1-тақырып. Қазіргі әлемдегі журналист және журналистика Дәріс жоспары: «Журналистикаға кіріспе»


Авто гректің «өзін» деген сөзінен шыққан.Авторлық құқық дегеніміз шығармаларды пайдалану тәртібін реттеуге арналған құқық рәміздердің жиынтығы



бет38/38
Дата18.09.2022
өлшемі193.42 Kb.
#460874
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
Лекция - Даурен А.

Авто гректің «өзін» деген сөзінен шыққан.Авторлық құқық дегеніміз шығармаларды пайдалану тәртібін реттеуге арналған құқық рәміздердің жиынтығы.
Авторлық құқық мақсаты, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ берілу әдісі мен нысанына қарамастан, шығармашылық еңбектің нәтижесі болып табылатын ғылым, әдебиет, өнер және публицистика туындыларына қолданылады. Авторлық құқық объектісі:
1. Жазбаша болуы мүмкін
2. Ауызша-бұл көпшілік алдында айтылған сөз
3. Үнжазба немесе бейнежазба
Ал нақты атағанда мынадай туындылар авторлық құқық объектілері болады. Әдеби туындылар, сценарийлер, дыбыс-бейнежазу туындылары, соның ішінде телетуындылар. Сонымен бірге туынды шығармалар, мәселен аудармалар мен өңделген дүниелер
Ал авторлық құқық объектісі болмайтын туындылар мыналар: ресми құжаттар, заңдар, сот шешімдері, әкімшілік және дипломатиялық мақсаттағы мәтіндер. Халық шыармашылығы туындылары, оқиғалар мен фактілер туралы ақпараттық сипаттаы хабарлар.
Авторлық құқық қызметі: авторлық шарт, авторлық қаламақы(ганарар), авторлық құқық, авторлық куәлік болып бір неше салаға бөлінеді.



  • Авторлық шарт дегеніміз автор мен немесе мүрагерлермен баспа арасындағы өзара шарт.Келісім шарт жазбаша түрде болады. Авторлық шарттың 2түрі бар:

1. Шығарманы пайдалануға беретіні туралы.
2. Авторлық рұқсатнама.
1-де автордың шығармашылығына қол тимейді, яғни өңделмейді, қортындыланбайды.
2-де радионсинировка, киноинсинировка жасау үшін автордан рұхсат сұрайды.
- Авторлық қаламақы: авторлық қаламақы мөлшерін республикалық өкмет белгілейді.Егер заңда қаламақы мөлшері белгіленбесе онда шартта көрсетілген мөлшермен төленеді.
Шығармаларды пайдалану тәртібін реттеуге арналған құқық рәсімдерінің жиынтығы пайда болады.Мысалы: автор қайтыс болса, оның шығармасы 25 жылдан кейін мемлекет қарауына өткізіледі.Автор келісімінсіз оның шығармасына өзгерістер енгізуге толықтырулар, илюстрациялар жасауға рұхсат етілмейді.

- Авторлық куәлік: бұл өнертабыс иесіне автор өзінің авторлық құқын осы куәлік арқылы қорғайды.


1996ж (ВААП) ҚР ң авторлық және сабақтас құқықтар жөнінде мемлекеттік агентік болып өзгреді.Авторды қорғайтын авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заң.
Агенттіктің міндеті, мақсаты айналып келгенде көзді, көзі жоқ қаламгерлер мен өнер адамының қаламақы, еңбекақыларын қадағалау соңғы кездегі ақын жазушылардың шығармашылығын тегін орындап сахнаға шығып жүргендер, сондай ақ компазиторлар әндерін таспаға түсіріп т.т көбейтіп кетті.Олардың біразы ұсталып авторлық құқық заңдылық арқылы шара қолданып баспасөз беттеріне жазыла бастады.
Баспасөзбен журналистік қызметтің бостандығы.
Журналистика қызмет бостандығының проблемалары. «Баспасөз бостандығы» ұранының нақты тарихи мәні. Баспасөз бостандығы – саяси бостандықтардың бірі. Баспасөз бостандығының әлеуметтік-тарихи, экономикалық және заңдық қырлары.
Баспасөз бостандығы туралы түсінік. «Қажеттілік», «жауапкершілік» және «бостандық» ұғымдарының арасындағы байланыс. Баспасөз туралы заң және баспасөз бостандығы. Баспасөз бостандығы және тәуелсіз баспасөз.
Ұйым - ең алдымен журналис­тердің кәсіби тұрғыда жан-жақты дамуына, білімін жетілдіруіне және бәсекеге қабілеттілігіне ық­пал етуді көздейді. Еркін алаң­дағы ашық пікір мен сауатты сын айту жаңа бірлестіктің негізгі бағыты болмақ. 
Халықаралық журналистер ұйымы (ағыл. International Organization of Journalists (IOJ)) – ерікті журналистердің шығармашылық бірлестігі.Ол 1945 жылдың наурыз айында өткен Бүкіләлемдік журналистер конгресінде құрылды. Ал келесі жылдың жазында Данияның астанасы Копенгагенде Халықаралық журналистер ұйымының I құрылтай конгресі өтті. Ұйымның ресми тілдері ағылшын, орыс, неміс, араб, испан, француз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет