жанартаудың атқылауы;



  • орман, дала және шымтезек орттері;

  • теңіз бетінен судың булануы.

Атмосфераның төменгі қабаттарын шаңмен ластайтын көздердің арасында шөлді дала мен басқа да сусыз даланы айрықша атап кетуге болады.

Атмосферадағы шаң буды суға айналдырумен қатар, күн радиациясын тікелей сіңіреді және тірі ағзаларды күн сәулесінен қорғайды.

Заттектердің биологиялық жолмен ыдырауы көп мөлшерде күкіртті сутектің, аммиактың, көмірсутектерінің, азот оксидтерінің, көміртектің оксиді мен диоксидінің және т. б. түзілуіне және олардың атмосфераға түсүіне апарады.

10-АПТА


ОБСӨЖ№20

(5 балл)


ОБСӨЖ тақырып: Өндірістік экологияның келешегі.
ОБСӨЖ жоспары:

1. Қала экологиясы.

2. Соңғы кездегі табиғаттың өзгеруі.

3.Ағынды суларды тазалау әдістері: механикалық, химиялық және биологиялық.


Студенттердің орындайтын тапсырмалары:

ГЛОССАРИЙ

1. Экология

2. Экожүйе

3. Энергобаланс

4. Геоэкология
Бақылау сұрақтары:

1) Қала экологиясы.

2) Соңғы кездегі табиғаттың өзгеруі.

3) Өндірістің даму мен әсері?


Тақырып бойынша тест тапсырмасы:

1. Парниктік эффекттің пайда болу себебі қандай?

А) көміртегі (II) тотығының концентрацийсының артуы

В) фреондар мен метан қалдыктарының тығындыларының артуы

С) «озон тесікгерінің» пайда болуы

Д) жауын-тамшысы

Е) ауаның ылғалдылығының өзгеруі

2. Аллелопатия дегеніміз не?

А) екі түрдің міндетті түрде бірігіп тіршілік етуі мен өзара пайдалы әсері

В) тамактарының калдықгарымен коректену

С) өзара пайдалы, бірақ бірлесіп тіршілік ету міндетті емес

Д) меіаболизм өнІмдерішн көмегімен өсімдіктердің бір-біріне химиялық

Е) селбесіп тіршілік ету

3. Ақтау қаласында АЭС-ң базасында теңіз суын тұшыландыратын завод қай

жылы іске қосылды?

А)1973 ж.

В)1966 ж.

С)1955 ж.

Д) 1981 ж.

Е)1983 ж.

4. Эрозия - бұл:

А) топырактың беткі құнарлы қабатының жойылуы

В) орман төсенішінің түзілуі

С) топырақтағы минералды заттардың түзілуі

Д) радиоактивті ластану

Е) карашіріктің минералдануы

5. Адамзат тіршілігіне қажетгі табиғи қорлар:
А) Шикізаттық.

В) Орын.

С) Азық- түлік.

Д) Энергетикалық.

Е) Экологиялық.

6. Орнықты даму дегеніміз-бұл:

А) Демографиялық, әлеуметтік дамудың жоғары көрсеткіші

В) Экономикалық өркендеудің жоғары саіысы

С) Келешек ұрпактың қажеттіліктер шектеп, бүгінгі азықтың

қажеттіоіктерді қанағаттандыру

Д) Бүгінгі ұрпантын қасиеттіліктерін канағаттандыру

Е) Келешек ұрпактың қажеттілікгерін

7. Қазір біздің планетамыздағы адамдардың саны қанша?

А) 5-6 млрд. адам

В) 4—5 млрд. адам

С) 3—4 млрд. адам

Б) 2—3 млрд. адам

Е) 6—7 млрд. адам.

8. Қышқылдық жауынның пайда болуында қандай зат айтарлыктай рөл

аткарады?

А) Күкірт диоксиді

В) Метан


С) Көміртегі оксиді

Д) Көмірқышқыл газы

Е) Фреондар

9. Атмосфералық ауаны негізгі ластаушы заттар:

А) Күкірт диоксиді, көміртегі оксиді, қатты бөлшектер

В) Формальдвгид

С) Қышқыл жаңбырлар

В) Мұнай өнімдері

Е) Радиоактивті изотоптар

10. Қоршаған ортаға енген немесе шектен тыс мөлшерде пайда болған және ортаны ластайтын кез-келген физикалық агенттерді, химиялық заттектерді және биологиялық микроорганизмдерді не деп атайды?

А) Ластағыштар

В) Формальдвгид

С) Қышқыл жаңбырлар

В) Мұнай өнімдері

Е) Радиоактивті изотоптар

11. Сферада аз уақыт қана сақталатын шығарынды заттектер?

А) Жергілікті ластағыштар

В) Формальдвгид

С) Қышқыл жаңбырлар

В) Мұнай өнімдері

Е) Радиоактивті изотоптар

12. Атмосфераны қорғаудың әлеуметтік нәтижелері

А) халықтың денсаулығының жақсаруы

В)өндіріс шығындарының қысқаруы

С) табиғи ортаның тазаруы

D)табиғи ортаға зиянның азаюы

Е)атмосфераға шығындардың үнемі

11-АПТА


ОБСӨЖ №21

ОБСӨЖ тақырыбы: Атмосфералық ауаны қорғаудың құқықтық негіздері.
ОБСӨЖ жоспары:

  1. Атмосфералық ауа және оны қорғау жолдары.

  2. Атмосфераның ластануының зиянды әсерлері.

  3. Атмосфераның ластануының ғаламдық салдары

ОБСӨЖ мәтіні:

Атмосфераның маңызды қасиеттеріне оның жылдас араласуы мен үлкен ара қашықтыққа орын ауыстыруы, басқа сфералармен, әсіресе мұхитпен байланысы жатады. Мұхитпен жанасуы нәтижесінде мұхит атмосферадағы көміртегінің қос оксиді (СО2), күкіртті газ және басқа қосылыстарды сіңіреді. Атмосферадағы қосылыстардың басым бөлігін өсімдіктер сіңіреді және зат алмасудың топырақ звеносына кіреді. Жылдам араласқыш қасиеті мен оның ластануды таратуы, сонымен қатар локальды ластануды ғаламдық ластануға айналдырушы фактор болып табылады.

Адам атмосфераның әр-түрлі параметрлеріне және қасиеттеріне, оның химиялық құрамына, жылу режиміне, орын ауыстыру, радиоактивтік электромагниттік фон және т.б. әсер етеді.

Адамның атмосфераға әсерінің байқалуы, оның биосфералық процестерге белсенді түрде араласа бастауынан, ормандарды жою, жерді жырту, эрозия, құрғату, суару, қалалар мен өндіріс орындарын т.б. салу нәтижесінде басталды.

Атмосфераны ластаушы заттар.Атмосфераға шығарылатын химиялық заттардың ішінен бірінші орында көмірқышқыл газы тұр. Бұл қосылыс ұзақ өмір сүреді және атмосферада жиналуға қабілетті күкіртті газ әсіресе өсімдіктер үшін қауіпті. Олар жануар мен адамға қарағанда бұл газға өте сезімтал. Өсімдіктер газдың олардың бетіне құрғақ қону немесе қышқыл жауын-шашынмен келіп түсуі нәтижесінде зақымданады. Бұл газ қазіргі кездегі қоршаған ортаның әр-түрлі элементтері әсеріне байланысты бірінші орында тұрған әлемдік ластаушы.

“Парниктік” немесе жылулық эффект мәселесі. Озон мәселесі

Парниктік газдардың әсерінен жылулық баланстың өзгеру нәтижесінде мүмкін болатын жер шарының температурасының ғаламдық артуын парниктік эффект деп атайды. Негізгі парниктік газ көмірқышқыл газы болып табылады. Көмірқышқыл газының парниктік эффектіге қосатын үлесі әр-түрлі мәліметтер бойынша 50% -тен 65% -ке дейін жетеді.

Жер бетіне негізінен жылулық емес, көрінетін сәулелер ағыны түседі. Бұл сәулелер парниктік газдар арқылы өзгермей өтеді. Жер маңы кеңістігінде бұл сәулелердің басым бөлігі әр-түрлі денелермен кездескенде ұзын толқын (инфра-қызыл) жылулық сәулелерге айналады. Парниктік газдар жылу сәулелерінің космос кеңістігіне кетуіне қарсы әсер етеді. Олар қақпанға түскендей болып жиналады да ауаның температурасының артуына (парниктік эффект) әкеліп соқтырады. Мәліметтер бойынша парниктік газдардың әсерінен соңғы жүз жылдықта жердің орташа жылдықтемпературасы 0-0,30С артқан. Қазіргі кезде көмірқышқыл газының концентрациясының арту жылдамдығы жылына 0,3-0,5%. Осыған жақын қарқынмен басқа да парниктік газдардың мөлшері артып келеді. (Метан жылына -1%, азот оксидтері жылына –0,2%). Атмосферадағы парниктікгаздардың мөлшерінің екі еселенуі ХХІ ғасырдың екінші жартысында болуы мүмкін. Бұл ғасырда, әр-түрлі болжамдарға сүйенсек, планетаның орташа жылдық температурасының 1-3,50С-ға артуына әкеледі.

Болжамдар бойынша ауа-райының жылынуы әсерінен мәңгі мұздықтардың еруі салдарынан әлемдік мұхит шамамен 1,5 м (соңғы 100 жылда 10-12 см) көтерілуі мүмкін. Мұхит деңгейінің 1,5-2 м-ге көтерілуі шамамен 5 млн.км2 құрылықтың су астында қалуына әкеледі.

Ауа райының жылынуы әлемдік мұхиттың деңгейінің көтерілуінен басқа да құбылыстар: ауа райының тұрақсыздық дәрежесінің артуы, дауылдардың жиіленуі, жануар мен өсімдіктердің жойылу жылдамдығының артуына әкеліп соқтыруы мүмкін. Соңғы жылдарда жүргізілген зерттеулер мен бақылаулар техногенді процестермен қатар, парниктік газдарды шығару көзі экожүйелердің өзі болып табылатынын

көрсетті.

Экожүйелердегі қалыптасқан зат айналымның адамның әсерінен бұзылуы көмірқышқыл газының, метан мен басқа газдардың бөлініп шығуына әкеледі.



  1. Атмосфераның жоғары қабатындағы озон оттегі молекуласының (О2) ультракүлгін сәулелер әсерінен ыдырауы нәтижесінде түзіледі. Бос оттегінің оттегі молекуласына қосылуынан озон түзіледі.

11-АПТА


ОБСӨЖ №22

(4 балл)


Тақырып: Топырақтар және оларды тиімді пайдалану.
ОБСӨЖ жоспары:

  1. Топырақтар және оларды тиімді пайдалану.

  2. Қазақстан жер қорларының экологиялық жағдайы.

  3. Жер қорларының ластануы және құнарсыздануының көздері, себептері.

Студенттердің орындайтын тапсырмалары:

Реферат тақырыптары

1. Топырақтың бүлінуі (деградациялануы)

2. Физикалъщ ластану радиоактивті заттектермен байланыс

3. Биологиялык ластану

4. Химиялык ластану

5. Литосфера - Жердің қатты бөлігі


Тест тапсырмалары

1.Топырақты бониттеу дегеніміз не ?

А)Топырақ сапалығын анықтау

В)Топырақтың сіңіргіштік қасиетін анықтау

С)Топырақтың механикалық құрамын анықтау

Д)Топырақтың физикалық қасиетін анықтау

Е)Топырақтың тазалығын анықтау

2. Топырақтың қарашірігі қалай түзіледі

А)Өсімдіктермен жануарлардың және микрорганизмдердің қалдықтарының толық шіруінен түзіледі.

В) Топырақтың микробиологиялық қасиетіне байланысты түзіледі.

С) аналық тау жынысының минералдық құрамының нәтижесінде түзіледі.

Д)табиғи жағдайда топырақ құралу процесінде түзіледі

Е)Микроорганизмдердің қалдықтарынан түзіледі

3. Топырақтың механикалық құрамына қарай қалай ажыратылады ?

А) Топырақтың бөлшектерінің құрамы мен ірілігіне байланысты

В) Топырақтың фазалық құрамына байланысты

С) Топырақтың сіңіргіштік қасиетін анықтау

Д)Топырақтың химиялық құрамын анықтау

Е)Топырақтың физикалық қасиетін анықта

4. Топырақтың сіңіргіштік қасиеті дегеніміз не ?

А) Топырақтың фазалық құрамы

В) Сапалық, механикалық, жасанды

С) Экономикалық, химиялық, жасанды

Д) механикалық, химиялық, табиғи

Е) физикалық, сапалық, экономикалық

5. Өсімдік дұрыс өніп - өсуі үшін топырақ реакциясы қандай болу керек

А) Бейтарап

В) Сілтілі

С) Орташа

Д) Қышқыл

Е) Сәл сілтілі

6. Табиғи жағдайда топырақ реакциясының рН қалай құбылады

А) 3-9

В) 10-14


С) 8-10

Д) 7-8


Е) 5-6

7. Топырақтың механикалық құрамына қарай классификацияны жасаған кім ?

А) Н. Качинский

В) В. Докучаев

С) И. Тюрин

Д) К. Гедройц

Е) Мачигин

8. Радиоактивті заттектермен ластану не деп аталады?

А) Физикалъщ ластану

В) Сілтілі

С) Орташа

Д) Қышқыл

Е) Сәл сілтілі

9. Ауру тудыратын және де басқа жағымсыз жағдайға итеретін микроорганизмдердің қоршаған ортада болуы қандай ластану?

А) Биологиялык ластану

В) Физикалъщ ластану

С) Орташа

Д) Қышқыл

Е) Сәл сілтілі

10. Топырақта тірі организмдерге қауіп туғызатын химиялық заттектердің жиналуы қандай ластану түріне жатады?

А) Химиялық ластану

В) Физикалық ластану

С) Биологиялық ластану

Д) Қышқыл

Е) Сәл сілтілі

11. Топырақтану ғылымының негізін салушы кім ?

А) В. Докучаев

В) Н. Качинский

С) И. Тюрин

Д) К. Гедройц

Е) Мачигин

12-АПТА


ОБСӨЖ№23

ОБСӨЖ тақырыбы:

Ауылшаруашылық, өндірістің даму нәтижесінде пайда болған экологиялық мәселелер.
ОБСӨЖ жоспары:


  1. Ауылшаруашылыққа зиян тигізетін, улы химикаттарға тұрақты түрлердің пайда болуы.

  2. Пестицидтерді пайдаланудың экологиялық салдары.

  3. Ауа, топырақ, Әлемдік мұхиттың глобальды ластануы.

ОБСӨЖ мәтіні:

Қазақстан — жер ресурсына бай ел. Жер бедері жазықты, таулы бөлігі шығысы мен оңтүстігіндегі аумақты қамтиды. Таулы аймағында табиғи жайылымдардың үлесі басым.

Еліміздегі табиғи факторлар мен жел, су эрозиясы сияқты климаттық жағдайлар топырақ сапасының нашарлауына себебін тигізіп отыр. Эрозияға ұшыраған жер көлемі бүгінде 87,6 млн га, оның ішінде 22,1 млн га егістік жерді, 38,7 млн га сор жерді, 69 млн га сортаң жерді, 8,4 млн га құрғап кеткен жерді және 2,1 млн га батпаққа айналған жерді құрайды. Бүл фактілер ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерге агротехникалық шараларды жақсартуды қажет етеді. Республикамыздың өнеркәсіп орындарынан жыл сайын 5 млн т-дан астам зиянды заттар шығарылады. Олардың 50%-ы жылу энергетика көздерінің, 33%-ы тау-кен және түсті металлургия комбинаттарының қалдықтары.

Көрсетілген факторлардың бәрі топырақтың физикалық, химиялық және биоорганикалық құрамын өзгертіп, оның жарамсыздануына себепші болады. Мұны бір сөзбен топыраңтың тозуы дейміз. Оның бірнеше себебі бар:


  1. Топырақ эрозиясы, яғни жердің құнарлы қабатының су мен жел арқылы бүлінуі. Бұл процесс кейде адамның іс-әрекетінен де болады.

  2. Топырақтың беткі қабатының шөлге айналуы, су режімінің бұзылуы салдарынан топырақтың ылғалынан біржола айырылуы.

  3. Токсификация — топырақтың әр түрлі бөгде зиянды заттармен залалдануы (тұздану, пестицидтердің көбеюі, т.б.).

4. Жердің басқа мақсатқа пайдаланылуы, яғни құнарлы жердің ауыр өнеркөсіп, қала, құрылыс, жол салу нәтижесінде бүлінуі.

Жер басқа да көптеген абиотикалық факторлардың әсерінен (өнеркәсіп, автокөлік, ауыл шаруашылығын химияландыру, т.б.) тозады. Жарамсызданған топырақтан еш уақытта мол өнім ала алмаймыз. Ал мол өнім алмасақ, халықты азық-түлікпен қамтамасыз ете алмау проблемасы туады. Сондықтан ауыл шаруа-шылығын дамыту — бүгінгі өмір талабы. Онымен өсімдік шаруа-шылығы айналысады. Жыл сайын өнім алу жердің күнарлы-лығын темендетеді, яғни топырақтың қүрамындағы есімдікке қажетті қоректік заттар, микроэлементтер, т.б. азаяды. Топырақтағы азот қоры азотфиксация процесі кезінде калпына келеді. Бұл процесс атмосферада найзағай жаркылдағанда болады, яғни азот оксидтері су мен оттек өсерінен азот қышқылына айналады да, нитрат күйінде өсімдіктерге өтеді.

Екінші жағдайда азотфиксация процесі биологиялык жолмен де жүреді. Ол азот қосылыстарын денесіне жинақтайтын азотобактер әрекетінен жүзеге асып, топырақты азотпен байытады. Бұл табиғи тепе-теңдік адам баласы топыракты улы заттармен ластаған кезде бүзылады.

Азотты топырақта жинақтаудың тағы бір жолы — аммонификация. Бүл процесс кезінде нөруыздардың ыдырауынан аммиак түзіліп, ол топырақтағы қышқылдармен әрекеттесіп, аммоний тұздарын түзеді.

Топырақтағы азоттың мөлшері атмосфераға түсетін азот оксидтері есебінен көбейіп, зиянды косылыстарға айналса, кері өсерін тигізеді.

Сондықтан топырақтың құнарлылығын сақтау үшін ондағы химиялык элементтердің құрамын білудің үлкен мөні бар. Кей жағдайда ауыспалы егіс әдісі жиі қолданылады. Құрамында азоты мол өсімдіктерді егу арқылы топырақты азотпен байытып отырады.

Топырақ қүрамында химиялык улы элементтердің көбейіп кетуі де зиянды. Осы процесті токсикация дейміз. Бұл — топырақ құрамында қорғасын, сынап, кадмий, т.б. элементтердің кәбейіп кетуі. Ол заттар ©сімдік арқылы зат айналымына түсіп, одан азық-түлік құрамымен адам организмін уландыруы немесе өлімге душар етуі мүмкін.

Минералды тыңайтқыштарды дұрыс қолданбау, өсімдік қорғау, суару және мелиорация жұмыстарында жіберілген қателіктердің бәрі де топырақтың тозуына себепші болады. Сол сияқты топырақтың тозуы қыста қар тоқтатуға, агротехникалық шаралардың дұрыс және мерзімінде қолданылуына да байланысты. Әсіресе агроном білікті маман болуымен қатар, экологиялык заңдылықтардан да хабардар болуы тиіс.

Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды және Павлодар облыстары жатады. Шығыс Қазақстанда ауыр металдарды ауаға Ертіс полиметалл комбинаты шығаруда. Шығарындылардың ағыны желдің бағытымен таралып отырады. Мәселен, зауыттан 1 км қашықтықта қорғасын, мыс нормадан 5—12 есе артық. Оңтүстік Қазақстандағы негізгі ластану көзі — тау-кен және химия өнеркөсібі. Зауыттан 50 км радиуста қорғасын, мырыш, кадмий, мыс мөлшері 10 еседен көп. Мұның өзі өте қауіпті.

Ақтөбе облысындағы ластағыш ірі өндіріс бірлестіктері — "Фосфорхимия", "Хромзауыт", "Ферроқорытпа" зауыттары. Бүл зауыттар қоршаган ортага зиянды мыс, мырыш, қорғасынды еселеп шығарып жатыр.

Қараганды өңірінде өнеркөсіп орындары өте көп болғандықтан, топырақ ауыр металдармен ластануда.

Техногендік ластану топырақ құрамына, оның сапасына әсер етеді. Мәселен, зауыт немесе кен орындарынан 1 км жерде топырақтың барлық қасиеті жойыла бастайды (қарашірігі кеміп, азот көбейе түседі, топырақ кышқылдығы артады, т.б.).

Өнеркөсіп аймағында жарамсыз жер пайда болады. Сондықтан Қазақстанның ластанған жер үлесі ТМД елдерінің ішінде жоғары орында.

Ауыр металдарға химиялық элементтің 50-ден астам түрі жатады. Бәрі де қауіпті. Соның ішінде бірқатар элементтер өзінің зияндылығы, таралуы, организмге түсу жолдары жөнінен ерекшеленеді. Олар: сьшап, қорғасын, кадмий, мырыш, мыс, ванадий, мырыш, молибден, кобальт және никель.

Соның ішінде 3 элемент — сынап, қорғасын және кадмий "ең қауілті" деп саналып, қатаң бақылауды талап етеді.

Сынап — өте улы элемент. Ауыр өнеркәсіптен шығарылады және топыраққа түседі. Оның таралуы топырақтың беткі кабатының сіңіру қабілетіне байланысты тез жүретіні анықталған.

Қорғасын — тірі организмдерге қауіпті канцерогенді элемент. Қорғасынды балқытқанда, атмосфераға булары кетеріліп, одан топырақтың сіңіру қабілетіне байланысты топыраққа түседі. Көбіне, топырақтың 15 см жогары қабатында жинақталады. Кейбір құмдауыт топырақта да қорғасын көп кездеседі.

Өнеркәсіптен бөлінетін әр түрлі химиялық заттар ауаға, суға және топыраққа сіңіп, тізбектің бір айналымынан екіншісіне өтіп, зат алмасу нәтижесінде адам организміне түседі.

Бүкіл жер шарында химиялық ластаушы заттардың кездеспейтін жері жоқ деп айтуға болады. Тіпті өнеркәсіп орындарын былай қойғанда, сонау алыста жатқан Антарктиданы алайық. Ғалымдар мұнда ғылыми бақылаулар жасау барысында осы заманғы өнеркәсіп-тердің әр түрлі улы заттарын байқаған. Олар бұл жерге баска аумақтан ауа ағындары арқылы келген болуы мүмкін.

Табиғи ортаны ластаушы химиялық заттар әр түрлі болып келеді. Олар қасиетіне, шоғырлануына және адам организміне өсер өтуіне байланысты бірнеше топқа бөлінеді. Мұндай заттармен улану адамның басын айналдырып, жүрегін айнытып, тамағын жыбырлатып, жәтел тудырады. Адам организміне химиялық улы заттардың көп мелшерде түсуі кейде өлім қаупін туғызуы да мүмкін. Мұндай улы заттарға ірі өнеркөсіпті қалалардың үстіне желсіз күндері жиналған түтіндерді де жатқызуға болады.

Қазіргі кезде ауаны ластайтьш улы заттардың 150-ден астам түрі белгілі. Бұл заттар ауада Күн сөулесінщ әсерінен реакцияға түсіп, жаңа қосындылар түзеді.

Көптеген өнеркәсіп орындары, автокөліктер, ірі кешендер қоршаған ортаға әр түрлі зиянды заттар шығарады.

Солардың бірі — көміртек диоксиді (С02), екіншісі — көміртек монооксиді (СО). Жалпы отын жаққан кезде түзілетін бұл екі оксид те ластағыш газдар. Көміртек диоксиді — улы емес, ал көміртек монооксиді — улы. Ол адамның қанындағы гемоглобинмен қосылып, зиянды коспа түзеді.

Радиациялық ластанудың басқа ластанудан көп айырмашыльны бар. Радиациялық ластануды қысқа толқынды электромагниттік сәуле шыгару мен зарядталган бөлшектерді бөлетін радиоактивті нуклидтер құрайды. Міне, осы бөлшектер мен таралған сәулелер адам организміне түскенде клеткалардың құрылымын бұзып, соның салдарынан түрлі аурулар пайда болады.

Радиациялық ластанудың негізгі көздері — альфа, бэта және гамма сияқты радиоактивті сәулелер. Ионданған сәулелер адамдар мен жануарлар клеткаларындағы нәруыз, фермент және басқа құрылымдардың өзгеруіне, яғни сәулелік аурулардың тууына апарып соғады.

Табиғи ортада химиялык және радиациялық ластанудан басқа әр түрлі ауру туғызатын ластанудың биологиялык түрі кездеседі. Биологиялық ластануга: ауру туғызатын микроорганизмдер, вирустар, құрттар, карапайымдылар жатады. Олар ауада, суда, топыракта, жануарлар мен адамның организмінде кездеседі.


12-АПТА


ОБСӨЖ№24

(3 балл)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет