1 Сандық маркетингтің теориялық негіздері



Pdf көрінісі
бет9/13
Дата23.08.2023
өлшемі0.87 Mb.
#476187
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
6 НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Ескертпе – кесте автормен құрастырылған 
SWOT талдауға сүйене отырып (кесте 7) елімізде туризм саласында 
сандық маркетинг құралдарын қолданудың басты күшті жағы- қаланың немесе 
елді-мекеннің көрікті жерлеріне қысқаша жол табуға болады және саяхаттау 
тиімді жоспарлауға болады. Мысалы, Алматы қаласынан бірнеше шақырым 
ғана жерлерде орналасқан Медеу мұз айдын, Бутаковка сарқырамасы, Түрген 
сарқырамсы және тағы да басқа көрікті туристік оиындарға қысқаша ған 
жолды табуға болады.
Шетелдең келген қонақтарға аудио-гид қызметін пайдалануға болады. Ол 
арқылы шет елдік туристер еліміздің көрікті орындары жайлы тың мағұлматтар 
ала алады.


34 
Әлсіз тұстарына тоқталатын болсақ: еліміздің кей өңірлерінде байланыс 
дұрыс орнатылмаған, сондықтан интренет желісінен шалғай жерлерде 
қосымшаларды қолдану мүмкін емес. Қосымшалар қолданылмағандықтан ол 
келушілердің күнделікті өмір ырғағына кері әсерін тигізеді.
Еліміздегі  кейбір орындар танымал туристік қосымшаларда тіркелмеген, 
соның салдарынан ол жерлерге саяхаттау қиындық тудырады. Мысалы, 
еліміздің шығыс өңірінің жауһарлары - Қатон-Қарағай, Рахман қайнары, 
оңтүстіктегі Қазығұрт тауларының қызғалдақ алқабы, солтүстіктегі Қостанай 
өңірінің шыршалы ормандары және т.б. танымал туристтік қосымшаларда 
тіркелмеген. 
Сандық маркетинг құралдарын қолданудың басты мүмкіндіктеріне 
мұражайлардың жұмыс уақытын, театр және т.б. қаланың турист үшін қызықты 
болатын орындарының жұмыс кестесін анықтай алуға мүмкіндігін айтуға 
болады. Мысалы, кейбіп шетелдік туристер біздің еліміздегі мерекелік күндері 
мұражайларға барып босқа өз уақыттарын жоғалтуы мүмкін. Сол үшін де әрбір 
орынның жұмыс кестесін білу маңызды.
Сондай-ақ, қонақүйден шықпай тамақ пен таксиге тапсырыс беру де 
сандық маркетинг құралдарының мүмкіндігі болып табылады. Ал туризм 
саласында сандық маркетинг құралдарын қолдану кезінде туындайтын қауіпке
интернет желісіндегі алаяқтарға алданып қалу қаупін жатқыза аламыз. Елімізде 
күніне қаншама адам интернет алаяқтарының арбауына түсіп қалып жатады. 
SWOT талдаумен бірге PEST талдау да зерттеу жұмыстарында 
қолданылатын пайдалы талдау әдісі болып саналады. 
- PEST-талдау (ағылш. PEST analysis) - бұл бизнеске немесе жобаға әсер 
етуі мүмкін сыртқы факторларды бағалау үшін қолданылатын 
Стратегиялық талдау құралы. PEST аббревиатурасы саяси, экономикалық, 
әлеуметтік, Технологиялық дегенді білдіреді. 
- PEST талдауы компаниялар мен кәсіпкерлерге саяси, экономикалық, 
әлеуметтік және технологиялық факторлардың өз бизнесіне әсерін 
бағалауға мүмкіндік береді, бұл оларға негізделген шешімдер қабылдауға 
көмектеседі. Ол сондай-ақ сыртқы ортаның өзгеруіне байланысты 
ықтимал мүмкіндіктер мен қауіптерді анықтауға көмектеседі. 
- PEST талдауын пайдалану компаниялар мен кәсіпкерлерге сыртқы 
ортадағы өзгерістерді бақылауға мүмкіндік береді, бұл олардың бизнесіне 
әсер етуі мүмкін. Бұл оларға өзгеретін жағдайға бейімделуге, сыртқы 
факторларды талдауға негізделген стратегиялар мен іс-қимыл 
жоспарларын жасауға көмектеседі. 
- PEST талдауын қолданудың болашағы мынада: оны сату, маркетинг, 
қаржы және т.б. сияқты бизнестің әртүрлі аспектілеріне сыртқы ортаның 
әсерін бағалау үшін пайдалануға болады. 
Елімізде сандық маркетинг құралдарын қолдану PEST талдауы бойынша 
талқыланды (кесте 8). 


35 
Кесте 8 – Еліміздегі сандық маркетинг құралдарын қолдану PEST талдау 
Political (политикалық) 
Economical ( экономикалық) 
Цифрландыру саласында қолайлы заң 
қабылдау; 
Цифрландыру саласындағы инвестициялау 
қызметі 
Цифрландыру 
саласында 
қолайлы 
заң 
қабылдау; 
Цифрландыру саласындағы инвестициялау 
қызметі 
Social ( социалдық) 
Technological (технологоиялық) 
Өмір сүру деңгейі мен стилінің өзгеруі
Демографиялық өзгерістер; 
Халықтың өмір сүру сапасы; 
Тұтынушылардың қалауы; 
Жарнама және қоғаммен байланыс; 
Халықтың жаңа технологияны қолдануы 
Автоматтандыру құралдарын кеңінен тарату; 
Өндірісті түбегейлі өзгерте алатын жаңа 
технологиялардың пайда болу мүмкіндігі; 
Жүктелмеген 
технологиялық 
тиімді 
қуаттардың болуы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет