1. Психиатрияның мәні мен міндеттері. Клиникалық психиатрияны дамытудың негізгі кезеңдері



бет12/44
Дата12.12.2023
өлшемі229.11 Kb.
#486212
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   44
Психиатрия жауаптары (копия)

Бақылау әдісі. Науқасты сұрай отырып дәрігер оның сұрақтарға реакциясына, жүріс-тұрысына, мимикасына көңіл аударады. Бұл тексерудің маңыздылығы ауруды сұрастыру қиындаған жағдайда, яғни ступор, сананың өзгерген жағдайында, естің дөрекі бұзылыстарында, негативизімде және диссимуляциялық жағдайларда артады. Сұраудың және бақылаудың нәтижесінде дәрігер аурудың психикалық жағдайын суреттеп көрсетеді.
Психикалық жағдай. Ауру тарихында психикалық жағдайды белгілі бір ретпен жазу керек. Суреттеу схема бойынша сұраққа жауап ретінде болмауы тиіс, ол науқастың және орын алған психикалық бұзылыстардың күрделі, жоспарлы сипаттамасы болуы тиіс. Психикалық статусқа дәрігердің жеке ойын көрсететін сөз тіркесін және терминдерді жазуға болмайды: мысалы, «Науқаста жабысқақ ойлар бар», «Науқастың галлюцинациясы бар” т.б., бұл құбылыстардың бәрі нақты суреттелуі тиіс.
Психиатрияда негізгі зерттеу әдісі клиникалық әдіс болып табылады, яғни аурумен сөйлесу, оны бақылап, тексеру, ол туралы жақын туыстарынан, қызметтестерінен алынған мәліметтер анализін жасау.
Ауру ағымы мен болжамын дұрыс сипаттауда катамнестикалық зерттеулер маңызды орын алады. Катамнез - науқастың ауруханадан шыққаннан кейінгі, әртүрлі уақыт аралығындағы жағдай-күйі туралы мәліметтер. Катамнестикалық мағлұматтар әртүрлі мәлімет көздерінен жиналады, олар, арнайы зерттеулердің мәліметтері, ауру тарихынан алынған көшірмелер, науқастың ауызша немесе жазбаша берген мәліметтері. Сонымен бірге зерттеудің басқа әдістері де қолданылады: психологиялық, соматикалық күйіне баға беру, неврологиялық, электроэнцефалографиялық, биохимиялық, серологиялық және т.б. Психологиялық зерттеулер эксперименттік жағдайда әртүрлі тесттер, әдістер қолданып, науқастың танымдық қызметінің ерекшеліктері мен оның бұзылу дәрежесін, есте сақтау қабілетін, қабылдау мен өзге де психикалық функциялардың бұзылыстары мен ерекшеліктерін диагностикалауға мүмкіндік береді.
Электроэнцефалография арқылы ОЖЖ-ң органикалық патологиясының белгілерін анықтауға болады. Басқа лабораториялық тексерулер (биохимиялық, серологиялық, рентгенологиялық) соматикалық патология бар-жоғын анықтау үшін және терапияның басқа түрінің қажет немесе қажет еместігін анықтау мақсатында жүргізіледі.
Соңғы жылдары психиатрия саласында эпидемиялогиялық тексеру кең көлем алды. Бұл зерттеулер актуальді мәселелердің көлемді шеңберін шешуге бағытталған.
Параклиникалык зерттеу. Психикалык ауруларда косымша роль аткарады. Эсіресе, эспериментальды-психикалык зерттеулер еске сактауга, интеллектке, ойлауга арналган тестер аркылы
психиканын озгерістерін аныктауга болады.
Электроэнцефалография (бас МИЫНЫН биотогын жазу)
эпилепсия жэне бас ісігін зерттеуде улкен роль аткарады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет