27
Елімізде туристік операторлардың, туристік агенттердің және туризм
саласында қызмет көрсететін қызметкерлердің жалпы саны 2019 жылы - 7,4
мың, 2020 жылы - 7,8 мың, 2021 жылы - 6 мың адамды құрады. Уақытша тұру
жөнінде қызмет көрсету орындарының қызметкерлерінің саны 2019 жылы - 30
мың, 2020 жылы - 26,3 мың, 2021 жылы - 27,3 мың адамды құрады.
Санаториялық - курорттық ұйымдардың қызметкерлерінің саны 2019 жылы -
8,8 мың, 2020 жылы - 8,6 мың, 2021 жылы - 8,1 мың адамды құрады. Демалыс
пен ойын-сауықты, мәдениет пен спортты ұйымдастыру жөніндегі қызмет
көрсету орындарының қызметкерлерінің саны 2019 жылы - 75,4 мың, 2020
жылы - 75,3 мың, 2021 жылы - 75,7 мың адамды құрады. Отандық туризм
саласының қазіргі даму жағдайын жасалған талдау нәтижелері салада оң
өзгерістер қалыптасқанын көрсетіп отыр.
2.2 «Br travel» кәсіпорынында сандық маркетингтің қолданылуын талдау
«Br travel» кәсіпорыны Астана қаласында орналасқан туристік агенттік.
Туристік агенттіктің әлемнің кез келген жеріне турлар ұйымдастырып беретін
мүмкіндігі бар.
Сондай-ақ, турагенттік қызметінде авиа және теміржол
билеттерін сату функциясы бар. Кәсіпорынның басқару құрылымы
төмендегідей (сурет 2).
Сурет 2 – «Br travel» кәсіпорынының басқару құрылымы
Ескертпе – [31] мәліметтер негізінде автормен құрастырылған
Әр кадрдың функциясы:
Директор – туристік кәсіпорынның әкімшілік-шаруашылық және қаржы-
экономикалық қызметіне басшылықты жүзеге асырады. Туристік кәсіпорынның
құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне басшылық жасайды. Туристік
өнімдерді өткізу және жекелеген туристік қызметтерді көрсету жөніндегі
қызметті ұйымдастырады.
Сыртқы нарықта турларды сатумен айналысатын
менеджер- турлар
бағдарламасын жоспарлау және жасау; турлардың құнын есептеу; билеттерді
брондау және сату; қонақ үйлердегі
орындарды брондау; экскурсиялық және
Директор
Ішкі нарықта турларды
сатумен айналысатын
менеджер
Маркетинг және PR
бойынша менеджер
Сыртқы нарықта турларды
сатумен айналысатын
менеджер
Бухгалтер
Мобилограф
SMM менеджер
28
басқа да қосымша қызметтер бағдарламаларын жасау; гидтер мен
жүргізушілерге нұсқау беру;
туристік құжаттаманы ресімдеу; визалық
қамтамасыз ету;
Маркетинг және PR бойынша менеджер – туристік кәсіпорынның сыртық
имиджіне жауап береді. Кәсіпорынды жарнамалаумен айналысады. Бухгалтер -
туристік кәсіпорынның кіріс және шығыстарын, кадрлардың жалақысын
есептейді. SMM менеджер - Компанияның туристік қызметтерін әлеуметтік
желілерде ілгерілету стратегиясын әзірлеу және іске асыру.
Әлеуметтік медиа
контентін құру (мәтіндер, фотосуреттер, бейнелер) және контент күнтізбесін
басқару. Мобилограф – компания және өзекті турлар туралы смартфонның
көмегімен шығармашылық, трендтік фотосуреттер мен бейнелер жасайды.
«Br travel» туристік кәсіпорны ішкі және сыртқы танымал туристік
дестинацияларға бағытталған тур өнімдерді сатумен айналысады (сурет 3).
Сурет 3 – «Br travel» туристік кәсіпорнының негізгі туристік бағыттары
Достарыңызбен бөлісу: