Продуктивті симптоматика деп (позитивті симптоматика, плюс-симптом) сау адамдарда кездеспейтін, аурудың нәтижесі ретінде пайда болған жаңа феномен, бір жаңа функция деп айтуға болады.
•Продуктивті симптоматикаға мысал ретінде сандырақ және галлюцинациялар, эпилептиформды пароксизмдер, психомоторлы қозу, жабысқақ ойлар, депрессия кезіндегі қатты қайғыру сезімі сиақты белгілерді атауға болады.
•Негативті симптоматика (дефект, минус-симптом), керісінше, организмнің сау қызметін шектейтін аурудың әкелетін шығыны, қандай да бір қабілеттен айырылу.
• Негативті симптоматика мысалына еске сақтау қызметінің (амнезия), интелекттің (кем ақылдылық) бұзылысы, жарқын эмоционалды сезім сезіне алмауы (апатия) жатады.
Психоз дегеніміз - мида озгеріс болгандыктан, озін-озі бейнелеудін, журіс-турыстын бузылуына байланысты жалпы организмнін ауыруы. Кыскаша психоз ауруына токталатын болсак, ол психоз
кезінде психикалык кызмет сырткы дуниемен катынасы озгеріске ушырайды.осынын асерінен ішкі жагдайлар озгереді мидын рефлекстік кызметі бузылады, ми кызметі элсірейді, бурмаланады, керек десен тіпті толык істен шыгады. Психоздар мен баска психикалык аурулардын арасындагы
айырмашылыктар теория жатынан гана емес, практикалык жагынан да манызы бар. Психоз басталганда
аурудын кабілетсіздігі байкалады. Когамга кауіпті рекет жасаганда ондай ауруга сот жауапкершілік жуктемейді, медициналык шаралармен коргауды кажет стеді. Сонымен бірге мундай аурулар мемлекеттік жэне когамдык органдарга сайлауга катыспайды.
5.Психиатрияда қолданылатын зерттеу әдістері. Анамнестикалық мәліметтерді жинау ережесі, оларды талдау. Параклиникалық әдістерді (зертханалық, аспаптық және психологиялық) пайдалану, олардың диагностикалық мүмкіндіктері.
Клиникалық әдіс
Клиникалық әдіс психикалық аурулар диагностикасында негізгі әдіс болып табылады. Ол науқастың паспорттық мәліметтерінен, шағымдарын анықтау, анамнездік мәліметтерін жинау, соматикалық және неврологиялық тексерулер, психикалық жағдайын зерттеуден тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |