ажыратылмайды. Негізінде дін мен саясат екі бөлек феномендер. Дін
адамның ұятында, арында, яғни оның иманында. Саясат болса, ол
адамдардың қауымдасып, ұлт, халық болып, мемлекет құрып өмір сүрудегі
тәсілі. Дін саясатқа жанасып кетсе-ақ, өз қадірін жоғалта бастайды.
Сондықтан асылы Дін мен Саясат бөлек-бөлек болғаны абзал.
Діндердің барлығы «әділдік пен махаббат» жолына үндейтінідігі ақиқат.
Бірақ, сол әділдік пен махаббатқа білімсіз жету мүмкін емес. Діни білім
туралы мұсылман дінтанушысы Абу Хамид Мұхаммед ибн Мұхаммед Әл-
Ғазали (1059-1111) былай деген: «Пайдалы біліммен шұғылдану бүкіл басқа
істерге қарағанда әлдеқайда жақсы. Пайдалы білім – дүниенің жамандығын,
ақыреттегі жағдайдың қауіптілігі мен қорқыныштылығын түсіндіретін білім.
Дүниеге беріліп, ақыреттен бет бұрған адамдардың надандығы мен
ақымақтығын, олардың бойындағы өркөкіректік, күншілдік, екіжүзділік,
өзін-өзі сүюшілік, атаққұмарлық пен мансапқұмарлық, дүниеге құштарлық
сияқты жүрек дерттерінің дауасы не екендігін білдіретін білім – пайдалы
білім».
Рухани бірлік пен келісім аясында өмір сүру мақсатына жету үшін
өркениеттілігіміз бен азаматтық қоғам ретіндегі мәдени дамуымыздың
жоғарғы деңгейі болып табылатын толеранттылық (өзгеге
төзімділік,
қамқоршылық, жұмсақтылық, кішіпейілділік, мейрімділік таныту)
қасиетімізді сақтай білуіміз керек. Қоғамның толеранттылығы өздігінен
пайда болатын нәрсе емес. Ол – тәрбие арқылы қалыптасатын қоғамдық
мінез. Ал мінездің негізі дінде. Дін білім арқылы келеді.
Дін – қоғамдық құбылыстардың ішіндегі ең күрделісі, қаншама
ғасырлар
бойы адамзат баласы діннің мән-мағынасын ашып көрсетуге талпынып,
қаншама ұлағатты істер атқарды. Дін мағынасына
анықтамалық теория беру
де оңай емес. «Религия» -(дін) терминіне келетін болсақ,
латын тілінен
аударғанда «байланыс» дегенді білдіреді. Адам Абсолютпен (ең кемел
бағдарлаушымен)
байланысын сезінеді, бұл адамның табиғатымен бітіскен
қасиеті. Барлық діндерге ортақ мүдде – адамдардың бейбіт өмір сүруі. Егер
адамдардың құдайға деген сенімдері, дінге
деген сенімдері қалыптасса,
бейбіт тіршілік ету мәселесі де шешіледі. Дін адамның ішкі жан дүниесінде
мейрімділік, шыншылдық, махаббат деген сенім мен үмітті қалыптастырады.
Дінде дүниеге көзқарастық тұстар басым. Дін адамның табиғатпен және
қоғаммен байланысын әдіс тауып, шебер айқындап бере алады, осы
байланыстардың күрделі бейнесін түзе алды. Бұл суреттемеде адам мен әлем
қатынастары мәселесінің мәңгі сұрақтары шешу тапты.
Діннің қоғамнан
алатын күрделі орынын түсіну үшін оны шындық дүниенің бір бөлігі ретінде
қарап, жердегі негіздерін жалпы методологиялық принципке сүйене отырып
айқындау керек. Дін – бұл дүниені рухани игеру процесіндегі тарихи
қалыптасқан компонент, қоғамның әлеуметтік
ой-санасының, жәдігерінің бір
бөлігі.