бере алмады. Сондықтан дінді жеке
феномен ретінде, мемлекеттілік
тұрғыдан да, мәдениетіміз тұрғысынан да қабылдағанымыз жөн.
Бүгін адам мен қоғамның рухани өмірінің негізін құрайтын психологиялық
және әлеуметтік тіршілікке маңызды ықпал ететін дінді ең басты феномен
ретінде қабылдау шарт. Ал егер дінді қажетсіз немесе қолдан жасалған нәрсе
сияқты қабылдау, діннің ақиқат екендігін жоя алмайды. Оны басқа емес,
кешегі кеңестік атеистік идеологияны бастан өткізген біздің қоғам жақсы
түсінеді. Дін туралы кешегі теориялар, бүгінгі қоғамдық өзгерістерге жауап
бере алмады. Сондықтан дінді жеке феномен ретінде, мемлекеттілік
тұрғыдан да, мәдениетіміз тұрғысынан да қабылдағанымыз жөн.
Кезінде ғылымды дін ретінде дәріптеген позитивизмнің дамуы арқылы
адамзаттың болашақта дінге қажеттілігі қалмайды деген көзқарасы, бүгінгі
білім мен технологияның шапшаңдығына ілесе алмай қалды. Ғылым дамыған
сайын дінге деген сұраныс та жоғарылай түсті. Рас бүгін дәуіріміз ғылым,
ақпарат, білім мен техника арқылы жаңа өркениеттік
талаптар алдында
өзгеруге мәжбүр. Уақыт, әлем өзгеріп жатыр. Адам да осы өзгерістермен
үндесуге тырысуда. Индустриялану, урбанизация,
білім беру, ақпараттық
технология сияқты бірнеше үдерістердің динамикасына шыдай алмай, жаңа
формаларға ауысып, психологиялық және
әлеуметтік тіршіліктің
орталығындағы дін құбылысының да мұндай өзгерістерге үндеспеуі мүмкін
емес. Бір жағынан қоғамды ықпалында ұстап, өмірдің көптеген саласында
көрініс беріп отырған материалды, рухани теңсіздіктер, лаңкестік, зорлық,
моральдық азғындық, стресс, рухани ауытқулар, адамды дінге, руханиятқа
бет бұруына әсер етуші басты фактор ретінде сезіндіре түсуде. Сондықтан
адам мен дін және қоғам қатынасынан алып қарағанда
өмірдің барлық қырын
тұтастыққа, бірлікке шақыратын, тепе-теңдіктерді қамтамасыз ететін, кез
келген қоғамдық дамулар мен өзгерістерге жол ашатын мәндегі дін
исламның дұрыс ұғынылуы, танылуы өте маңызды болып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: