1. Практика өткен мекемеге немесе шаруашылыққа қысқаша сипаттама: Түркістан облысы,Арыс ауданы,Дермене ауылы «Қазына Жер» шаруашылығы



бет5/11
Дата27.03.2023
өлшемі1.23 Mb.
#471206
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Данабек Арыс 2022 нов

2.2. Ветеринарлық менеджмент
Ветеринариялық менеджмент – ветеринариялық-санитариялық сәттілікті, мал тектес өнім мен шикізаттардың, ветеринариялық препараттардың, азық пен азық қоспаларының қауіпсіздігін, бұлармен қатар мал мен адамға ортақ аурулардан халықты қорғау мәселерін қамтамасыз етуге бағытталған ветеринария саласындағы құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздерін зерттейтін кешенді ғылым.
Сонымен қатар, практика кезінде ветеринариялық менеджмент пәні ветеринария ғылымының жетістіктеріне негізделген және мал шаруашылығының барынша қарқынды дамуына, әрі малдан адамға ауысып жұғатын аурулардан халықтың денсаулығын қорғауға ықпал ету мақсаты бар мемлекеттік шаралардың жүйесін оқып зерттейді.
Ветеринариялық менеджмент пәніне ветеринариялық Заңдылықтың негізі, ветеринариялық істі ұйымдастыру және оның экономикасы, ветеринариялық статистиканы, осы саладағы бухгалтерлік есепке алу, ветеринариялық-санитариялық іс және т.б. мәселелер енгізілген. Осы ғылыми кешендік пәнде мал дәрігерінің ұйымдастырушылық-экономикалық қызмет көрсетуінің айқындалған жақтары қарастырылады.
Қазақстанның ветеринария ісінінің тарихы тереңнен басталады. 1810 жылға дейін Қазақстанда малды емдеумен малды өсірушілердің өздері немесе емші-тәуіптер, кейіннен Ресейден іссапармен келген ветеринария мамандары айналысқан, ал 1891 жылдан бастап өз еліміздің ветеринария қызметі құрылды. Сол жылдары ветеринария мамандарын Омбы мен Тобылдың ветеринария мектептері және Қазанның, Юрьевск, Варшава қаларының ветеринария институты дайындады. 1897 жылы бірінші Орал ветеринариялық-бактериологиялық лабораториясы ашылды. 1920 жылы Қазақстанның ветеринариясының және мал шаруашылығының Бас басқармасы құрылды. Қазақстан ветеринариясының қалыптасуына А.П. Петровский, У.Б. Базанов, Т.И. Исенгулов, К.И. Скрябин, А.П.Сейдалин және басқа да қызметкерлер зор үлестерін қосты.
Қазақстан Республикасында мал ауруларымен жаппай күрес Қазақстан Республикасы Президентімен бекітілген бірыңғай заң «Ветеринария туралы» Заңына (бірінші заң 1995 жылы 24 шілдеде, екіншісі 2002 жылы 10 шілдеде қабылданды, үшінші рет 2009 жылы 25 шілдеде өзгерістер мен толықтырулар енгізілген, бұл заң 6 тарау мен 36 баптан тұрады, ветеринария мәселелері бойынша Үкіметтің нұсқаулары, ҚР ауыл шаруашылығы Министрлігі шығарған заңдық актілері және нұсқаулары енгізілген) негізделіп жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы (ҚР) Президентінің бағдарламасында 2030 жылға дейінгі кезеңде халықты азық-түлік және шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында ауыл шаруашылығын дамытудың кешенді шараларын жүзеге асыру көзделген. Бағдарламада арнайы кешендер, фермерлік, қосалқы шаруашылықтарды дамыту арқылы мал шаруашылығы өнімінің өндірісін дамыту қарастырылған, бұлардан басқа жануар тектес өнімдер мен шикізаттарды өңдеу кәсіпорындарының өндірісін ары қарайдамыу жоспарланған.
Осыған байланысты ветеринариялық шараларды ұйымдастыру деңгейін көтеру және ветеринариялық-санитариялық шараларды жетілдіру жоспарланады, бұлар өз кезегінде малдың жұқпалы аурулардан сәттілігі, олардың өнімділігі, олардан алынатын өнімнің сапасы, халықтың денсаулығы және ауылда жүргізілетін әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің біршама дәрежеге жақсаруы да ішінара байланысты болады. Ветеринариялық қызметті ұйымдастыруды өз деңгейінде жүргізбесе эпизоотиялық және эпидемиялық ахуалдың төмендеуіне әкеп соқтырады және шаруашылықта іс жүргізудің реті бұзылады, малдың, мал тектес өнімі мен шикізаттың шығыны көбейеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет