1. Практика өткен мекемеге немесе шаруашылыққа қысқаша сипаттама: Түркістан облысы,Арыс ауданы,Дермене ауылы «Қазына Жер» шаруашылығы


Ветеринарлық гигиена және санитария



бет4/11
Дата27.03.2023
өлшемі1.23 Mb.
#471206
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Данабек Арыс 2022 нов

2.1. Ветеринарлық гигиена және санитария

Жануарлар гигиенасы, ветеринариялық гигиена немесе зоогигиена(грек. zoon - мал, hygieinos - дені сау) - малды дұрыс бағу, азықтандыру және өсіріп-күтудің тиімді тәсілдерін пайдалана отырып, олардың тұқымына байланысты өнімділігін қамтамасыз ететіндей деңгейде денсаулығын сақтау және күшейту жөніндегі ғылым.


Ветеринариялық гигиена немесе зоогигиена малдарды тиімді күтіп бағу, азықтандыру, және өсіру тәсілдерін қолдана отырып, оның ден саулығын арттыруға, одан аз шығын мен мол өнім салуга, өнімін молайтуға тиісті жағдай туғызуға бағытталған ғылыми сала екениин практика барысында көз жеткіздім.
1. Малдарға туғызатын жағдайдың ( қамау, айдау, байлау) денеге әсерін;
2. Күн сәулесі ауа – топырак, су азықтардын кұрамдары мен денеге тигізетін әсері;
3. Қора бөлшектерінің қасиеттері және тазалау, желдету жұмыстарының денеге әсерін оқытады;
4. Малдарды, жас төлдерді аурулардан сақтандыру жолдарын, әсіресе адам мен малға ортақ жолдарын сақтандыру әдісі
5. Сыртқы ортаны, ауа, су, топырақ ластандыру шараларын оқытады.
Ветеринариялық гигиенаны санитариялық гигиенадан ажырата білу керек. Санитария (лат. sanitas - денсаулық) - жануарлар гигиенасының талаптарын орындауға арналған практикалық шаралар жиынтығы болса, ал ветеринариялық гигиена (жануарлар гигиенасы) - мал күтімін жақсартып, ауруларды болдырмауға, олардың мол өнімділігі мен өнімнің сапасын арттыруды қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жүйесі.
Ветеринариялық гигиенаның негізгі міндеттері:
-қоршаған ортаның мал организміне және денсаулығына (бұл жерде климат, микроклимат, топырақ, өсімдік, жем-шөп, су, ауа, малды ұстау, өсіру, пайдалану және күтіп – бағу секілді факторлардың жиынтық әсерін айтып отырмыз) тигізетін әсерінің заңдылықтарын зерттеу;
-қоршаған ортаның мал организміне қолайлы параметрлерін ғылыми-практикалық тұрғыдан негіздеу, зоогигиеналық және ветеринариялық-санитариялық нормативтер, нормалар мен ережелерді жасау және ұйымдастыру;
-мал қораларының жобалық тапсырмасын жасау, мал тіршілігін қамтамасыз ететін жүйелерді (желдеткіш, жылыту, жарық, микроклиматгы қолайлыландыру, көңді шығару және сақтау, ферманы сумен қамтамасыз ету, мал суару, азық тарату және азықтандыру және т.б.) жасайтын санитариялық құрал-жабдықтарды іріктеу;
-табиғи ортаның бірқалыпты сақталуын қамтамасыз ету, зоогигиеналық нормативтер мен ветеринариялық-санитариялық ережелерді енгізу есебінен экологияны сақтау.
Қоршаған ортаның мал организміне әсерін зерттеу үшін зоогигиена әртүрлі тәсілдер (методтар) қолданады: санитариялық зерттеу, клиникалық - физиологиялық байқаулар, экспериментальдық, статистикалық және т.б.
Санитариялық тексеру әдісі мал қоралары мен су көздерінің, жайылымдар мен шаруашылық территорияларының санитариялық жағдайларын анықтайды. Осы әдістің негізіңде мал өсіру нысандарының санитариялық жағдайларына қорытынды жасалынып, ветеринариялық-санитариялық шаралар белгіленеді.
Қоршаған ортаның әсер ету факторларын дұрыс сипаттап, оған дәл баға беру үшін санитариялық тексеру әдісі арнайы лабораториялық зерттеулермен бірігіп қолданылады. Осы мақсатта, ауаны, суды, топырақты, мал азығын және басқа да обьектілерді тексеруде физикалық, химиялық; бактериологиялық, токсикологиялық және радиологиялық зерттеулер кеңінен қолданылады.
Қоршаған ортаның факторларының әсерінен мал организмінде болатын функциональды өзгерістерді зерттеп білу үшін клинико-физиологиялық бақылау әдістері қолданылады. Мысалы, тыныс алу жиілігі, тамыр соғуы, дене кызуы ортаның әсерінен мал организмінде қандай өзгерістер болып жатқандығын анықтауға болады.
Экспериментальды әдіс лабораториялық немесе өңдірістік жағдайларда арнайы тәжірибелік малдарға қоршаған орта факторларыиың әсерін зерттеу үшін қолданылады (қора-жай, микроклиматына, бағып-күту технологиясына, азықтандыру жағдайына және т.б.). Экспериментальды әдіс физикалық, химиялық, бактериологиялық, токсикологиялық және басқа да зерттеулерімен бірге жүргізіледі.
Санитариялық-статистикалық әдіс ветеринариялық-санитариялық шаралардың тиімділігін тексеру үшін қолданылады. Яғни, әр түрлі санитариялық-гигиеналық жағдайындағы жануарлардың ауру-сырқауы мен өнімділігін салыстырғаңда олардың тиімділігін анықтайды (микроклиматтың, бағып-күту технологиясының, азықтандырудың және т.б.).
Басқа ғылымдар сияқты мал гигиенасы да қоғамдық формациямен бірге дамып отырған. Гигиеналық шаралар, әдістер адамзаттың өмір тәжірибиелеріне негізделген. Ол сонау ертеден малды қолға үйретуден бері белгілі. Ертедегі Үндістан мен Қытайда бірқатар гигиеналық щаралар пайдаланылған. Гигиеналық мәліметтер жайлы хатқа түсірілген тұңғьпш жазба еңбек - Ассирия папирусы Кагунада (б.э.д. 6000 жыл) болған. Біздің эрамыздаң 2000 жыл бұрын ертедегі Вавилондықтар мен Мысырлықтар малды емдеп, аурулардың алдын алу шараларын қолдана білген.
Гигиеналық шаралар қазақ даласында да ерте заманнан бастап қалыптасқан. Оның айғағы — көшпелі шаруашылықты сан ғасырлар бойы тіршілік арқауы еткен қазақтар малды ауру, індеттен сақтандырудың бірегей жүйесін қалыптастырған. Аурудан сактандырудың ең басты кепілі - әр маусымдағы жайылымды түліктің түрі, жасы, жынысы және қолданыс аясына қарай бірнеше сегментке бөліп, үйлесіммен пайдалану және малға жоғары қондылық алдыру мақсатында малшылар –жайылым мен өріс мәселесіне ерекше мән берген, "Мал бақсаң - өрісін тап" деген қазақтар оты мен суына карай өpic белгілеуде жайылымның кеңістікке орналасуы, күн сәулесінің түсуі, қар мен жауын-шашын мөлшері, өсімдіктің жетілуі және т.б. табиғи факторларды ескеріп сақтандыру шараларын басты назарда ұстаған. Вертикальды тау көшпелілігін ұстанатын малшылар жаз маусымында - қанжайлау, ойжайлау, төржайлау, кержайлау және т.б. түрлерін пайдаланған.
Мал ауруларынан сақтанудың бірден-бір жолы - оларға қоңдылық, семіздік алдыру, тойындыруға байланысты деп санайды халық тәжірибесінде.
Мал сақтандыру шараларында олардың жатар орнына мән берілген. Әсіресе, суық маусымда төл мен саулық үшін оның жылы, құрғақ болуы қадағаланады. Ол жайында халықта "жатар орын - жарым құрсақ", "мал тоңда жатса -тулақ, көңде жатса- қунақ, "мал үстінен - түлейді, астынан - жүдейді" және т.б. орынды айтылған сөз тізбектері бар. Бүкіл көшпенділер өмірінде, оның ішіңде қазақ халқында жылқының орны ерекше екені белгілі. Жылқыны күтіп-бағу, пайдалану барысында көптеген қағидалар мен ережелер жинақталған. Олардың барлығы жылқының денсаулығын нығайтуға, аурулардан сақтандыруға бағытталған. Қазақта "ат шаппайды, бап шабады" деген қағида жылқыны баптап-бағу гигиенасының маңызын көрсетеді. Ал ат баптау қазақ үшін, ол қызығы да, қиындығы да мол, үлкен өнер. Жылқыны пайдалану тәртібі де ерекше мәнге ие, яғни ат арқасында жарақат, кінәраттар пайда болуынан сақтанудың басты кепілі деп саналған.
Көптеген малды аурудан сақтандыруға бағытталған гигиеналық ережелер арнайы түрде жазылмаса да қазақ даласында атадан-балаға, ұрпақтан-ұрпаққа маңызы зор практикалық шара есебінде күні бүгінге дейін сақталған.
Ресейде алғашқы гигиеналық ережелер XVII ғасырдың аяғында XVIII ғасырдың басында жасалған шаруашылыққа енгізіле бастаған. Бұл зауыттық жылқы және қой шаруашылығын өркендету үшін өте қажет болған. XVIII ғасырдың ортасында бірнеше аударма және төл тілдегі жазбаларда мал гигиенасының үлесі сөз болған, мал шаруашылығы жөніндегі кейбір нұсқаулар жарық көрген (А.Т.Болотов М.И.Ливанов, Ғ.И.Кутепов, И.В.Лавров, И.В.Городницкий, Г.И.Ундриц, С.М.Ходеций, В.И.Всеволодов және т.б.).
XIX ғасырдың екінші жартысында тауарлық және асыл тұқымды мал шаруашылығының дамуына байланысты К.Дамманың (Германия) мал гигиенасы жөніндегі ңұсқауы танымал болды. XX ғасырдың басына мал гигиенасы жөніндегі зерттеулер Батыс Европада М.Климмердің (Германия) және Баранскийдің (Австро-Венгрия) оқулықтарында жинақталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет