Орыс философиясы қалыптасуының бастапқы кезеңі- XI-XVII
ғасырлар,
өзінің пайда болған кезінен ол әлемдік философиямен байланыстылығымен
сипатталады, бірақ сонымен қатар оның тілтумалығын да теріске шығаруға
болмайды. Ол Киев Русінде пайда болады және 988 жылы Русьтің
шоқынуынан басталған христиандыру үдерісімен байланысты болады. Өзінің
пайда болуында ол, бір жағынан славиандық патша табынушылық
дүниетанымының бірқатар белгілері мен бейнелерін қабылдаса,
екінші
жағынан, христиандықты қабылдау нәтижесінде Византиямен байланыс
орнатып, сол арқылы антик философиясының көптеген идеяларын бойына
сіңірді. Мұнан өзге Византиямен қатынас Ресейге
шығыстық християндық
философия тұжырымдамаларының бекітілуіне ықпал етеді. Осылайша орыс
философиясы философиялық ой дамуының негізгі бағытына сай дами
отырып, христиандырылған күйінде болса да антиктік, византиялық, ерте
болгар дүниетанымы идеяларын бойына сіңірді. Оның үстіне орыс
философиясы ІХ ғасырда Кирилл мен Мефодий қалыптастырған өзінің жеке
жазба тілін әуел бастан қолданды.
Орыс философиясының ерекшеліктері
Орыс философиялық қызықты ізденістер XVI-XVIII
ғасырлар бойында
жалғасын тапты және екі үрдістің қарама- қайшылығы негізінде өт п. Мұның
алғашқысы орыс ойының тілтумалығына басты назар аударып, бұл
тілтумалылықты орыстың рухани өмірі өзгешелігімен байланыстырылады.
Екінші үрдіс Ресейге еуропалық мәд мәдениетгің даму үрдісін тануға
тырысты. Бұл үрдіс өкілдерінің айтуы бойынша
Ресей Еуропаның даму
жолына барлығынан кейін түскендіктен, Батыстан көп нәрсені үйреніп сол
өткен тарихи жолды қайталауы тиіс.
Философия тек адамның таза ақыл-ойы әрекетінің өнімі ғана емес,
мамандардың шағын ғана тобының нәтижесі ғана емес, ол ұлттың рухани
тәжірибесінің көрінісі, әр алуан мәдениет туындыларынан көрінетін оның
интеллектуалдык әлеуетінің көрінісі. Ол философиялық және тарихи білімнің
Достарыңызбен бөлісу: