кезеңнің аталуынан алды. Қайта өрлеу дәуірі үш кезеңге бөлінеді: ежелгі
(ХІV-ХV ғғ.), орта (ХVІ ғ.), кейінгі (ХVІІ ғ.). Қайта өрлеу философиясы
Италиядан басталды, таңқаларлықтай емес, өйткені осы территорияда
қызығушылық тудырған антикалық философия гүлдене
бастаған, содан кейін
ғана солтүстікке, батысқа және шығысқа жылжый бастаған. Әрине
осыған
сәйкес италиалық, немістік, француздық Қайта өрлеу дәуірі туралы айтылған.
58.Поль Гольбахтың материалистік философиясы.
Поль Гольбах 8 желтоқсан 1723 жыл – 21 қаңтар 1789 жыл) — неміс
шыққан
француз философы. Француз материалистерінің ілімін жүйелеуші. Материя
дүниенің себебі, мәңгі қозғалыста. Дүниеде
кездейсоқтық жоқ, барлығыда
қажеттіліктен туындайды. Дінді сынағандығы үшін оның «Табиғат жүйесі»
атаулы еңбегін отқа жағып жіберген.
59. Философиядағы материя мен сана ұғымдары
Бұл екі ұғым — материя мен сана диалектиканың бір-біріне қарама-қарсы
жалпы категориялары. Материя ұғымында объективті дүниені тану кезінде
айқындалған оның ең жалпы қасиеттерін сипаттайтын белгілері анықталады.
Осы заманғы ғыл. түсінік бойынша материяның маңызды қасиеттері:
сақталу мен өзгеру (қозғалыс),
үзіктілік және үздіксіздік,
кеңістік пен уақыт.
Бұл қасиеттер объективті дүниеде бірімен-бірі ажырамас диалект. бірлікте
болады. Материалдық дүниедегі объектілердің ішкі құрылымы
тәртіпке келіп
реттелген элементтерден түзілген жүйелер болып келді. Материяның
біртұтастығы оның әмбебап қасиеттерінен айқын көрінеді. Ол қасиеттерге
жататындар: Материяның жаңадан пайда
болмайтындығы мен
жойылмайтындығы, уақыт өлшемінде мәңгі өмір сүретіндігі, кеңістіктегі
шексіздігі, құрылымының алуан түрлілігі.
Достарыңызбен бөлісу: