1-тақырып. Азаматтық құқықтың жалпы ережелері. Азаматтық құқықтық қатынастары



бет13/22
Дата27.10.2019
өлшемі291.74 Kb.
#447322
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22
Тезисы лекции

Жарамсыз мəмілелер

Заң шығарушы ҚР АК 157-162 баптарында мəмілелердің жарамсыздық негіздерін, сондай-ақ мəмілелерді жарамсыз деп тануға байланысты даулар жөніндегі талап қоюдың ерекше мерзімдерін ҚР АК 159-бабының 9 жəне 10-тармақтарында бекіткен.

АК 157-бабында мəмілелердің жарамсыздығының келесідей негіздері көрсетілген:

а) егер мəміленің мазмұны заң талаптарына сəйкес келмесе, сондай-ақ құқықтық тəртiп негiздерiне немесе адамгершiлiкке көрiнеу қайшы келген ретте;

б) егер мəміле оған қатысушылардың мəмілеқабілеттілік талапта- рын бұзатын болса;

в) егер мəміле оған қатысушылардың тиісінше ерік білдіру жəне шарт жасасу бостандығын бұзса;

г) егер мəміле өзінің нысаны туралы талаптарды бұзса.

Бірінші категориядағы жарамсыз мəмілелерге қылмыс жасауды, заңнамалық актілерді орындаудан жалтаруды, тұлғаның азаматтық айналымнан алынған тауарларды сатуын қарастыратын мəмілелерді жатқызуға болады.

Уəкілетті банктерді, банктік емес уəкілетті қаржылық мекемелерді жəне олардың айырбастау орталықтарын айналып өтіп, резиденттердің арасында АҚШ долларына қатысты сатып алу сату шартын жасасуы мəміленің жарамсыздығына əкеледі («Валюталық реттеу жəне валюталық бақылау туралы» ҚР Заңы).

Салық салынатын базаны азайту жəне салықты толықтай төлеуден жалтару мақсатында бір заңды тұлғаның өз өнімдерін басқа заңды тұлғаға қасақана төмендетілген баға бойынша сатуы құқықтық тəртіп негіздеріне қайшы жасалынған мəмілелердің мысалы бола алады.

Адамгершілікке қайшы мəміле ретінде ерлі-зайыптылардың

бірінің екіншісін жыныстық құлдыққа сатуын немесе ата-анасының өз баласын сату оқиғаларын айтуға болады.

Заң шығарушы заң талаптарын, заңды тұлғаның жарғысын не оның органдарының құзыретiн бұзатын мəмiленi қасақана жасасқан адамның, егер мұндай талап пайдакүнемдiк себептерден немесе жауапкершiлiктен жалтару ниетiнен туындаса, мəмiленi жарамсыз деп тануды талап етуге құқығының жоқтығын бекітеді.

Мұндай мəмілелердің мысалы ретінде заңды тұлға мен ше- телдік коммерциялық банктің арасында жасалынып, заңды тұл- ғаның коммерциялық банктегі депозиттік шотқа ақша сома- сын аударатындығы жəне банктің оған пайыздар төлейтіндігі қарастырылған мəмілені атауға болады.

Шарт мерзімі аяқталғаннан кейін депонент соманы пайыздары- мен кері талап етті. Бұған банк депозитті орналастыру барысында валюталық операциялар туралы заңнаманың бұзылғандығына сілтеме жасап, төлемді төлеуден бас тартты. Осы ретте, аталған мəмілені жа- рамсыз деп тану туралы банктің талап-арызы қанағаттандырылмайды. Егер мəмiлеге қатысушылардың бiрi оны мiндеттемесiн орындау- дан немесе үшiншi жақ не мемлекет алдындағы жауапкершiлiктен жалтару ниетiмен жасалған ретте, ал мəмiленiң басқа қатысушысы бұл ниет туралы бiлген болса немесе бiлуге тиiс болса, мүдделi жақ

(мемлекет) мəмiленi жарамсыз деп тануды талап етуге құқылы.

Қажеттi лицензия алмай, не лицензияның қолданылу күшiнiң мерзiмi бiткеннен кейiн жасалған мəмiле жарамсыз болады (қараңыз: ҚР АК 159-бабы, «Лицензиялау туралы» Заң). Лицензияны мерзімінен бұрын кері қайтарып алған жəне оның қолданысы тоқтатыла тұрған реттерде де мəміле жарамсыз деп танылады.

Терiс пиғылды бəсеке мақсатын көздейтiн немесе iскерлiк əдеп та- лаптарын бұзатын мəмiле жарамсыз болады (ҚР АК 159-бабы, «Теріс пиғылды бəсекелестік туралы» Заң).

Соңғысының мысалы ретінде жергілікті нарыққа біртектес өнімдерді шығаратын қос заңды тұлғаның бəскелестікті жоюға əкелетін (бағаның ымыраға келуі) бағаны бірлесіп жоғарылату тура- лы мəмілесін атауға болады.

Заңи күші бар мəмілелерді жасасуға қатысты азаматтың заңи мойындалған мүмкіндігі мəмілеқабілеттілік ұғымын береді.

ҚР АК 159-бабының 3-7-тармақтарында қарастырылған жағ- дайларды қоспағанда, əрекетқабілеттілікке ие барлық азаматтар мəмілеқабілеттілігіне ие болады.

Кəмелетке толмағандардың жасына лайықты, жасай салып орын- далатын тұрмыстық ұсақ мəмiлелердi қоспағанда, 14 жасқа толмаған тұлғалар жасасқан мəмілелер орындалмауы тиіс (ҚР АК 23-бабы). Ондай жасөспірімдердің атынан олардың ата-анасы (асырап алушы- лары немесе қорғаншылары) жасайды.

14 жасқа толған кəмелетке толмағандар мəмiлелердi ата-анасының (асырап алушыларының немесе қорғаншыларының) келiсiмiмен жа- сайды. Келісім мəміле орындалып қойылғаннан кейін де берілуі мүмкін. Ондай жасөспірім кейбір мəмілелерді өзі дербес жасай алады (ҚР АК 22-бабы).

Егер 14 жасқа толған кəмелетке толмағандар мəмiлелердi ата- анасының келісімінсіз жасаса, онда ол соңғыларының талап етуі бойынша ғана жарамсыз деп танылуы мүмкін. Ал ондай талап жоқ болған ретте ол өзінің заңи күшін сақтап қалады.

ҚР АК 24-бабында кəмелет жасына толмағандар (14-18 жас аралығындағы тұлғалар) немесе кəмелет жасына толмағандардың атынан (14 жасқа дейінгі тұлғалардың атынан) жасалатын кейбір мəмілелерге ата-анасының келісімінің жеткіліксіз екендігі, қосымша мəмiле жасауға қорғаншылық жəне қамқоршылық органының алдын ала келiсiмi талап етiлетiндігі айтылады. Ондай мəмілелердің нақты түрлері заңнамамен айқындалады. Атап айтқанда, «Неке жəне отбасы туралы» ҚР Заңы.

Жүйке ауруы немесе ақыл-есiнiң кемдiгi салдарынан соттың əрекет қабілетсіз деп таныған тұлғаларының ерік білдіруі заңи күшке ие емес. Тиісінше, жасалынған мəміле де жарамсыз деп танылады (қараңыз: ҚР АК 26, 159-баптары).

Ондай мəмілелерді жарамсыз деп тану туралы мəселелерді шешу барысында сот əркетке қабілетсіз деп танылған тұлғаның мəмілені жасасу сəтіндегі психикалық жағдайын анықтамайды. ҚР АК 159- бабы басқалай болатын ретті бекітеді. Аталған тұлғалардың жəне 14 жасқа дейінгі тұлғалардың жасасқан мəмілелері, егер олар аталған тұлғалардың пайдасына жасалса, жарамды деп танылуы мүмкін.

Спирт iшiмдiктерiне жəне нашақорлыққа салыну салдарынан əрекетқабілеттілігі шектелген тұлғалар жасасқан мəмілелерді, егер аталған тұлғалардың қамқоршысының мəмілеге келісімі болмаған ретте оны жарамсыз деп тануға болады (ҚР АК 27-бабы). Бұл шек- теу жалақыға билік етуге де қолданылады. Мұндай мəмілелер қамқоршысының талап етуі бойынша ғана жарамсыз деп танылады.

ҚР АК 159-бабында сот əрекетқабiлеттiлiгi жоқ деп танымаған, тиісті жастағы тұлғаның жасасқан мəмiлесін жарамсыз деп тануы мүмкін. Өйткені тұлғаның əрекетқабілеттілігі болғанымен, мəміле қабілеттілігі жоқ яғни, іс жүзінде мəміле жасасуға қабілетсіз бо- лып табылады. Мысалы, 159-баптың 5-тармағында кейiннен əрекет қабiлеттiгi жоқ деп танылған азаматтың жасасқан мəмiлесін, егер мəмiленi жасау кезiнiң өзiнде-ақ бұл азаматтың психикалық шатасу жағдайында болғаны дəлелденсе, оның қорғаншысының талабы бойын- ша соттың мəмiленi жарамсыз деп тануы мүмкiн екендігі бекітілген. Осы баптың 7-тармағында əрекетқабiлеттiлiгi болғанымен, мəмiле жасаған кезде өз əрекеттерiнiң мəнiн түсiне алмайтын немесе өзiнiң не iстегенiн бiлмейтiн жағдайда болған азамат жасасқан мəмiленi соттың жарамсыз деп тануы мүмкiн екендігі айтылады. Мысалы, азаматтың науқастығы салдарынан уақытша өз əрекеттерінің мəнін түсіне алмауы.

Заң шығарушы егер жаңылысу мəмiлеге қатысушының өрескел бейқамдығының салдары болса не оны кəсiпкерлiк тəуекел билеген болса мəмiленi жарамсыз деп тану туралы талаптан соттарға бас тар- ту құқығын ұсынады.

ҚР АК 159-бабының 9-тармағында, егер мəміле алдау, зорлық, қорқыту ықпалымен жасалса, онда алдау, зорлық, қорқыту мəміленің жарамсыздық негіздеріне жатқызылады.

Алдау – мəміленің сипаты, мəміленің пəні немесе оның өзге де ережелері туралы қате түсінік қалыптастырып, қатысушыны мəміле жасасуға ынталандыру құралы болып табылады.

Жаңылысудан алдаудың айырмашылығы сол, алдау мəміле тура- лы қате түсінікті қасақана қалыптастыруға бағытталған акті болып табылады.

Зорлап мəміле жасату дегеніміз – мəмілеге қатысушыны мəжбүрлеп оның өзіне, не жақындарына күш қолдану немесе жан- дүниесін жаралап, оның өзіне тиімсіз мəміле жасауға көндіру болып табылады (мысалы, күш көрсету, бостандығын шектеу жəне т.б.).

Қорқыту – тұлғаға мəміле жасамаған жағдайда оның өзіне немесе жақын адамдарына дене жарақатын салумен немесе моральдік зиян келтіретіндігін ескертіп, қоқан-лоқы жасау (мысалы, бопсалау, тұлға туралы жағымсыз деректерді жариялау, мүлікті жою туралы қоқан- лоқы).

ҚР АК 159-бабының 9-тармағында басқа тарап пайдаланған жағдайларға қарағанда адам өзi үшiн мүлде тиiмсiз ауыр мəн-жайлардың салдарынан жасауға мəжбүр болған кіріптарлық мəмiленi жарамсыздық негізі ретінде қарастырған.

ҚР АК 159-бабының 10-тармағында бiр тарап өкiлiнiң екiншi та- раппен зұлымдық ниетте келiсуi нəтижесiнде жасалған мəмiленi де жарамсыздық негізі ретінде қарастырған.

ҚР АК 159-бабының 11-тармағында заңды тұлғаның жарғысын бұза отырып, жасалған не оның органының жарғылық құзыретiн бұза отырып жасаған мəмiлені, егер мəмiледегi басқа тараптың мұндай жолсыздықтар туралы бiлгенi немесе күн iлгерi бiлуге тиiс болғаны дəлелденсе, жарамсыз деп тануға болатындығы бекітілген.

ҚР АК 160-бабында егер мəмiле екiншi бiр мəмiленi (қулықпен) бүркемелеу мақсатымен жасалса, оның жарамыз деп танылатынды- ғын бекітеді. Мысалы, азамат өзге бір тұлғаға қатысты сыйға тар- ту шартын жасағысы келеді, дегенмен бұл мəмілені сатып алу-сату шарты арқылы рəсімдейді. Осы ретте, сатып алу-сату шарты (сырты) жарамсыз деп танылады, ал, сыйға тарту мəмілесі (іші) жарамды бо- лады.

Заңдық салдар туғызу ниетiн көздемей, тек көз алдау үшiн ғана жасалған жалған мəмiле жарамсыз болады.

ҚР АК 161-бабында егер мəмiленi оның жарамсыз бөлiгiн енгiзбей-ақ жасауға болар едi деп ойлау мүмкiн болса, мəмiленiң бiр бөлiгiнiң жарамсыздығы оның басқа бөлiктерiнiң жарамсыз болуына əкелiп соқтырмайтындығы сипатталады.

ҚР АК 157-бабының 2-тармағында мəмiле жарамсыздығының негiздемелерi, сондай-ақ оны жарамсыз деп тануды талап ету- ге құқығы бар адамдардың тiзбесi ҚР АК өзге де нормаларында (ҚР АК «Мəмілелер» 4-тарауын қоспағанда) сондай-ақ өзге де заң құжаттарында белгiленетіндігі айтылады.

Атап айтқанда, «Жекешелендіру туралы» ҚР Заңының 25-бабын- да жекешелендіру объектілеріне қатысты жасалынған сатып алу-са- ту шарттарын тараптардың, мүдделі тұлғалардың жəне прокурордың талап-арыздары бойынша жарамсыз деп тануға болатындығы қарастырылған.

ҚР АК 1056-бабында жасалған өсиетті жарамсыз деп тану негіз- дері қарастырылады, ал ҚР АК 846-бабында сақтандыру шарттарын жəне т.б. жарамсыз деп тануды қарастырады.



Кез келген негіз бойынша мəмілелерді жарамсыз деп тану кезінде əрбір тарап екінші тарапқа мəміле бойынша алғанының барлығын қайтаруы тиіс болады, ал заттай қайтару мүмкін болмаса, құнын ақшалай төлеуі тиіс болады (екіжақты реституция).
7-тақырып. Өкілдік жəне сенімхат . Азаматтық құқықтағы мерзімдер. Талап қою мерзімі
Өкілдік ұғымы мен түрлері, «Мəмілелерді өкілдер арқылы жасауға жол беріледі. Басқа тұл- ғаның (өкiлдiк берушiнiң) атынан бiр тұлғаның (өкiлдiң) сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не əкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлеттiгi күшiмен жасаған мəмiлесi өкiлдiк берушiнiң азаматтық құқықтары мен мiндеттерiн тiкелей туғызады, өзгертедi жəне тоқтатады», - деп ҚР АК анықталған. Сонымен бірге, өкілдік сипаты осы бапта анықталғаннан да кеңірек. Мəмілелерді жасасудан тыс, өкіл өзге де заңи іс-қимылдарды (ақшаны алу, мүлікті қабылдау, сотқа қатысу жəне т.б.) жасай алады.

Өкілдік субъектілері болып үш тұлғаны атауға болады:



өкілдік беруші – өзінің атынан жəне өзінің мүддесінде мə- мілелерді жасасатын тұлға. Азаматтық құқықтың кез келген субъек- тілері, құқыққабілеттілігі бар немесе жоқ адам, заңды тұлға да өкілдік беруші бола алады.

өкіл – өкілдік берушінің атынан жəне соның мүддесінде əрекет ететін тұлға. Азаматтық əрекетқабілеттігі бар кез келген тұлға кейбір жағдайларды қоспағанда, өкіл бола алады. Ал, заңды тұлғадағы өкілдік жарғымен айқындалған құқыққабілеттікке қайшы келмеуі тиіс. Ал, жеке тұлға 14 жастан еңбек қатынастарында бола алады, 16 жастан өндірістік кооператив мүшесі бола алады.

үшінші жақ – өкілдік берушінің атынан жəне соның мүддесінде өкілдің мəміле жасасатын тұлғасы, азамат немесе заңды тұлға. Кез келген құқыққабілеттілігі жəне əрекетқабілеттілігі бар азамат үшінші тарап бола алады.

Заңда кейбір мəмілелердің өкіл арқылы жасалмайтындығы көрсетілген, өзінің сипатына қарай міндетті түрде азаматтың өзі жеке орындауы тиіс. Мысалы, өсиет қалдыру.

Өкілдің өз өкілеттілігін өкіл берушінің атынан жəне соның пайдасына жүзеге асыруы өкілеттіліктің мəнін құрайды. Үшінші тұлғалармен болатын қатынастарға өкілдік берушінің атынан қатысу жөніндегі өкілдің субъективті құқығы өкілеттілік деп танылады. Өкiл жеке өзiне қатысты да, сонымен бiрге өзi өкiлi болып табылатын басқа адамға қатысты да өкiлдiк берушiнiң атынан мəмiлелер жасай алмайды.

Өкіл тек қана құқықтарды ғана емес, сонымен бірге міндеттерді де иеленеді. Ол жасалатын мəміленің сипаты жөніндегі өкілдік берушінің нұсқауларын қатаң сақтауы тиіс. Мəмiле жасауға уəкiлдiк берiлмеген адамның басқа адам атынан немесе өкiлеттiгiн асыра пайдаланып жасаған мəмiлесi өкiлдiк берушi осы мəмiленi кейiннен мақұлдаған ретте ғана ол үшiн азаматтық құқықтар мен мiндеттердi туғызады, өзгертедi жəне тоқтатады. Егер ол кейіннен ондай мəмілені мақұлдамаса, онда оның жағымыз салдарлары өкілетсіз əрекет еткені үшін өкілдің өзіне жүктеледі.

ҚР АК өкілдіктің туындау негіздері келесідей сипатта бекітілген: мəміле не өзге де шарттар – сенімхатты (біржақты мəміле) беру,

тапсырма шартын жасасу;

əкімшілік актілер, сот шешімдері;

Əдетте, өкілдің өкілеттілігін тексеру міндетті болып табылады. Алайда, егер өкілдің өкілеттілігі нақты жағдайдан айқын көрінетін болса, онда бұл талап етілмейді. Мысалы, сауда, тұрмыстық қызмет көрсету, қоғамдық көлікпен тасымалдау жəне т.б. салалардағы ұйымдардың қызметкерлерінің өкілеттілігі олар əрекет ететін жағдайдан айқын көрінеді.

Коммерциялық өкілдік ерікті өкілдіктің айрықша бір түрі болып табылады. Егер азамат тұрақты жəне дербес түрде кəсіпкерлердің мүдделерін шарттарды жасасу кезінде білдіретін болса, онда өкілдіктің осы түрі туындайды. Міне, осылайша, өкілдік беруші ретінде мұнда кəсіпкерлер бола алады жəне коммерциялық өкіл де кəсіпкерлік қызметті жүзеге асырады. Тараптардың арасында жазба- ша нысанда жасалатын шарт коммерциялық өкілдіктің туындау негізі болып табылады жəне онда өкілдің өкілеттіктері көрсетілуі тиіс. Егер олар онда көрсетілмесе, онда шартқа сенімхат қоса тіркелуі тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет