Псевдогаллюцинация дегеніміз не
Адам психикасының мұндай патологиясы келесі белгілермен сипатталады:
Науқастың басында оны белгілі бір әрекеттерге итермелейтін дауыс шығуы мүмкін. Барлық көріністер оған байланысты болады. Басынан шыққан дауыс сізге нақты не екенін көруге мүмкіндік бередішын мәнінде жоқ.
Науқас айналадағы нақты жағдайдан толығымен ажырап, тек галлюцинациялы бейнені ғана байқай алады.
Қабылдаудың әрбір адасуы адамды айналадағының бәрі бұрмаланған, дауыстар немесе көріністер оның улануының немесе сөз байласуының нәтижесі деп ойлауға мәжбүр етеді. Олар айналасындағы адамдарды өздерінен бас тартып, тәжірибе жасаған дәрігерлердің жазасына тапсырды деп айыптай бастайды.
7. Сандырақ (анықтама, клиникалық формалар, диагностикалық маңызы, науқастардың әлеуметтік қауіпті мінез-құлқы). Супер құнды идеялар, олардың сандырақтан айырмашылығы.
Сандырақ (бред)
Сандырақ ойлар (бредовые идеи) – аурудың санасын толықтай жаулап алатын және түзетуге келмейтін қате ой түйіндеулері. Сандырақтық тану пайда болған кезде сандырақ нақты мазмұнға ие болады, эмоциональды тынышталу жағдайымен жүреді, ол сандырақ кристаллизациясы деп аталады.
Соңына түсу сандырағында науқас белгілі бір адамдар немесе ұйымдардың өзін құпия немесе ашық түрде соңына түсіп, жоюға әрекет жасап жүргендігіне сенеді.
Әсер ету сандырағында сол аталаған ізге түсушілер науқасқа моральді немесе физикалық әсер етеді, ол үшін күрделі техникалар мен құралдарды қолданады деп есептейді.
Улану сандырағы да соңына түсу сандырағының құрамына кіреді: науқас уландырудың негізгі көзі улы тамақ, улы заттар, дәрі, ауа, су деп есептейді.
Қатынас сандырағы да соңына түсу сандырағын толықтырады. Қоршаған ортада болып жатқан қарапайым бұзылыстарды бұрмалап, өзіне қарсы істелініп жатқан іс-әрекет ретінде түсінеді.
Зиян сандырағы – науқас адамдарды зиянкеш көріп, материалды немесе моральді зиян келтіруде, тонап, заттарын бүлдіреді, құқығыма қысым жасайды деп ойлайды.
Кверулянттық сандырақ өзінің тарапына ұқыпсыз, қайырымсыз, адал емес көзқарасты сезген науқас дауласуға дайын тұрады.
Қызғаныш сандырағы науқастың жолдасының барлық іс-әрекеттері және қоршаған ортада болып жатқан нәрселермен қатынасы жұбайлық көзге шөп салу белгілері түрінде көрінеді.
Ипохондриялық сандырақ тематикасы ауыр, дауасы жоқ дерттің бар екеніне сенімділік.
Өзін-өзі кінәлау және кемсіту сандырақтық идеялары – ипохондриялық және депрессиялық күйлердің бірге жүруі. Науқас өзін барлық нәрсеге кінәлі сезініп, өкініш сезімін арқалап жүреді.
Сандырактын диагностикалык,
Достарыңызбен бөлісу: |