Ақыл кемдігі (деменция) – патологиялық үрдіс ықпалымен шақырылған тұрақты, орнына келуі қиын интеллектуальды қабілеттілік жоғалуы, бұл кезде әрқашан психикалық қызметтің жалпы нашарлауы белгілері болады. Интеллект деңгейі адам өмірінде жүре келе жинақталған ретінен кері дамиды, көмескіленеді, танымдық қабілет әлсіреп, сезім кедейленеді және жүріс-тұрыс өзгереді. Жүре пайда болған ақыл әлсіздігі кезінде кейде басым ес, зейін бұзылады, ал пікір жасауға қабілет бірден жоғалмайды, тұлға ядросы, критика және жүріс-тұрысы көпке дейін сақталып қалады.
Психоорганикалық синдром (энцефалопатия) салыстырмалы түрде жеңіл, бірақ айқын ақыл әлсіздігі дәрежесіне дейін жетпейтін, тұрақты интеллектуальды-мнестикалық төмендеумен сипатталады.
Продуктивті симптоматика деп (позитивті симптоматика, плюс-симптом) сау адамдарда кездеспейтін, аурудын натижесі ретінде пайда болган жана феномен, бір жана функция деп айтуга болады.
Кемақылдық (олигофрения) - әртүрлі дәрежедегі ақыл кемдігі. Кемақылдық құрсақ ішінде, босану кезінде, бала туылғаннан кейін оның дамуының бастапқы сатысында мидың патологиялық үрдіспен зақымдалуының нәтижесі. Егер ақыл әлсіздігінде – интеллект қалыпты деңгейден төмендеген болса, кемақылдықта – интеллект ешқашан ересек адамның деңгейіне жетпейді. Кемақылдықтың бірнеше дәрежесін ажыратамыз: идиотия, имбецильділік, дебильділік.
Маниакальды синдром өзінің классикалық вариантында психопатологиялық симптомдардың триадасынан тұрады: 1) көңіл-күйдің көтерілуі; 2) ойлау ағымының жылдамдауы; 3) сөздік-қимылдық қозу. Бұл - синдромның облигатты (негізгі және тұрақты кездесетін) белгілері. Жоғары аффект психикалық қызметтің барлық саласына әсер етіп, екіншілік, яғни тұрақты емес маниакальды синдром белгілерінің пайда болуына алып келеді. Қоршаған ортаны ерекше ашық қабылдау, ес үрдісінде гипермнезия, ойлауда - өз мүмкіндіктері мен өзтұлғасын асыра бағалау, қысқа уақыттық ұлылық сандырақ идеялары, эмоционалды реакцияларда – ашушаңдық, еріктік салада – тілек, әуестіктердің өсуі, зейіннің жылдам ауыспалылығы; мимика, пантомимика және науқастың бүкіл сыртқы болмысы қуаныш белгісін бейнелейді.
Достарыңызбен бөлісу: |