1 тақырып Кіріспе


Арбашаның бөлігімен бөлшектерін жөндеу



бет27/59
Дата19.02.2023
өлшемі4.58 Mb.
#469774
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   59
Лекция Тех.рем

Арбашаның бөлігімен бөлшектерін жөндеу.


1.Арбашалардың негізгі жарамсыздығы болып құйылған қапталды рамалары мен рессор үсті арқалықтарының үйкелген бөлшектерінің тозуы, жарықтары мен сынуы, үйкелме фрикционды планкаларының әлсіреуі, скользундер саңылауларын бұзып тастау саналады.
Фрикционды бәсендеткіш бөлшектерінен басқа, үйкеу салдарынан қарқынды тозуға тежеуіш башмагы ілмелерінің білікшелеріне арналған кронштейн саңылаулары, өлі нүкте ұстағышының кронштейні саңылаулары, көлбеу беттер мен рессор үсті арқалығының подпятниктері, көлденең скользундер бөлшектері, сондай – ақ қапталды рамаларының букстік ойықтарының бағыттаушы және тіреуіш беттері ұшырайды. Подпятниктерде вагонның бойлық білігімен сәйкес келетін білік бойындағы сыртқы бурттың ішкі беттері және тіреуіш беттері айрықша жылдам тозады. Олардың тозуының орташа қарқындылығы жылына шамамен 0,8 және 0,4 мм құрайды. Едәуір тозған кезде подпятниктер мен рессор үсті арқалықтарда салыстырмалы жылжу мен бірге соғылу және жарықтардың пайда болуына жағдай туады.
ЦНИИ –ХЗ (18-100) арбашаларының қапталды рамаларында букс және рессорлы ойықтар бұрыштарында, көлбеу, төменгі және жоғарғы поястарды, тежеуіш башмактары ілмелерінің білікшелеріне арналған үдеулерде жарықтар пайда болуы әбден ықтимал. Рессор үсті балкаларын бақылаған кезде подпятник аумағына, скользундер тіреулеріне, көлбеу беттерге және құйма саңылауларының орналасқан жеріне аса зор назар аударған жөн.
Арбашалардың қапталды рамалары мен рессор үсті арқалықтарында жарықтар бар, скользун қалпағы мен оның бұрандасы жоқ немесе сынған вагондар пайдалануға жіберілмейді.
2.Арбашалардың қапталды рамаларын жөндеу тозған, үйкелген жерлерді қалпына келтіруден және рұқсат етілетін жарықтарды пісіріп бітеуден тұрады.
Күрделі жөндеу кезінде тежеуіш башмактары ілмелерінің білікшелеріне арналған кронштейн втулкаларын 1 (5 сурет) тозық мөлшеріне қарамай ауыстырады.
Деполық жөндеу кезінде втулкалар 1 мм –ден астам тозған жағдайда ауыстыруға жатады.
Егер втулкаға арналған саңылау диаметрі 45 мм –ден асса, диаметрін 50 мм-ге дейін бұрғылап кеңейтеді, ішкі диаметрі 45 мм металл втулка қондырып, оны периметрі бойынша күйдіреді.
Букс үшін бағыттаушы беттердің тозуы 2 деполық жөндеу кезінде букс ойығының ені 4 мм –ден асырмай, күрделі жөндеу кезінде 3 мм-ден асырмай рұқсат етіледі. Ерітіп дәнекерлеу жолымен жөндеген кезде тозық басқа жаққа қарай 8 мм –ден аспауы тиіс. Тозған тіреуіш беттер 3, тозық тереңдігі 2 мм –ден астам болған кезде тіреуіш беттер үдеуінің қалған ұзындығы 0,5 мм –ден кем болмауы тиіс болған жағдайда фрезамен өңдеуге рұқсат етіледі.
Салмақ түсетін өңірлерде қандай болмасын жарық болса қапталды рамалар жарамсыз деп табылады. Жөндеудің жоспарлы түрлерінде келесідей ақауларды пісіріп дәнекерлеп жөндеуге рұқсат етіледі:
– фрикционды клиннің бағыттаушы бүртікшесінің жарығы 4 немесе оның сынықтары;
– триангель ілмелерінің кронштейніндегі жарығы 5, оның ұзындығы 32 мм–ден аспаса;
– триангель ілмесінің білікшесіне арналған тасу қабырғаларындағы ұзына бойғы жарық 6;
– фрикционды планкалары бекітілген жерлердегі құлақшалардың сынықтары, диагоналі бойынша екі құлақшадан артық сынбаса;
Букс ойығының тіреуіш беттерін 3 еріген металл құйып жөндеуге рұқсат етілмейді.
18-100 арбашалардың қапталды рамаларының деполық жөндеу кезінде рұқсат етілетін өлшемі (6 суретте) көрсетілген.
Күрделі жөндеуден шығарылған кезде М қапталды рамасының базасы 2198 мм–ден артық болмауы тиіс, букске арналған бағыттаушылар арасындағы қашықтық 341 мм–ден аспауы тиіс.
Қапталды рамасының рессор жинағына арналған ойықтар қабырғалары мен букс ойығының сыртқы жақтарының арасындағы қашықтықты фрикционды планкасын қойғанға дейін өлшейді. Олардың айырмашылығы (Н 1 мен Н 2 өлшемдері) 3 мм–ден аспауы тиіс. Айырмашылық көбірек болған кезде сәйкес келетін букс жақтары қалқығышты сызба өлшемдеріне дейін фрезер станоктарында одан әрі өңдей отырып, ерітіп дәнекерлеуге апарып соқтырады.
Қапталды рамасының базасы бағыттаушы жазықтықтың төменгі жағынан 60 мм аралықта шаблонмен өлшенеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет