1. Сұрақ Дүниеге көзқарас және оның тарихи формалары



Pdf көрінісі
бет49/53
Дата22.09.2024
өлшемі0.79 Mb.
#503868
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53
философия сессия

 
65.Жаһандану және ғылым 
Жаһандану, немесе Глобализация (ағылш. global — «әлемдік», 
«дүниежүзілік», «жалпы») — жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, 
мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі. Терминді ғылыми 
айналымға алғаш рет 1983 жылы енгізген америкалық экономист Теодор 
Левитт. Жаһанданудың жаңа сатысының түрлі аспектілерін 20 ғасырдың 
ортасынан бастап Уолт Ростоу, Дэниел Белл, Алвин Тофлер, Питер Дракер, 
Джон Нейсбитт, Лестер Туроу зерделеді. Олар ғылымға “интеллектуалдық 
индустриялар экономикасы”, “ақпараттық қоғам”, “техникалық революция”, 
“ақпараттық жарылыс”, “ғаламдық ауыл” деген ұғымдарды енгізді. 


Зерттеушілер Жаһандануды әр текті, бірақ әлемнің біртұтастыққа айналу 
логикасымен біріктірілетін өзгерістердің жиынтығы деп түсіндіреді. 
ЖаҺандық өзара тәуелділік және бүкіләлемдік даму үрдісі Жаһандануға алып 
келмей қоймайды. Бұл үрдіс трансұлттық экономика мен жалпыадамдық 
құндылықтарды қорғауға негізделген халықаралық ұйымдар жүйесі ықпалын 
күшейтеді. Жаһандану әлеуметтік феномен ретінде көп қырлы және көптеген 
құрамдас бөліктерді қамтиды. Негізінен, оны ұлттық және әлемдік 
шаруашылықтың техникалық және қаржылық жағынан дамуының нәтижесі 
деп есептейді. Алайда әлеуметтік-мәдени өзгерістер, адамдар тұрмысының 
өзгеруі, адамзаттың қоршаған ортамен қарым-қатынасының күрделенуі де 
Жаһандануға елеулі ықпал жасап отыр. 
ЖаҺандану артықшылықтары мен кемшіліктері 
Дамушы елдер үшін жаһандану үрдісі тудыратын мәселелер мен қауіп-
қатерлер. Жаһандану үрдістері әртүрлі әлеуметтік және экономикалық даму 
деңгейдегі дамушы елдерге және халықтарға алуан түрлі әсер етеді. Дамушы 
елдерге жаһандану дамуға жаңа мүмкіндіктер жасайды. Сонымен қатар, осы 
елдер үшін аса үлкен қиындықтар да туғызады. Мысалы, дамыған елдермен 
салыстырғанда, дамушы елдердің артта қалу деңгейі күн санап арта түседі. 
Ғаламдық нарықтық экономикаға ену үшін дамушы елдерден өз әлеуметтік - 
экономикалық құрылымын түбегейлі өзгертіп, барынша күш - жігер салуын 
талап етеді. Халықаралық нарық толығымен көпұлтты компаниялардың және 
дамыған постиндустриалды елдердің "ойын ережелеріне" бағынады. Дамушы 
елдердің әлеуметтік-экономикалық дамуы, ғылым, техника және 
технологиялар деңгейі әзірге өте төмен, ал бұл өз кезегінде олардың дамыған 
елдермен қатар бір деңгейде әлемдік нарықта бәсекеге түсуге мүмкіндік 
бермейді. Дамушы елдердің алдында әлемдік ғаламданушы экономикаға 
кірігу міндеті тұр. Ал, екінші жағынан олар дамыған елдерге тәуелді болудан 
қашады. Жаһандық мемлекеттік жүйе - қазіргі мемлекеттердің әлемдік 
жүйесі. Әлемдегі мемлекеттер соның принциптеріне негізделіп құрылған 
ұлттық мемлекет үлгі болып табылады. Бүгінгі таңда ұлт әлемнің қоғамдық 
ұйымдасуының негізгі бірлігі болып табылады, ал ұлттық мемлекет - оның 
саяси ұйымдасуының негізгі өлшемі. Бұл екі бірлікте - қоғамдық және саяси - 
бір-біріне сәйкес келеді, ал бұл олардың мәнін, маңыздылығын, 
шынайылығын және олардың бірінсіз - бірінің күні жоқ екендігін білдіреді. 
Бұл ереже ұлт пен ұлттық мемлекетке легитимділік көзі мәртебесін береді. 
Билікке қол жеткізу және оны ұстап тұру үшін саясаткерлер және оны 
қолдаушылар ұлт мүддесі үшін қызмет етуі керек. Ал мұндай қызмет тек бір 
ұлт қана өмір сүретін ұлттық мемлекет аясында ғана жүзеге асырылуы 
мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет