1-тақырып. Азаматтық құқықтың жалпы ережелері. Азаматтық құқықтық қатынастары



бет10/22
Дата27.10.2019
өлшемі291.74 Kb.
#447322
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22
Тезисы лекции

Туынды қаржы құралдардың түрлері:


  1. Опцион – оған сəйкес бiр тарап (опцион сатушысы) екiншi тарапқа (опционды сатып алушы) болашақта келiсiлген жағдайларда пəтуаласқан баға бойынша базалық актив сатып алу немесе сату құқығын сататын туынды қаржы құралы. Опционды сатушы өзiне мiндеттемелер алады, ал сатып алушы құқыққа ие болады. Опционды сатушы опционды сатып алушыға сыйлықақы деп аталатын сыйақыға опционды сатады. Опционның келiсiлген жағдайлары деп мынадай мiндеттi шарттарды келiсу түсiнiледi: базалық активтiң түрi, базалық активтiң жалпы құны (опцион жасалатын сома), базалық активтiң бағасы (страйк – опционды орындау бағасы), опционның сыйлығы, опционның мерзiмi (опционның қолданылу кезеңi), опционның түрi. Егер опционды сатып алушы өзi сатып алған құқықты iске асырса, онда опцион орындалды деп есептеледi.

  2. Своп – оған сəйкес тараптар келiсiлген шарттармен базалық

активтер немесе болашақтағы базалық активтер бойынша төлемдердi айырбастау жөнiнде пəтуаласатын туынды қаржы құралы.

  1. Форвард сатып алушы (немесе сатушы) болашақта келiсiлген шарттарда базалық активтi сатып алудың (немесе сатудың) белгiленген мерзiмi өткеннен кейiн мiндеттеменi өзiне алатын туынды қаржы құралы. Форвард ұйымдастырылмаған нарықта жасалады.

  2. Фьючерс – сатып алушы (немесе сатушы) ұйымдастырылған нарықта белгiленген стандартты шарттарға сəйкес базалық активтi сатып алудың (немесе сатудың) белгiленген мерзiмi өткеннен кейiн мiндеттеменi өзiне алатын тек ұйымдастырылған нарықта айналымға түсетiн туынды қаржы құралы.


Бағалы қағаздар – азаматтық құқықтың объектісі

Бағалы қағаз – мүлiктiк құқықты куəландыратын белгiлi бiр жазбалар мен басқа да белгiлердiң жиынтығы. (ҚР АК 129 б.)

Бағалы қағаздарға акциялар, облигациялар жəне бағалы қағаз- дардың осы Кодекспен жəне Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiмен айқындалған өзге де түрлерi жатады.

Бағалы қағаздар шығарылым нысаны бойынша:


  1. құжатты жəне құжатсыз;

  2. эмиссиялық жəне эмиссиялық емес;

  3. атаулы, ұсынбалы жəне ордерлiк;

  4. борыштық жəне үлестік бағалы қағаздар болып бөлiнедi.

Құжатты бағалы қағаздар құжатты нысанда (бағалы қағаздың мазмұнын арнаулы техникалық құралдарды пайдаланбай-ақ тiкелей оқу мүмкiндiгi болатын қағаз немесе өзге материалдық жеткiзушi) шығарылған бағалы қағаздар.

Құжатсыз бағалы қағаздар – құжатсыз нысанда (электрондық жазбалар жиынтығы түрiнде) шығарылған бағалы қағаздар.

Эмиссиялық бағалы қағаздар – бiр шығарылым шегiнде осы шығарылым үшiн бiрдей жағдай негiзiнде орналастырылатын жəне айналымда болатын, бiртектi белгiлерi мен реквизиттерi бар бағалы қағаздар.

Эмиссиялық емес бағалы қағаздар – көрсетiлген белгiлерге сəйкес келмейтiн бағалы қағаздар.

Атаулы бағалы қағаз - ол куəландырған құқықтардың онда аталған тұлғаға тиесiлiгiн растайтын бағалы қағаз.

Ұсынбалы бағалы қағаз – ол куəландырған құқықтардың баға- лы қағазды ұсынушыға тиесiлiгiн растайтын бағалы қағаз.

Ордерлiк бағалы қағаз – ол куəландырған құқықтардың онда аталған тұлғаға, ал оларға осы құқықтар басқа тұлғаға тиесiлiгiн рас- тайтын бағалы қағаз.

Борыштық бағалы қағаз – эмитенттiң (борышкердiң) осы ба- ғалы қағаздарды шығару шарттарында борыштың негiзгi сомасын төлеу жөнiндегi мiндеттемесiн куəландыратын бағалы қағаздар.

Үлестiк бағалы қағаз – Қазақстан Республикасының заңна- масында көзделген жағдайларда мүлiк иесiнiң мүлiкке белгiленген үлесiне иелiк ету құқығын куəландыратын бағалы қағаз.

Бағалы қағаздың өзi құжатты бағалы қағазға құқықты растау бо- лып табылады. Құжатты бағалы қағаздар бағалы қағаздар рыногы- ның кəсiби қатысушысына сақтауға берiлген жағдайда, оның есебiн жүргiзу мақсатында осы кəсiби қатысушы ашқан шоттан алынған үзiндi көшiрме оған берiлген лицензияға сəйкес уəкiлеттiнiң осы бағалы қағазды осылай сақтауға құқығын растау болып табылады. Құжатты бағалы қағаз бен аталған шоттан берiлген үзiндi көшiрменiң арасында алшақтық болған кезде үзiндi көшiрмеге басымдық берiледi. Бағалы қағаздар рыногының өзiне берiлген лицензияға сəйкес бағалы қағаздармен жасалған мəмiлелердi тiркеуге уəкiлеттi кəсiби қатысушысындағы бағалы қағаздың есебiн жүргiзу мақсатында ашылған шоттан үзiндi көшiрме құжатсыз бағалы қағазға құқықты

растау болып табылады.

Бағалы қағаздар рыногының кəсiби қатысушыларының бағалы қағаздардың есебiн жүргiзуге арналған шоттарды ашу жəне жүргiзу тəртiбi, сондай-ақ осындай шоттардан берiлетiн үзiндi көшiрменiң мазмұны мен ресiмделуiне қойылатын талаптар заңнамамен ай- қындалады.

ҚР АК 131-бабында бағалы қағаздарға қойылатын талаптар бекітілген. Бағалы қағаздармен куəландырылатын құқықтардың түрлерi, бағалы қағаздардың мiндеттi реквизиттерi, бағалы қағаз ны- санына талаптар жəне басқа да қажеттi талаптар заң құжаттарымен немесе соларда белгiленген тəртiп бойынша белгiленедi.

Бағалы қағаздың мiндеттi реквизиттерi болмауы немесе бағалы қағаздың ол үшiн белгiленген нысанға сəйкес келмеуi оның жарамсыз болуына əкелiп соқтырады.

Ұсынушыға бағалы қағазбен куəландырылған құқықты басқа адамға беру үшiн бағалы қағазды сол адамға тапсыру жеткiлiктi.

Атаулы бағалы қағазбен куəландырылған құқықтар талапты (цесси- яны) жеңiлдету үшiн белгiленген тəртiп бойынша берiледi. Бағалы қағаз бойынша құқық берушi бұл талапты орындау үшiн емес, тиiстi талаптың жарамсыздығы үшiн жауапты болады. Атаулы бағалы қағаз бойынша құқықтарды басқа адамға берген кезде берiлетiн қағаз жой- ылады, ал оның жаңа иесiне басқа бағалы қағаз берiледi.

Эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтар беру жəне солар бойынша құқықтарды растау ерекшелiгi Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен айқындалады.

Ордерлiк бағалы қағаз бойынша құқықтар бұл қағазға берiлгенін жазу – индоссамент арқылы берiледi. Ордерлiк бағалы қағаз бойын- ша құқық берушi адам (индоссант), жылжымайтын мүлік ипотека- сы туралы Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, құқықтың болуы үшiн ғана емес, оның жүзеге асырылуы үшiн де жауапты болады.

Бағалы қағазда жасалған индоссамент бағалы қағазбен куə- ландырылған барлық құқықтарды бағалы қағаз бойынша құқықтар берiлетiн адамға - (индоссантқа) немесе соның бұйрығына ауысты- рады. Индоссамент бланкiлiк болуы мүмкiн (орындауға тиiс адам көрсетiлмейдi).

Бағалы қағазбен куəландырылған құқықтарды жүзеге асыру, бұл құқықтарды индоссантқа бермей-ақ (сену индоссаментi) индосса- ментке тапсырумен ғана шектелуi мүмкiн. Бұл жағдайда индоссант өкiл ретiнде əрекет жасайды.

Бағалы қағазды берген адам жəне оны индоссиялаған барлық адамдар, жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы заң актілерінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, оның заңды иесiнiң ал- дында бiрге жауап бередi. Бағалы қағаздың заңды иесiнiң сондай қағазбен куəландырылған мiндеттемесiн бағалы қағаз бойынша мiндеттенгендердiң арасынан бiр немесе бiрнеше адамның орында- уы туралы талабын қанағаттандырған ретте олар бағалы қағаз бо- йынша өздерiнен бұрын мiндеттенген өзге адамдарға керi талап қою (регресс) құқығына ие болады.

Мiндеттеменiң негiзi болмауын не оның жарамсыздығын сылтау- ратып бағалы қағазбен куəландырылған мiндеттеменi орындаудан бас тартуға жол берiлмейдi.

Бағалы қағаздың жалғандығын немесе жасандылығын байқаған бағалы қағаз иесi өзiне қағазды берген адамға, бағалы қағазбен куəландырылған мiндеттеменi лайықты орындау туралы жəне за- лалдардың орнын толтыру туралы талап қоюға құқылы.

Заңсыз иеленушiнiң қолындағы бағалы қағаз бойынша құқық- тар жүзеге асырылмауға тиiс.

Жоғалған бағалы қағаз бойынша жəне ордерлiк бағалы қағаз бо- йынша ұсынушы құқығын қалпына келтiрудi iс жүргiзу заңдарында көзделген тəртiппен сот жүргiзедi.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет