1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С/ну – саяси құбылыстар, саяси процестер туралы, саясат туралы ғылым. С/ну, орыс тіліндегі «политология»


Қазақстан Республикасындағы дәстүрлі және дәстүрлі емес діндердің жалпы сипаттамасы



бет51/91
Дата13.09.2023
өлшемі343.11 Kb.
#477421
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   91
1. Саясат – о амды мірді саласы. С ну – саяси былыстар, са

51. Қазақстан Республикасындағы дәстүрлі және дәстүрлі емес діндердің жалпы сипаттамасы. Дүние жүзі халқының көпшілігі, негізінен әлемдік үш діндіислам (суниттер мен шейіттер)христиандық (католик, православие, протестант), буддизмді ұстанады, бұларды дәстүрлі діндер деп атайды. Бұл діндердің әрқайсысын қазіргі кезде әлемнің миллиардтан астам халықтары ұстанады.
Қазақстан Республикасы − 140 ұлттың өкілдері тұратын, 17 діни бағыттағы ұйымдар шоғырланған көп ұлтты, көп дінді мемлекет. Қазақстанның діни өмірінде жергілікті тұрғындар үшін дәстүрлі діндер болып саналатын ислам мен православие (орыстық православиелік христиандық) маңызды орын алады. Ислам дініне келсек, ол Аравияда 7 ғасырда пайда болып, Қазақстанға 8 ғасырдан ене бастаған. 2009 ж. халық санағы бойынша исламды ел тұрғындарының 70,2%-ы ұстанады (11,2 млн. адам) сунниттік бағыттың ханафи мазхабы).
2009 ж. халық санағы бойынша Қазақстан тұрғындардың 26,2%-ы – христиандар (4,2 млн.), оның 20%-ы (орыстар, славяндар т.б.) православие дінін ұстанады. Тұрғындардың 2,8 %-ы (450 мың адам) дінге сенбейді. Орыстық дәстүрдегі православиенің Қазақстанда пайда болуы Ресейдің Сібір, Қиыр Шығысты отарлауымен байланысты, солт. Қазақстанда пайда болған. Қазақстанның Орыс Православиелік шіркеуі мен Қазақстан Мұсылмандар Дін Басқармасы арасында (ҚМДБ) қайырымдылық, әлеуметтік қызмет, жалпыазаматтық жобаларға бірігіп қатысу, өнегелік құндылықтары мен келісімге келуге шақыруды уағыздау салаларында жақсы қарым-қатынас, ынтымақтастық орнаған.
Енді дәстүрлі емес діндерге келетін болсақ, Қазір Қазақстандағы дәстүрлі емес діни қауымдарға мыналар енеді: 5 буддистік қауым, 24 индуистік, 12 кришнаиттік, 23 Бахай, 2 Трансцендентальдық медитация қауымы, 2 Ұлы Ақ Бауырластық қауымы, 6 саентология шіркеуі қауымы және т.б. Елімізде жүздеген шетел миссионерлері жұмыс істейді.
Миссионерлердің Қазақстанға келуін шартты түрде 3 кезеңге бөлуге болады: 1) ХХ ғ. 30-50-жж. басталды. КСРО-ның қатаң атеистік саясатына қармастан көптеген діни секталар: Йегово куәгерлері, Адвентистердің жетінші күні, Елуіншілер т.б. астыртын жұмыс істеген. 2) ХХ ғ. 60-80-жж. қатаң қудалау болмаған, көптеген секталар астыртын әрекеттерін жалғастырды. 3) ХХ ғ. 80-жж.-нан бүгінге дейін. КСРО-да 1980-жж. соңында саяси және идеологиялық плюрализм енгізілді. Әртүрлі діни ағымдар, секталар КСРО-ға, Қазақстанға да кіре бастады. 1990 ж. Қазақстанда 670 діни бірлестік болған. 1991 ж. КСРО құлады. Тәуелсіздік алғаннан кейін қабылданған 1992 ж. ҚР «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер» туралы заңы дәстүрлі емес діндердің елімізге ағылып келуіне құқықтық жағдай жасап берді. Осы заңнан кейін, 1992 – 2011 жылдар аралығында елімізде 4551 діни бірлестік, 46 конфессия болған. 2011 ж. 11 қазанда елімізде «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заң шыққаннан кейін, қайта тіркеу жүргізіліп, конфессиялар саны қысқарып, 17 конфессия (4551-ден 3088 діни бірлестік болып, олардың саны 32%-ға қысқарған) болды.
Қазақстанның дінаралық қатынас саласындағы мемлекеттік саясаты дінаралық сұхбатты дамытуға, толеранттылықты нығайтуға және дін саласындағы заң талаптарын орындауға бағытталуымен сипатталады. Дәстүрлі діндер – ислам және христиандық қазақстан қоғамының қалыптасуында мәдениетті құраушы маңызды факторлардың бірі болды. Бүгінде олар Қазақстандағы қоғам өміріне оң ықпал етіп отырғанын атап өту қажет. Дәстүрлі діндер арасындағы қарым-қатынастың конструктивті сұхбат жүргізу аясында дамып отыр, бұл қазақстандық қоғамдағы дінаралық, ұлтаралық келісімге мүмкіндік туғызады, оның тұрақтылығының, қауіпсіздігінің маңызды факторы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет