Халықаралық қатынастар жүйесі – екі немесе одан да көп мемлекеттер арасындағы өзара әрекеттер, ал мемлекеттің сыртқы саясаты – бір ұлттың, бір мемлекеттің сыртқы саяси саладағы іс-әрекеттері.
Халықаралық қатынастардың дамуына ықпал етуші факторлар: әлемдік-экономикалық ахуал: әскери-стратегиялық жағдай; жекелеген мемлекеттердің ықпалы; табиғи қорлардың, шикізат және табиғи ресурстардың ықпалы.
Халықаралық қатынастардың басты субъектілері (акторлары): мемлекеттер; халықаралық ұйымдар (саяси, әскери-саяси, қоғамдық, кәсіби және т.б. ұйымдар); әкімшілік бірлестіктер (облыс, өлке, аймақ); фирмалар; жеке тұлғалар (индивидтер); өзгеше мемлекеттік субектілер – Ватикан, еркін қала;тәуелсіз мемлекет құру үшін күресіп жатқан халық, ұлт және т.б.
53. Халықаралық қатынастардың формалары мен деңгейлері. Халықаралық қатынастардың ерекшеліктері: билік пен басқарудың бірыңғай орталық өзегінің болмауы; полицентризм мен полииерархия негізінде құрылуы; стихиялы процестері мен субъективті факторлардың үлкен роль атқаруы; халықаралық қатынастарды реттеуде заңдар емес, келісімшарттар үлкен роль атқарады. Халықаралық қатынастардың әдістері: соғыс, дипломатия, үгіт-насихат жұмыстары.
Халықаралық қатынастардың түрлері: саяси, экономикалық, ғылыми-техникалық, идеологиялық, халықаралық-құқықтық, әскери-стратегиялық, мәдени.
Саяси халықаралық қатынастар – халықаралық қатынастың басқа түрлерін синтездейді, қауіпсіздікке кепілдік береді, қатынастардың басқа түрлерінің дамуына ықпал жасайды. Саяси қатынас формалары: құқықтық; дипломатиялық; ұйымдастырушылық.
Экономикалық халықаралық қатынастар – әлемдік нарықта халықаралық еңбек бөлінісінің қалыптасуына ықпал етеді. Халықаралық экономикалық қатынастардың формалары: қаржылық; сауда; кооперативтік.
Ғылыми-техникалық халықаралық қатынастар – әлемдік ғылыми-техникалық даму үрдістерін барлық мемлекеттерге тарату, әлемдік деңгейде дамыту. Формалары: халықаралық деңгейдегі білім беру орталықтары; ғылыми-техникалық стандарттар; орталықтар.
Достарыңызбен бөлісу: |