адамдардың жануарларға, ағаштарға, құстарға, аңдарға ерекше бір
қасиеттердің иесі ретінде табынуы.
Анимизм (лат. аnima - рух, жан) - заттық дүние құбылыстарының
жандылығын білдіретін термин немесе жансыз дүниенің жаны бар деп түсіну
және соған табыну. Анимизм терминін ғылыми қолданысқа ағылшын
этнографы және мәдени антропологы Э.Б.Тайлор (1832-1917) енгізген.
Фетишизм – (французша тұмар, қасиетті күші бар зат дегенлі білдіреді)
жансыз материалдық
заттар тасқа, ағашқа, сүйекке, малдың бас сүйегіне,
тіске, тағы басқаларға табыну, оларды қамқоршы көру. Көбінесе алғашқы
қауымдық құрылыс, көне мәдениеттерге тән жансыз заттарға
қасиетті деп
табыну. Кейінірек тас мүсінді құдай, пұттар, ескерткіштер жасап соларға
табыну. Магия (сиқыр, аяр, жады). Жаратылыстан тыс күш шақыратын
тұтастай ғұрыптар жүйесін құрайтын көнедегі нанымдардың бірі –магия
немесе тылсым. Магияның тарихи және дүниетанымдық эволюциясын
зерттеген Дж.Фрезер. «Алтын бұтақ» еңбегінде
магияны көне дін емес,
қарапайым ойлау тәсілі, наным деген тұжырым жасайды.
52.Аль кинди философиясы
Әл-Кинди философияны жаратылыстану ғылымдарымен тығыз байланыста
қарастырған. Философиямен терең айналысу үшін математиканы білу қажет
дей отырып, әл – Кинди ғылымдардың жүйесін жасаған. Бұл жүйеге «сан
туралы ғылым» арифметика мен гармония, алаңды өлшейтін ғылым –
геометрия, жұлдыздар туралы ғылым – астрономия кірген. Төртінші орында
алдыңғы үш ғылымды біріктіретін гармония туралы ғылым тұрған.Әл-
Киндидің еңбектері философияның дамуына зор ықпал жасады. Италиян
ғалымы Карден оны әлемдегі үздік жиырма ойшылдың бірі деп атаған. Ол
Аристотель шығармаларын араб тіліне аударып, түсініктеме жазды. Сол
замандағы озық дүниетанымдық ағым — мутазилиттер көзқарасына
сәйкес
әлемнің пайда болуы, жаратылуы туралы құнды пікірлер айтқан. Материя,
форма, қозғалыс, кеңістік, уақыт, субстанция, сан, сапа сияқты ұғымдарға
терең талдау жасаған. Философияның мақсаты мен
қызметі туралы нақты
тұжырым жасап, оның білім саласындағы орнын анықтауға үлкен үлес
қосқан.
Әл-Кинди өзінің дүниетанымына негіз етіп жалпыға ортақ себептілік
байланыс идеясын алады, бұл идеяға орай, кез келген бір затты ақырына
дейін ой елегінен өткізетін болса, онда бұл зат бүкіл ғаламдық
нәрсені
ойдағыдай тануға мүмкіндік береді. Құран жолын ұстанушылар Әл-Киндиге
күпірлікпен қарады. Әл-Киндидің көптеген шығармаларына тек шағын
үзінділері ғана сақталған.
Араб тілді философиядағы перипатетизм әл-Кинди шығармашылығынан
басталған.
Әл–Кинди Птоломей, Эвклидтің жаратылыстану саласындағы еңбектерін
жақсы білген. Аристотель шығармаларына және Порфирийдің «Кіріспесіне»
түсініктеме жазған.