Қаржылық кәсіпкерлікке сату- сатып алудың ерекше тауарлары: ақшаны валютаны, құнды қағазды яғни ақшаны тікелей және қосымша нысанда сату жатады.
Кеңес беру қызметіне:
жалпы басқару ;
әкімшілік басқару;
қаржылық қолдау;
маркетинг;
ақпаратты технология;
арнайы қызметтер жатады.
3. тақырып: Кәсіпкерліктің негізгі ұйымдастырушылық нысандары
Жеке кәсіпкерлік
Жек кәсіпкерліктің артықшылықтары мен кемшіліктері.
Лекция мақсаты:
Лекция мәтіні:
Бизнес адамзаттың кез – келген ойластырған қызметі ретінде сендіру негізінде болсын, тиісті мағынасында және заңдық негіздегі жасалуы жағдайында болсын, мемлекетпен арадағы іскерлікке қатысушылардың экономикалық қарым-қатынастары нақты ұйымдастыруды қажет етеді. Бизнесті ұйымдастырудың ең қарапайым формасы – бұл жеке іскерлік. Бұл жағдайда бизнесмен жеке тұлға ретінде кәсіпорынның фирманың мәртебесін иеленбей-ақ , өздігінен , жалғыз басты болып іс-қимыл танытады. Алайда , егер бұл қызмет бір рет қана емес кездей-соқ жүргізілмей, жүйелі түрде жүргізілетін болса, онда міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өтеді. Әрбір азаматтың, мысалы: өзінің үй іргесіндегі учаскесінде көкөніс пен гүл өсіріп, оны сатуға құқы бар. Бұндай жағдайда егер осындай жеке іскерлік белгіленген минимумнан асатын пайда әкелсе , іскер осы пайдадан салық төлеуі тиіс.
Егер жеке іскерлік қызмет белгілі бір салада жүйелі жүргізілетін болса, онда белгілі бір мерзім мен қызмет көлеміне берілетін ақылы патент алу қажеттілігі туады.
Жеке басты іскер өз шығынын өзі толық көтереді және өз қызметінің нәтижелері үшін өзі жауап беріп, бастаған ісін кез-келген уақытта тоқтата алады. Жеке іскерлік қызметтің тағы бір түрі жеке кәсіпорын , фирма , шаруа (фермерлік) қожалығы болып табылады. Бизнестің мұндай формасындағы мекеме құру құқы кез-келген азаматта бар.
Халық шаруашылығында жұмыс істейтін кәсіпорын ұйымдық-құқықтық құрылысы, масштабы, қызмет ауқымы тұрғысынан әр түрл іболып келеді. Құқықтық және өндірістік тұрғыдан алғанда олар жекелеген топтармен түрлерге бөлінеді.
Шаруашылық серіктестігіне қатысушылардың кәсіпорын басқару ісіне, табысты бөлуге араласуына және оны жойған жағдайда алашақтары бар тұлғалар мен есеп айырысып болғаннан кейін қалған мүлікті заттай немесе ақшалай түрінде қайтарып алуына құқылары бар. Сонымен бірге серіктестікке қатысушылар өздерінің біріккен кәсіпорын алдында құрылтайлық құжаттардың талаптарын, жарналарды салымдарды дер кезінде және толық беруге коммерциялық құпияны сақтауға және тағы басқа талаптарды булжытпай орындау жөнінен белгілі бір міндеттемелер алады. Серіктестікке қатысушылар мүліктік жауапкершілігінің дәрежесіне қарай толық және командиттік болып келеді
4. тақырып: Ұжымдық кәсіпкерліктің негізгі нысандары
Достарыңызбен бөлісу: |