1. Практика өткен мекемеге немесе шаруашылыққа қысқаша сипаттама: Түркістан облысы,Арыс ауданы,Дермене ауылы «Қазына Жер» шаруашылығы


СҒЗЖ:Қазына-Жер шаруашылығында бронхопневмония ауруының таралу себептері және емдеу,алдын алу шараларын жүргізу



бет3/11
Дата27.03.2023
өлшемі1.23 Mb.
#471206
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Данабек Арыс 2022 нов

2.СҒЗЖ:Қазына-Жер шаруашылығында бронхопневмония ауруының таралу себептері және емдеу,алдын алу шараларын жүргізу

Бронхопневмония - бронхылар мен өкпенің қабынуы (катаральді қабыну, ошақты қабыну, нақтыланбаған қабыну). Бұл бронхылардың куыстарына катаральді экссудаттың толуымен сипатталатын дерт. Бронхопневмониямен көбінесе төлдер және бордақыда тұрған жас мал ауырады.


Малдың бронхопневмониясы - барлық мал шараушылықтарында кең тараған дерт. Бұл ауру республика ауыл шаруашылығына бірталай экономикалық нұқсаны келтiрiлетiні мәлім. Тыныстану жүйесінің аурулары, соның ішінде пневмониялар, бронхиттер және бронхопневмониялар барлық шаруашылықтарда кеңінен таралған, олардың емі және алдын алу шаралары ветеринария саласының өзекті мәселелері болып табылады.


Мал арасында тыныстану ауруларының шығу факторлары полиэтиологиялық болады. Ауру патогенезінің негізінде терең функционалдық және құрамдық өзгерістер жатады, олар өкпе ұлпаларында ауру ошақтарын өршітіп, зақымдауды келтіреді, дерт тұрақты қалыпта өтіп, ұзақ уақытқа созылып, көбінде өлімге әкеп соғады.


Тыныстану ағзалары ауруларының малға келтіретін экономикалық зияны: ауруға душар болған жануарлардың қауырт өлімге ұшырауынан немесе лажсыздан сойылуынан; одан алатын өнімнің сапасы төмендеуінен; малдың күйі нашарлауынан; тірілей салмағын жоғалтуынан құрылады. Жалпы барлық жұқпайтын аурулар арасында, тыныстану жүйесінің аурулары 32-ден 64 %-ға дейін жетеді. Тыныстану ағзалары ауруларына көбінесе малдың жас төлдері душар болады.


Қазіргі кезде малдың бронхопневмония ауруымен күресу мақсатында оны ерте мезгілде клиникалық белгілеріне қарап диагноз қойып, оған қарсы тиімді ем қолдану және алдын алу мәселелері әлі өз шешімдерін толық тапқан жоқ.


Ветеринариялық тәжірибеде тыныс алу жүйесі ауруларына, оның ішінде бронхопневмонияға қарсы емдеуге қолданылатын дәрі-дәрмектердің тиімділігі біршама төмен екені байқалады, көп жағдайда олардың емдік нәтижесі аз болып, олар дерттен болатын зардаптарды толық жоя алмайды. Антибиотиктерге микрофлоралар сезімталдығы аз болатындықтан және ауру малдың организміндегі ферметативтік жүйкесін зақымдау әсерінен, оның тыныс жолы ауруларына болған пайдасына қарағанда зияны артық болып шығады [1,2,4].


Бронхопневмония. [bronchopneumonia subolis]Өкпедегі бронхылар мен альвеолдардың бір мезетте қабынуы. Қабынудың дәрежесіне қарай бронхылар мен өкпе альвеолдары жалаяққа толады, газ алмасу бұзылып, малдың тынысы тарылады. Бронхопневмониямен малдың барлық түліктері, әсіресе төл ( бұзау, торай, қозы) өте жиі ауырады.Ауру төлдердің ішінде жиі кездесетіндіктен,көбінесе төл ауруларында дәрістеледі.Тыныс алу жүйесінің ауруларының сексен пайызы осы ауруға келеді.


Жіті,жітілеу,созылмалы,катаральды,фибринді,іріңді түрлерін ажыратады.

Бронхопневманияның пайда болу себептері


Төлдерді бронхопневмонияға ұшырататын себептер әр қилы. Ең негізгісі – аналық буаз малға берілетін азықтардың құнарсыз және сапасыз болуы ( белок, углевод, витамин және басқа минералдық тұздардың жетіспеуі), қышқылды азықтардың (сүрлем, борда, жем) басым болуы, күтудің нашарлығы ( қора тарлығы, ішінің лас, суық, дымқыл болуы ), серуендетудің аздығы болып табылады. Айтылған жайлар әсерінен төл ана құрсағында нашар жетіледі де, әлсіз болып туады.


Ендігі бір қолайсыз жағдай-буаз мал төлдейтін және жаңа туған төлдер тұратын профилакторийдің ластығы, микроклиматының нашарлығы,оларды азықтандыратын ыдыстардың таза болмауы да күрделі әсер етеді.Ауруға шалдығудың тағы бір себебі-төл өсіру техналогиясындағы олқылық,олар:бұзауға уызды не сүтті мезгілінде ішкізбеу,азықтың құнарсыздығы, ультракүлгін сәулелердің тапшылығы, серуенге шығармау, төл рационының салмағына, жасына сай болмауы т.б жайлар. Шаруашылықтарда осы себептердің барлығы бірдей немесе әр түрлі дәрежеде орын алуы мүмкін.


Бронхопневмония көп себепті ауру деп есептелінеді. Ол организмге бірнеше қолайсыз жағдайлардың (стресстер) бір мезгілде әсер етіп, оның табиғи төзімділігін әлсіретуінен пайда болады. Бронхитті тудыратын себептердің барлығы дерлік одан гөрі күштірек және ұзағырақ әсер етсе, бронхопневмонияның да себепкері болады.


Ірі қара малды өсіріп бордақылайтын шаруашылықтарда, көп жағдайда, бронхопневмонияның пайда болып көп таралуына зоогигиеналық нормативті технологияның бұзылғандығы: шаруашылықтардан малды көліктермен кешенге алып келе жатқанда суық тигізу, әкелген малды суық күндері суық қораларда жуу, малды ылғалды. едені цемент, желөтінде қорада төсенішсіз ұстау, жылы қорада тұрған малды суық сумен суғару т.б. әкеліп соқтырады.


Шошқа өсіретін шаруашылықтарда, әдетте шошқаларды төсенішсіз, суық, едені цемент не асфальт (цемент ауруы), суық, бірақ ауасының ылғалдылығы жоғары және аммиак жиналған қораларда ұстауы, бронхопневмонияның көп таралуына себепкер болады.


Оңтүстік дала және шөлейт аудандарда жаздың қатты ысыған күндері дененің нақтыланбаған төзімділік күшінің әлсіреуінен қойлар арасында бронхопневмоиия жаппай кездесуі мүмкін.


Бронхопневмония тудыруға құнарсыз, әрі сапасыз азықтандыру (рационда нәруыз (белок), витамин, (дәрумен) минералды заттардың жетіспеуі, күтіп-бағуды нәзіктендіру, серуендетуді ұйымдастырмау, табиғи және ультракүлгін сәулелерінің жетіспеуі, төлдің әлсіз тууы, жас кезінде малдың ішек-қарын, рахит ауруларымен ауруы себепкер болады.


Бронхопневмонияны тудырып, әрі қарай дамытуда микро-организмдердің маңызы өте зор. Бронхопневмониямен ауырған не сол дерттен өлген малдың көпшілігінің өкпелерінің кабынған жерлерінен стрептококктар, стафилококктар, сарциндер, протейлер, ашытқылы саңырауқұлактар, микоплазмалар және микроорганизмдердің басқа да түрлері бөлініп алынады. Бұл микроорганизмдердің әсері, көбінесе туынды түрде ауруды асқындыруға бағытталынады, ал кейбір ыңғайы түскен жағдайларда дерттенудің негізгі себепкері де болуы мүмкін. Бронхопневмонияны тудырын, оны әріқарай дамытуға, әсіресе төлдер арасында, вирустардың қатынасы бар екені дәлелденген.


Кейбір малдары бір жерге көп шоғырланған шаруашылықтарда, көбінесе аралас індеттер анықталынады. Малдарды көп каматамасыз ететін шаруашылықтардан іріктелініп толтырылатын фермалар мен кешендерде бұл ауру басқа дерттерге қарағанда жиірек кездеседі.


Ауру мал жай айларында көлеңке жерде, қыста, күзде жылы, таза қорада ұсталып, құнарлы азықпен азықтандырылады. Төлдер сүт емуден шыққан болса, оларға міндетті түрде( 7-10 күн бойына) қаймағы алынбаған сүт(3-4 литр бұзауларға) беріледі. Төлдердің күйін, құндылығын арттыру үшін витаминдер (А, Д, С , В ), гидролизин Л-103, аминопентид-2, гаммоглобулин немесе енесінің қаны (тері астына, етіне ) егіледі. Тыныс жолын кілегей сұйықтан тазарту үшін хлорлы аммоний, ас содасы, карбонат тұзы беріледі және скипидар, ихтиол,ас содасы буларымен емдеу әдісі қолданылады.

Аурудың жіті түрінде сульфаниламид (норсульфазол, сульфадимезин, сульфазол,сульфадимегоксин) және антибиотиктер (пенициллин түрлеріне) қолданылады, кофеин, глюкоза ерітінділері жіберіледі. Аурудың созылмалы түрінде тетракциклин қатарына жататын антибиотиктерді ( дибиомицин, дитетрациклин, окситетрациклин, биоветин, т.б.) қолданады. Антибиотиктерді кеңірдектен жіберу не аэрозоль түрінде қолдану жақсы нәтиже береді.


Балау. Бронхопневмония көп себепті ауру болғандықтам оны дәл анықтау үшін жан-жақты тұрғыдан келіп, жалпы және арнайы зерттеу әдістерін пайдаланады. Ауру жайындағы жиналған мәліметтері, ауруға тән клиникалық белгілері және өлекседегі болатын өзгерістері арқылы бронхопневмонияны еш қателеспей дәл анықтауға болады. Аурудың қанын тексергенде лейкоциттердің солға қарай ығыскан нейтрофил түрінің көбейгені, лимфоциттердің, эозинофилдің азайғаны, моноциттердің көбейгені, эритроциттердің шегу жылдамдығының артқаны, сілті қорының азайғаны және каталаза белсенділігінің бәсеңдегені, альбуминдердің азайып, глобулиндер фракцияларының көбейгені, артериялық қандағы гемогло-булиннің оттегімен қанығуының азайғамы байқалады.


Обьективті дәл анықтайтын әдіске рентгенмен зерттеу әдісі жатады. Стационарда емдегенде рентгеноскопия (қарау), рентгенография (суретке түсіру) не флюорография (экраннан кішірейтіліп түсірілген сурет) әдістерін қолданады, ал арнайы кешендер және отарларда диспансерлеу кезінде флюорография әдісін пайдаланады. Рентген сәулесін қолданатын әдістермен тек ауруды жалпы түрде анықтап қана қоймай, өкпенің нақтылы зақымдалынған жерін, оның көлемін ажыратып, емдеу барысындағы өзгерістерді де бақылауға болады.


Бронхопневмонияны бастапқы кезінде рентгенмеи тексергенде өкпенің алдыңғы және жүрек тұсы бөліктерінде орташа дәрежелі қоюлықты, біркелкі қарауытқан ошақтар, бұлынғырланған өкпе жиектері, жүректің бұлдыраған алдыңғы шегі, айқындалынбаған бронх тармақшаларының кескіні көрінеді. Бірақ осындай көрініс жағдайларда жүрек-диафрагма үшбұрышының шектері айқын көрінеді, қабынған ошақтардың тұсында қабырғалар кескіні жақсы көрінеді. Ауру созылмалы түрде өтіп, зақымдалған ошақтар тұрақтыланған кезінде өкпенің жоғарғы, жүрек тұсы және диафрагма бөліктерінде қою қарауытқан айқын ошақтар көрінеді, көпшілік жағдайда, жүректің алдыңғы шегі онша байқалынбайды, жүрек-диафрагма үшбұрышының шектері және зақымдалынған жерлердегі қабырғалар кескіндері анық көрінбей көмескіленеді.


Ауру созылмалы түрде еткенде, өкпе жайылмалы, үдемелі түрде зақымдалынған кезінде, рентгентексеріс өкпелердің алдыңғы және астыңғы жақ бөліктерінде үлкен көлемді, жайылмалы, қою қарауытқан көріністі көрсетеді. Зақымдалынған жерлерде жүрек шектерінің, жүрек-диафрагмалық үшбұрышының және қабырғалардың кескіндері жақсы ажыратылмайды. Омыртқалар қырына жақын орналасқан өкпенің үстіңгі жақ бөліктерінде эмфизема ошақтары және бронх кескіндерінің пішіндері айқын байқалады


Алдын алу. Шаруашылықтарда, комплекстерде малды,әсіресе төлдерді, бронхопневманияға шалдықтыратын себептерден сақтау шараларын күн ілгері жоспарлап,оны іске асырып отыру керек.



3-Сурет.Малға бұлшық ет арқылы препарат егу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет