1. Практика өткен мекемеге немесе шаруашылыққа қысқаша сипаттама: Түркістан облысы,Арыс ауданы,Дермене ауылы «Қазына Жер» шаруашылығы



бет9/11
Дата27.03.2023
өлшемі1.23 Mb.
#471206
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Данабек Арыс 2022 нов

2.6.Патологиялық анатомия
"Жалпы патология" іргелі пәндер цикліне енеді және онда келесі бөлідер: патологиялық физиология және патологияық анатомия оқытылады.
"Жалпы патология" – әртүрлі аурулармен ауырған жануарлар ағзасындағы жүйелер мүшелерінде және ұлпаларында дамыған қызметтік және құрылымдық өзгерістерді зерттейтін ғылым. Ол ауру организмнің тіршілік әрекетін, ондағы қызметтік және құрылымдық өзгерістерді зерттейді, патологиялық процесстер дамуының және жазылуының жалпы заңдылықтарын және механизмдерін ашады.
Ветеринариялық білім беру жүйесінде жануарлар патологиясы маңызды орын алады. Ол биологиялық пәндерді клиникалық пәндермен байланыстырады. Биология, биологиялық химия, физиология, цитология, гистология, анатомия және басқа пәндер патологияның негізі болып табылады.
Жануарлар патологиясы курсында оқытылатындар эксперименттік, клиникалық және морфологиялық зерттеу әдістерін қолдана отырып жануарлар организмінде болатын әртүрлі сырқаттық бүлінулерді жан-жақты оқып-үйренеді.
Жануарлар патологиясы білу арқылы:
- жалпы нозология бойынша негізгі ұғымдарды;
- аурудың туындауы, өрбуі және ақыры кезінде себептердің, жағдайлардың және организм реактивтілігінің мәнін;
- типтік патологиялық үрдістер мен реакциялардың себептері мен механизмдерін, олардың көрінуін және әртүрлі аурулар өрбігенде организм үшін маңызын;
- жануарлардың жиі кездесетін ауруларының этиологиясын, патогенезін және ақырын;
-патологиялық процесстерді оқып-үйрену барысында эксперименттік әдістің маңызын, оның мүмкіндіктерін, бөгеттерін және болашағын;
-ветеринарияның дамуы үшін жануарлар патологиясының маңызын, патологияның басқа биологиялық және ветеринариялық пәндермен байланысын;
-типтік патологиялық процестердің морфологиялық көрінісін;
-жануарлардың инфекциялық және жұқпайтын ауруларының морфогенезін, патоморфологиясын және патоморфологиялық балауын;
-жануарлар ауруларының патоморфологиялық диагностикасы тәсілдерін игеріп, олардың өлімінің себептерін анықтау үшін секциялық курсты;
-экологиялық қауіпсіздік пен екіншілік шикізатты шаруашылықта пайдалануды ескере отырып өлекселерді утильдеу технологиясын.
Жануарлар патологиясында аталған жұмыстарды істей білуі керек:
- клиникалық-зертханалық, эксперименттік, патоморфологиялық және басқа мәліметтерді талдауды, олардың негізінде себептері мен патологиялық процестердің дамуы жөнінде қорытынды құрастыру;
- алған білімін клиникалық пәндерді оқығанда және дәрігерлік қызметінде қолдану;
- жалпы патология проблемаларын талдау және ветеринария саласындағы заманауи теориялық концепциялар мен бағыттарды дұрыс бағалауды;
- жануарларға тәжірибе жасауды жоспарлауды және жүргізуді, тәжірибелер нәтижесін өңдеуді және талдауды, патологияның клиникалық формаларын зерттеудегі тәжірибе маңыздылығын дұрыс түсінуді;
- негізгі диагностикалық аллергиялық сынамалар нәтижесі бойынша интерпретация (түсініктеме) жасауды;
- аурулардың, патологиялық процестердің және әртүрлі күйлердің морфогенезін сипаттауды;
- әдістеме бойынша жануарлар өлекселерін сойып зерттеуді және патоморфологиялық диагностиканы дұрыс жүргізуді;
- сойып зерттеу нәтижесі бойынша хаттама рәсімдеуді және жануарлар өлімі жөнінде қорытынды құрастыруды;
- зертханалық зерттеуге патологиялық материалды дұрыс алуды, оны бекітуді және жөнелтуді;
- сойып зерттеу, сонымен қатар патогистологиялық зерттеу барысында жануарлар ауруларына ажыратып кешенді патоморфологиялық диагностика жүргізуді.
Жануарлар патологиясы барлық биологиялық пәндердің шоғырланған тәжірибесін көрсетеді. Ол клиникалық пәндер мен ветеринариялық дәрігер тәжірибесінің ғылыми-теориялық негізін құрайды.
Патология тарихынан қысқаша мағлұматтар. Дамуының негізгі кезеңдері. И.И.Мечников, И.И.Равич, В.В.Пашутин, А.Б.Фохт, А.А.Богомольц, Е.С.Лондон, Н.Н.Аничков, А.Д.Адо, Н.И.Шохор, Н.А.Крылова, К.Г.Боль, Н.Д.Балл еңбектерінің маңызы. Патологияның дамуына еліміздің ғалымдарының Б.П.Всеволодовтың, П.А.Карасевтің, С.И.Севастьяновтың, Ө.Ығылмановтың қосқан үлесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет