2.5.Оперативтік хирургия
Оперативтік хирургия – хирургиялық операциялардың жасалу ережелері және тәсілдерін зерттейтін ғылым. Практика барысында теориялық негіздерін және хирургиялық операциялардың жасау әдістерімен машықтану мен жаттықтандыру мағлұматтарымен таныстырды. Оперативтік хирургия пәні жалпы және арнайы бөлімдерден құралады. Оперативтік хирургия ХІХ ғасырдың ортасында микробиология, жансыздандыру, қан кетуін тоқтату тәсілдерін игергеннен кейін және рентген сәулелері ашылғаннан кейін ғылым ретінде қалыптасып дами бастады. Жалпы хирургияның дамуы дәуірі асептикадан бұрын болған мерзім және асептикалық мерзіміне бөледі. Оперативтік хирургияның келешектегі дамуында ағзалардың трансплантация, гендік инженерия және клондау бағыттарымен айналысқанда оның ғылыми перспективасы зор болады. Хирургияда дерттің этиологиясы, патогенезі, синдромдары әрқашанда тұрақты көп өзгеріссіз болады. Мысалға, сынық, осыдан мыңдаған жылдар бұрын сынақтың болған түрлері (Египеттердің мумиялары, оңтүстік Америка мүрделері т.б.) осы замандағымен ешқандай айырмашылығы жоқ. Негізгі өзгеретіні емдеу тәсілдері. Сол себептен оперативтік хирургия пәнінің алғашқы мақсаты жаңа ем тәсілдерін зерттеп тауып оны іске асыру.
Хирургиялық операция – малдың ағзаларға және ұлпаларға емдік немесе диагностикалық мақсаттармен қолданылатын механикалық әсерлердің жиынтығы. Кейде шаруашылық қажеттілігімен кейбір операциялар сау малға да жасалады, ол: еркек және ұрғашы малды пішу, құйрықты кесу, косметикалық операциялар. Операция негізгі мақсаты оны жасағаннан кейін малдан алатын өнімділікті қайтадан қалпына келтіру, шаруашылық құндылығын жоғарлату немесе келбетін түзеп қалыптастыру үшін (пластинкалық). Операцияларды үйде ұстайтын ұсақ малдарға (ит, мысық т.б.) иесінің бұйрығы бойынша немесе адамгершілікті түсініктерден, физиологиялық тәжірибе қою үшін, сонымен қатар әшекейлеп әдемілеу үшін (косметикалық) мақсаттар қисынымен жасалады.
Операция жасауға немесе жасамауға көрсетулер. Әр операция жасар алдында мұқият клиникалық, зертханалық (лабораториялық), рентгенологиялық т.б. арнаулы жүргізілген зерттеулер арқылы аурудың диагнозы қойылады.
Операция жасауға абсолютті көрсетулер болады, мысалы, басталушы қатерлі ісіктер, ішкі мүшелері түсіп қалуы, ішкі мүшелердің орнынан жылжып немесе қысылып қалуы, тыныс жолдардың жіті бітеліп қалуы, қан кету, пневмоторакс, мес қарынның, ұлтабардың, соқыр ішектің тимпаниясы, несеп шығаратын жолдардың тығындалуы және басқа жіті дерттер. Салыстырмалы көрсетулер дерттің денсаулыққа маңызды зиянының жоғында, операция жасамау, малдан шығатын өнімділігін тәуекелсіз төмендетуге алып келмейтін жағдайда (қатерсіз ісіктер, қысылмаған жарықтар т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: |