1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С/ну – саяси құбылыстар, саяси процестер туралы, саясат туралы ғылым. С/ну, орыс тіліндегі «политология»



бет52/91
Дата13.09.2023
өлшемі343.11 Kb.
#477421
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   91
1. Саясат – о амды мірді саласы. С ну – саяси былыстар, са

Дәстүрлі емес діни ұйымдар Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жылдары кеңінен етек жая бастады. Қазақстан қоғамында дәстүрлі емес діндердің бой көрсетуі және қызметі қауіпті тенденцияны байқатты. Гуманитарлық зерттеу орталығының (ГЗО) мәліметі бойынша Қазақстанда «дәстүрлі емес» діндерді ұстанушылардың саны аз болғанымен, ол ұйымдар басқа діни ұйымдарға қарағанда айтарлықтай белсенділігімен ерекшеленеді. Олардың ішінде соңғы онжылдықтары кең таралғаны - протестанттық (христиан діні) бағыттағы діни ұйымдар. Қазақстан батыстық және шығыстық діни экспансияның орталығы болып отыр. Еліміздегі шетелдік христиандық дәстүрлі емес ағымдар: «Йегово куәгерлері» ұйымы, «Грейс-Благодать» шіркеуі, Саентология шіркеуі, «Жетінші күн адвентистері» т.б..
Шығыстық дәстүрлі емес ағымдар: «Кришна санасы қоғамы» (индуизм негізінде, Үндістанда негізі қаланған), Бахай діни ағымы (ислам сектасы), «Бірігу» (Мун) шіркеуі (кореялық, портестанттық ағым). Исламдық теріс ағымдар: уахаббилер, Ахмадия діни ағымы, құраншылар, сопылық ағым, зікіршілер.


52. Халықаралық қатынастар: түсінігі және мазмұны. Тар мағынада алғанда, халықаралық қатынастар деп мемлекетаралық немесе үкіметаралық қатынастарды айтады. Кеңінен тараған түсінік бойынша, халықаралық қатынастар деп халықтар, мемлекеттер, мемлекетік жүйелер арасындағы дүниежүзілік деңгейде жүргізілген саяси, шаруашылық-экономикалық, құқықтық, ғылыми-техникалық, дипломатиялық, әскери, мәдени және басқа да өзара байланыстар және оларды іске асырушы әлеуметтік, экономикалық, саяси күштер мен ұйымдардың (әлемдік қауымдастықтың негізгі субъектілері арасындағы) өзара қатынастарының жиынтығын айтады.
Халықаралық қатынастардың даму тарихы ұзақ тарихи жолдан өтті. Халықаралық қатынас мемлекеттердің, алғашқы этностардың пайда болуынан басталады және ол елдер мен мемлекеттердің бір-бірімен байланыс жасауының тарихи қажеттігінен туындайды. Мемлекеттің пайда болуымен саяси қатынастар ішкі және сыртқы (халықаралық) деп жіктеле бастады. Мемлекеттік шекараның анықталуымен «мемлекеттік тұтастық», «егеменділік» сияқты ұғымдар бекітілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет