2.4.Жануарлардың клиникалық диагностикасы
Клиникалық диагностика пәні бойынша практика өту барысыда - ең маңызды мал ауруларын қазіргі әдістәсілдермен жүйелі түрде анықтап, аурулардың мәнін, дұрыс диагноз қою әдістерін меңгердім.
Симптомдар - негізінде ағзалар мен жүйелердің функционалдық және анатомиялық өзгерістері жататын, клиникалық зерттеумен анықтайтын аурудың барлық белгілері.
Клиникалық тексерудің ең маңызды мақсаты- симптомдарды табу және оларды ұқыпты түрде зерттеу. Симптомдарды бағалау кезінде кейбір функционалды өзгерістер сау малда да болып, оның жасына немесе физиологиялық жағдайына байланысты (қозу, жүктілік, күйлеу, т.б) болатынын ескеру қажет. Мұндай өзгерістер симптомдарға жатпайды.
Аурудың клиникалық көрінісіне байланысты симптомдар:
1) тұрақты, тұрақсыз; 2) маңызды, елеусіз (маңызсыз); 3) әдеттегі (типтік), әдетсіз; 4)патанатомиялық, кездейсоқ (неғайбіл) болып бөлінеді.
Аурулардың синдромдары. Кейбір патологиялық процестер симптомдар заңдылық түрде топталып, азды- көпті үйлесімді жік құрайды. Сонымен, синдром немесе симптомокомплекс дегеніміз - бір- бірімен патогенетикалық қарым- қатынастары бар симптомдардың жиынтығы.
Мысалы, тыныс алу ауруларына мына синдром тән: жөтел, демікпе, демалудың ассиметриясы, мұрыннан сұйықтын ағуы, тәбетінің нашарлануы, қондылығының төмендеуі, жалпы малдың жабығуы. Синдромдардың ішінде анатомиялық және функционалдық симптом жиынтығы кездеседі. Анатомиялық синдром бұл мүшелердің құрылым өзгерістеріне тиісті.
Мысалы, өкпе тұсында бәсеңдеу перкуторлы дыбыстың шығуы және бронхиалды шудың пайда болуы өкпе тіні тығыздалуының анатомиялық синдромын құрайды. Функционалдық симптомдардың жиыны функционалдық синдромды береі. Мысалы, газды емес ацидозда функционалды синдромға несепте аммиактың көбеюі және қанда резервті сілтіктің азаюы жатады.
Диагноз. Диагноз (айырып тану) - ауру негізі және малдың жағдайы туралы нозологиялық термин түріндегі қысқаша қорытынды. Диагноз қою үшін әдістерді жақсы пайдалана отырып, алынған нәтижелерге дұрыс талқылау жасай білу керек. Ол үшін жекелік патологиядан терең білім болуы қажет.
Дегенмен, малды зерттеген кезде барлық элементтердің жинағын айқындау әрқашан сәтті болып шықпайды. Бұл кезде диагнозды толық емес деп атайды.
Ауруды айқындау уақытына байланысты диагноздар ерте белгіленген, кешеуілдеп қалған, секциялық (өлікті сою кезіңгі) және ретроспективтік (аурудан кейін эпизоотикалық жағдайына, қанды зерттеп, дәрігерлік құжаттарына сүйене отырып жасалған диагноз) болады.
Дәлелділік дәрежесіне байланысты диагноз алғашқы, соңғы және сенімсіз болуы мүмкін.
Ауруды болжау- патологиялық процестердің заңдылық түрде өтуіне және ақиқат мәліметтерге сүйене отырып аурудың дамуына және ақырына болжау айту. Болжаудың мынадай түрлері болады:
1)жағымды болжау ( қолайлы);
2)жағымсыз болжау ( емделмейтін ауруларда);
3)ұқыпты немесе сенімсіз (күмәнді) болжау (аурудың нәтижесін дәл болжау қиындау кезінде);
4)қателесілген болжа(дұрыс емес диагноз кезінде және аурудың ерекшелерін болжау қиын болған кезде).
Ауру тарихы- әрбір стационарлық емделетін малға жасалатын (құрылатын) ресми клиникалық құжат. Ауру тарихына анық ретімен клиникалық бақылаулар, зерттеулер және емдеу әдісері ауру басталған немесе мал клиникаға түскен кезден бастап аурудың нәтижесіне дейін жазылады. Бұл құжат мал дәрігерінің жұмысын көрсетіп, диагностикалық және емдеу жұмыстарын талдап, ғылыми және статистикалық мәлімет ретінде қызмет етеді. Ауру тарихы арқылы қорытынды жасалынады немесе анықтама, үзінді көшірме алынады.
Ауру тарихы төменде көрсетілген бөлімдерден түзіледі:
1.Түркеу - малдың клиникаға түскен және шыққан уақыты, түрі, жынысы, жасы, түсі, тұқымы, лақап аты немесе нөмірі, тірі салмағы, малдың иесінің аты- жөні, мекен- жайы.
2. Анамнез - мал зерттеу мен емдеуге түскенге дейінгі мағлұматтар:
А)ауру туралы мағлұматтар ( аурудың басталуы, өтуі мен дамуы, белгілері, емдеу туралы мәліметтер);
Б)өмір тұралы мағлұматтар (малдың тууынан бастап күту және азықтандыру жағдайлары, болған аурулар, төлдеуі, буаздылығы, өнімділігі туралы мәліметтер).
3.Клиникаға түскен кездегі малдың жалпы жағдайы. Бұл бөлімде малды зерттеудің барлық қорытындысы жазылып, алдыңғы және соңғы болжаулар көрсетіледі.
4. Аурудың дамуы мен емдеу туралы күнделік. Күнделікке ретімен күн сайын барлық бақылаулар, емдеу әдістері, талдау нәтижелері, белгіленген дәрілер, ауру ақыры, т.б. жазылады. Сонымен қатар, қысқаша түрде күн сайын ауру ағымында болатын өзгерістерді, дене қызуын, пульс, тыныс алу жиілігін, зертханалық талдау нәтижелерін, дәрілердің рецептін, күту тәртібін жазады.
5.Эпикриз- қысқаша дәрігерлік қорытынды. Эпикризді ауру тарихының соңында түйінді түрде, малды бақылап кейін жазады.
Ауру тарихының астына мал дәрігері немесе куратор айы, күні, жылын көрсетіп, қол қояды.
Достарыңызбен бөлісу: |