1. Психиатрияның мәні мен міндеттері. Клиникалық психиатрияны дамытудың негізгі кезеңдері


Неврастениялық (астениялық) синдром



бет9/44
Дата12.12.2023
өлшемі229.11 Kb.
#486212
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   44
Психиатрия жауаптары (копия)

Неврастениялық (астениялық) синдром тітіркенген әлсіздікпен сипатталады. Ішкі тежелудің туа және жүре пайда болған жетіспеушілігінде қозу ешнәрсемен шектелмейді, ол тітіркенгіштікпен, шыдамсыздықпен, зейін әлсіздігімен, ұйқы бұзылуымен көрінеді. 
Обсессивті-фобиялық синдром әрқилы жабысқақтықтар және фобиялар түріндегі психопатологиялық өнімдермен көрінеді. Бұл кезеңде үрейлену, күдікшілдік, сенімсіздік күшейеді, астенизация белгілері көрінеді.
Ипохондриялық синдром маазмұны бойынша мынадай болады: 1) астениялық, 2) депрессивті, 3) фобиялық, 4) сенестопатиялық, 5) сандырақтық. Невротикалық жағдайда жай, сандырақсыз ипохондрия жөнінде айтылады, ол өз денсаулығына аса көңіл аударумен, оның дұрыстығына күмәнданумен көрініс береді. Науқас өз денесіндегі жағымсыз сезімдерге фиксацияланады, олардың тегі невротикалық жағдайдың өзі және оның нәтижесінде дамыған сомотовегетативті өзгерістер, депрессия және басқа да себептер болуы мүмкін.
Истериялық синдром – кез-келген ауру симптомдарының жинағы, бұл симптомдар жоғары сенгіштіктің және өз-өзін сендірудің нәтижесі болып табылса, және де эгоцентризм, демонстративтілік, психикалық жетілмеушілік, қиял ойынының басымдылығы және эмоциональды лабильділік тәрізді тұлғалық ерекшеліктерге тән. Бұл жағдай истериялық невроз, тұлғаның истериялық дамуы мен истериялық психопатияға тән.
Психопатиялық синдром
Бұл науқасты әлеуметтік дезадаптацияға алып келетін эмоциональды және еріктік саладағы тұрақты дисгармониялылық, мінез патологиясымен көрініс береді. Бұзылыс таным үрдісіне әсер етпейді. Психопатиялық синдром жоғарғы жүйке жүйесінің туа (психопатиялар) және жүре пайда болған (постпроцессуальды жағдай) өзгерістері нәтижесінде әлеуметтік ортаның белгілі бір жағдайларында түзіледі. Бұл айырмашылықтарды айқындау үшін, шизофрениялық немесе церебральды-органикалық үрдіс нәтижесінде пайда болатын мінез өзгерістерін кейде психопатия тәрізді синдром деп атайды. Психиатрияда бұл патология шекаралық бұзылысқа жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет