Идеологиялық халықаралық қатынастар – саяси қатынастардың біршама дербес бөлігі, ролі мен маңызы қоғамдағы идеологияның ролінің өзгеруімен байланысты. Формалары: келісім; декларациялар; диверсиялар; психологиялық соғыстар.
Халықаралық-құқықтық қатынастар – халықаралық қатынастарға қатысушылардың өзара қарым-қатынасын құқықтық нормалар және ережелермен реттейді. Формалары: дипломатиялық құқық; теңіз сауда құқығы; халықаралық арбитраж; сот.
Әскери-стратегиялық халықаралық қатынастар – әскери күштерді тікелей немесе жанама құрумен, жетілдірумен, қайта бөлумен айналысады. Формалары: әскери-стратегиялық блоктар; әскери-стратегиялық одақтар.
Мәдени халықаралық қатынастар – мәдениеттердің, білім жүйелерінің өзара сіңісуі, байытылуы, бұқаралық ақпарат құралдарының дамуы жүзеге асады. Формалары: артистердің гастрольдері; ақпарат алмасу; түрлі көрмелер.
54. Геосаясат: түсінігі және мазмұны. Сыртқы саясат – кез келген мемлекеттің дүниежүзілік аренадағы өз мүдделерін көздей отырып жүргізген әрекеттері. Геосаясат (гректің geos – жер және politike – мемлекетті басқару өнері сөздерінен) – сыртқы саясаттың түрі, оның мемлекеттің географиялық факторларға (аумағы, табиғи байлықтары т.б.) байланысты жүргізілуі (мемлекеттің сыртқы саясатының географиялық факторларға тәуелділігі).
Батыс саясаттануындағы теория бойынша, мемлекеттердің саясаты, сыртқы саясаты түрлі факторлармен: кеңістіктегі орналасуымен, табиғи ресурстарының болу, болмауымен, климатымен, тұрғындарының тығыздығымен, тұрғындар санының өсуімен т.б. алдын-ала анықталған.
Геосаясат – аумақты бақылау, мемлекеттер мен мемлекетаралық бірлестіктердің ықпал ету аймағын бөлу, қайта бөлу заңдылықтары туралы ғылым, ол саяси географиямен тығыз байланысты. Дәстүрлі түсінік бойынша геосаясат мемлекеттердің географиялық және кеңістіктік факторларды өз саяси мақсаттарына жетуде қолдануы. Алайда қазіргі кезде геосаясатта географиялық факторлар ғана емес, сонымен бірге саяси, экономикалық, әскери, экологиялық, демографиялық, тарихи, мәдени факторлар да есепке алынады, қолданылады. Осы факторларға сүйене отырып, халықаралық қатынастардың субъектісі кеңістікті бақылайды.
Геосаясат – үлкен кеңістіктер, жаһандық саяси, экономикалық процестер және оларды басқару туралы ғылым. Қолданбалы геосаясат мемлекеттің аумағы, оның шекаралары, ресурстарын, адами ресурстарды да рационалды түрде пайдалану мен бөлуге қатысты мәселелердің барлығын зерттейді.
Мемлекеттің өмір-тіршілігінің маңызды екі факторы: экономикалық, географиялық факторлармен қатар қазіргі әлемнің геосаяси жағдайына, халықаралық қатынастардың дамуына, елдің (елдер топтарының) халықаралық қатынастар, әлемдік саясаттағы орнын түпкілікті анықтауға мынадай жағдайлар да үлкен ықпал етеді: әскери-техникалық құралдардың дамуы (ҒТР нәтижесінде жаппай қырып жою қарулары және оларды жеткізу құралдары, қарсыластың қаруын анықтау және оны жеңу, әскерлерді және олардың маневрлерін басқару т.б.); электронды байланыс құралдарының дамуы (Ғаламтор құрылды. Қоғамның барлық салаларының өмір сүруі (әскери, экономикалық сала өмірі де) электронды байланыстың жағдайына байланысты); Халықаралық қатынастарда геосаяси бағыттың стратегиясы мен тактикасын жасайтын қоғамдық-саяси ғылымдардың даму қарқыны маңызды болуда; Тұрғындардың білімі мен мәдениеті де маңызды болуда. Мәдениеттің деңгейі әлемдік діндердің жағдайына да ықпал етеді, соңғы онжылдықтары, әсіресе, исламның күштердің геосаяси балансына барған сайын ықпал өсе түсуде. Мемлекеттің саяси режимі қызметінің тиімділігі, билеуші элитаның ойлау деңгейі, біліктілігі, ел тұрғындарының, қоғамның заңдарды құрметтеуі де маңызды болуда.
Достарыңызбен бөлісу: |