Астенодепрессивті синдром. Бұл ұғымды кейбір авторлар (Е.А. Попов және т.б.) теориялық тұрғыдан жетілмеген деп есептейді, себебі, бір мезгілде астениялық және депессиялық синдромдардың қатар жүруінде. Бұл кезде келесі клиникалық фактіге көңіл аудару қажет, астения мен депрессия бірін-бірі жоққа шығаратын жағдайлар: астениялық бұзылыстың үлес салмағы жоғары болған сайын, депрессияның ауырлық дәрежесі соғұрлым төмен; астенияның күшеюіне байланысты суицидальды тәуекелдер азаяды, қимылдық және идеаторлы тежелу жойылады. Дәрігердің практикалық қызметінде астено-депрессивті синдром өте жиі кездеседі.
Маниакальды және депрессиялық синдромда әртүрлі психикалық аурулардың психопатологиялық симптомдарының түзілу сатысы болуы мүмкін, бірақ типті көріністерімен тек маниакальды-депрессивті психозда бақыланады.
Қимылдық және еріктік бұзылыстар синдромдары
Кататониялық синдром кататониялық ступор немесе кататониялық қозу түрінде көрінеді. Бұл екі көрініс өздерінің сыртқы бейнесіне қарағанда өзгеше болғанымен, олардың шығу тегі бір және бір құбылыстың әртүрлі фазалары болып табылады. Бұл синдромды құратын симптомдардың мәнін нақты түсіну үшін оның патофизиологиялық негізіне көңіл аудару керек.
Гебефрениялық синдром шығу тегі мен көріністері жағынан кататонияға ұқсас. Қимыл-әрекеттің, сөздердің мәнерлілігімен, оғаштығымен, алаңғасарлықпен сипатталатын қозу. Көңілділік, қисаңдау және әзілдері қоршаған ортадағы адамдарда көңілділік туыдрмайды. Науқастар келемеждейді, гримасалар жасайды, бала тәрізді сөйлейді, аунайды, билейді.
Невротикалық синдромдар
Невротикалық синдромның ерекшелігі бұзылыстар деңгейінің терең еместігі болып табылады, мұнда тек астениялық, аффективті симптомдар және невротикалық (обсессивті, фобиялық, истериялық, сандырақсыз ипохондриялық) бұзылыстар жатады. Бұл паталогияның айырмашылығы психикалық бұзылыстардың парциальдылығы, оларға деген сыни көзқарастың болуы, дертті түсіне білу, қоршаған ортаны адекватты қабылдау және психикалық функцияның әлсіздігімен бірге жүретін мол соматовегативті симптоматика. Невротикалық синдромдар құрылымында заттық сана бұзылыстары, сандырақ идеялар, галлюцинациялар, деменция, маниакальды жағдай, ступор, қозу болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |