1-тақырып. Қазіргі әлемдегі журналист және журналистика Дәріс жоспары: «Журналистикаға кіріспе»


Баспасөз бостандығы талай тарихи кезеңдерден өтті



бет32/38
Дата18.09.2022
өлшемі193.42 Kb.
#460874
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   38
Лекция - Даурен А.

Баспасөз бостандығы талай тарихи кезеңдерден өтті.
Осы мәселеге байланысты он тоғызыншы ғасырдың ортасында Батыс Европада революциялық-демократиялық көзқарас қалыптасты. Ол Карл Маркстің 1842 жылы жазған «Алтыншы Рейн ландтагында баспасөз бостандығы және сословиелік жиналыстардың хаттамасын жариялау туралы пікірталастар» мақаласынан бастау алады.
Бұған қарама-қайшы ұсынысты, яғни журналистік қызмет бостандығына кәсіпкерлік тұрғыдан қарау керек деген ұсынысты Пруссия парламентіндегі сословиелер өкілдері енгізді. Осыдан кейін баспасөз бостандығына таптық-саяси тұрғыдан қарау көзқарасы қалыптасты. Қазір баспасөз бостандығына біз нормалық-құқықтық тұрғыдан қараймыз.
Сөз бостандығын, пікір еркіндігін, көзқарас сан түрлілігін тек кеңестік тоталитарлық билік қана тұқыртып қойған жоқ. Адамзат баласына тән ондай құндылықтарға аттаныс «демократияның мызғымас қамалы» АҚШ-та да өріс алғаны мәлім. Мәселен, 1950 жылы Висконси штатынан сайланған сенатор Джозеф Раймонд Маккарти Уилинг қаласында сөз сөйлеп, Америкада коммунистердің шпиондары қаптап кетті, тіпті Мемлекеттік департаменттің өзінде олардың 200-ден астам агенттері отыр деген мәлімдеме жасады. Содан кейін «мыстан аулау» науқаны басталып кетті, мемлекеттік мекемелер, әскерилер, шығармашылық тұлғалар тексерілді, сенімсіз деп табылған адамдар жұмыстан қуылды.
Елге белгілі режиссерлер, жазушылар, сценаристер, елдің мәдени қаймағы қуғын көрді, «Голливуд ондығы» аталған дарын иелерінің кейбірі басқа мемлекетке қоныс аударды.
Дүниежүзілік баспасөз бостандығының күні 1992 жылдан бері БҰҰ-ның Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымының (ЮНЕСКО) қолдауымен және Африка елдері тәуелсіз баспасөз өкілдерінің ұсынысымен атап өтіліп келеді.
1991 жылы мамырдың 3-де Намибияның астанасы Виндхукте әлем мемлекеттері үкіметтерін баспасөз бостандығы мен демократиялығын қамтамасыз етуге шақырған «Виндхук декларациясына» қол қойылды.
БҰҰ Бас Ассамблеясының 1993 жылғы 21 желтоқсандағы шешімімен бұл дата Дүниежүзілік баспасөз бостандығы күні ретінде атап өтіледі. Декларацияда кез келген демократиялық қоғамның құрамдас бөлігі ерікті, жариялы және тәуелсіз баспасөз екендігі атап көрсетіледі. Осы күні 1986 жылы қаза болған Колумбия журналисі Гильермо Кано атындағы «Баспасөз бостандығы ісіне қосқан үлесі үшін бүкіләлемдік сыйлығы» тапсырылады, бұл – аталмыш мерекенің басты шарасы.
1997 жылы тағайындалған халықаралық сыйлық жеке адамдарға, ұйымдар мен мекемелерге беріледі. Баспасөз бостандығы күні кәсіби міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан журналистер еске алынады, олардың рухтарына тағзым етіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет